Бағалау критерийі:
Табиғат туралы мақал-мәтелдерді біліп, мағынасын түсіндіре алады;
Туған жердің жануарлары мен өсімдіктерін, қазба байлықтарын біледі, ерекшелігін анықтайды;
Логикалық ойлай алады,табиғат аясын ластамаудың өзіндік әдістерін ұсына алады;
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану, математика, экология, қазақ тілі мен әдебиеті, технология, химия, биология, өмір қауіпсіздік негіздері.
Құндылықтарды игерту: «Мәгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары бойынша 3 құндылық «Зайырлы қоғам және жоғарғы руханият» және 7 «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы» құндылығына сәйкес.
Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.
Сабақ барысы Мұғалімнің кіріспе сөзі. (Сабаққа психологиялық көңіл-күй, оқушылар алдын-ала 3 топқа бөлініп отырған)
Бейне ролик тамшалау.(бұнда Жер ғаламшарында қандай жағдайларға байланысты тіршіліктің, яғни су, ауа, топырақ, температура, тіршілік иелері сияқты жағдайлардың қалыптасу себептерін түсіндіреді) (videoplayback)
Мұғалім оқушыларға сұрақтар қоя отырып бейнероликтен алған әсерлері мен білімдерін анықтайды.
Жерге жылу мен жарық қайдан келеді? (Күннен)
Жердегі тіршілік көздеріне не жатады? (Су, ауа,топырақ, темперетура)
Олардың жер бетінде пайда болуына не әсер етті?(Күннен қашықтығы)
Қазіргі адамдар қанша жыл бұрын пайда болған? (200 000жыл)
Мақсаты:оқу материалының игерілу деңгейін тексеру, проблемалар проблемалады анықтау және оларды түзету.