«Өрлеу» біліктілік артыру ұлттық орталығы АҚ филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілгін арттыру институты Конференция



Дата05.06.2017
өлшемі56,63 Kb.
#17750
«Өрлеу» біліктілік артыру ұлттық орталығы АҚ филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілгін арттыру институты

Конференция:

Қазіргі білім беру жүйесіндегі функционалдық сауаттылық: дәстүрлер мен инновациялар.



Тақырыбы:

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологиялардың тиімді қолдану жолдары



Баяндамашы:

Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.С.Искалиева

Секция 3

Орал қаласы 2014 ж

Әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалану  білім берудегі ең  маңызды әдістерінің бірі болып табылатына көзім жетті. Осы технологиялар арқылы оқушылар сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау қабілеттерің дамыта отырып, тұжырымдыу, пайымдау, дәлелдеу, салыстыру дағдыларын  дамыта алдым. Сондықтан  осы тақырыпта жинақтаған іс-тәжірибеммен бөліспекпін.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі ол өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді.

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) болып табылады. Бірақ, мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, білім беру технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек. Өйткені, ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығыболып табылады.

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. Баланың оқуға деген ынтасы төмендеп бара жатқан казіргі кезде мұғалімдерге оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.

Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Мектептегі технологияларға мыналар жатады: Теледидар бағдарламалары, сандық теледидар; интернет / WWW; интербелсенді тақта; ұялы телефон; ұтқыр қондырғылар; компьютер/ ноутбук т.б.

Мұғалім сабақтың тақырыбына сай мақсатын айқын құрып, негізгі мәселені бөле көрсетуі, материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуын қадағалап отыру керек. Сабақта ақпараттық-коммуникативтік технолгияларды қолдану арқылы оқушылардың құнды идеялар беруін қадағалап, үнемі жаңалықтар енгізіп отыру тиіс.

Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, балалар салыстыруға, өз ойларын сол тақырыпқа сай жеткізе білуге итермелеу керек. Рольдік ойындар пайдалану, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады.

Ақпараттық технология арқылы біз сабақтарды түрлендіріп, жаңаша ұйымдастыра алуға мүмкіндік туып отыр. Мысалы әр сабақтың басында тұсау кесер өткізуім. Бұл міндетті түрде тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсету арқылы балардың сабаққа деген уәжін көтеріп, белсенділігін арттыру.  Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – оқушы өзін белсенді және еркін ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге мүмкіндік береді.
    Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы өткізу өте тиімді және қызықты. Мысалы мен сабағымда кез келген жазушыны өтіп жатып, оқушыларға гиперссылка жасау арқылы қосымша материал іздеуге дағдыландырудамын. Ұтымдылығы, оқушылардың қызығушылықтарының оянуы соншалық, деңгейі төмен шәкірттерінің өзі орындай бастайды. Сонымен қатар интернет желісіне қосылған компьютер арқылы сабақ өткізу, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология – оқу  орындарында білім жетілдіруші құрал, иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.

Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды орындатуға болады:



  • Тақырыпқа байланысты көрген бейнежазбаға өз ойын білдіру; диалог, монолог құру; сурет арқылы ойын жеткізу;

  •  Компьютер экранына сөйлемдер жазылады. Ол сөйлемдер белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз дәптерлеріне жазу керек;

  • Аудиожазба тыңдағаннан кейін қандай  ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы?  екенін топпен талқылап, мазмұндайды;

  • Мәтінді тыңдатып, бір біріне сұрақ қояды. өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады;

  • Мәтіннің басын тыңдатып, аяғын өздері құрастырып, аяқтайды;

  •  Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келетінін табу; т.б

Қорыта келгенде оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден–бір шарты.

Әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей.

2. Фазылова Р.Л. Проект на уроках немецкого языка \Иностранный язык в школе.-1999.- №.3

3. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.



4. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан   мектебі, №2, 2000.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет