«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ-ның «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, тренер Кайрова Тамара Куангалиевна
Атырау облысы Махамбет ауданы Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебі, география пәні мұғалімі Курмашева Шынар Насипкалиевна Жер шары адамзатқа ата-бабасынан мұраға қалған жоқ, Ол оны келешек ұрпақтан қарызға алды. Экзюпери. «Туған жер» бағдарламасы Отанға деген рационалды және эмоционалды қатынасты біріктіруге бағытталған. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікке бағытталған патриотизм мәдени-генетикалық кодтың негізі болып табылады. Бағдарлама негізгі 3 бағыт бойынша жүйелі жұмысты талап етеді:
Бірінші бағыт – өлкетану жұмыстары;Екінші бағыт – табысқа жеткен өкілдер мен ауылдық мекендерден шыққандардың(бизнесмен, шенеунік, жастар және т.б.)көмегімен аумақтарды инфрақұрылымдық қолдау;Үшінші бағыт – жергілікті биліктің бірлескен жұмысы, демеушілік көмекті қолдау мен тетіктерінің оңтайлы түрін іздеу,
Өлкетану білімі біржақты этнографиялық аспектіні ғана емес, сонымен бірге ірі ағартушылық жұмысқа негізделіп, жергілікті жердің географиясын, фольклорын, мифологиясын зерттеуді талап етеді. Өлкетану білімін ұйымдастыруды жүзеге асыруда жалпы білім беру мектептеріне сүйенері сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатында білім беру мекемелерінде «Өлкетану» курстары бекітіліп берілді.
Мақсаты – оқушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, табиғи және басқа да факторлар туралы білімдерін қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу. География, Қазақстан тарихы, биология пәндері сабақтарында алынған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету өлкетану курсының басты міндеттері болып табылады. Оқушыларға экологиялық білім география сабақтарының ажырамас бөлшегі. Экологиялық білім беру және ағарту ісі-дүние жүзі халықтарының қоршаған ортаға ұқыптылықпен және сезімталдықпен қарым-қатынас жасау жөніндегі дәстүрлерін құрайтын мәңгілік ұғымдар мен құндылықтар. Біз бірегей табиғат аясында өмір сүріп келеміз, сондықтан қазіргі кезде елімізде жерді, көлдерді, жайылымдар мен ормандарды бабаларымыз бен немерелерімізге жақсы күйде жеткізу міндеті алға қойылып отыр. «Туған жер. Туған ел. Туған глобал»республикалық жобасының «Табиғат бесігі» бағыты бойынша өз тәжірибемнен төмендегі сабақ жоспарын ұсынып отырмын.