топ. Дала зонасының географиялық орны, климаты, ішкі сулары, топырағын анықта. топ. Шөлейт зонасының географиялық орны, климаты, ішкі сулары, топырағын анықта. топ.
1)Шөл зонасының географиялық орны, климаты, ішкі сулары, топырағын, шөлдің түрлерін анықта. Топ басшылары бағалау парақтарына жинаған балдарын жазады. (Әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдық жүйемен)
Бағалау парағын таратады. Үй тапсырмасы бойынша дайындалған тапсырмаларды тақтаға шығарады.
Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар дайындаған слайдтарды интерактивті тақтада жариялауға бағыт береді.
3)«Жергілікті жердің табиғаты» шығармашылық жұмысты жариялау.
1 топ. Атыраудың географиялық орны,климатымен таныстырады.
2 топ. Атыраудың ішкі суларымен таныстырады.
3 топ. Атыраудың экологиялық жағдайымен таныстырады.
4 топ. Атыраудың тарихы мен бүгінгі тынысы жайлы слайд көрсетеді.
Әр топтың топбасшылары бағалау парақтарына белгілеп отырады.
Мұғалім оқушыларға дайындалған тақырыптарын баяндауына бағыт береді.
Топ басшыларына оқушылардың еңбегін бағалау парағына белгілеп отыруды тапсырады.
Практикалық жұмыс тапсырмалары.
Тапсырма бойынша:
4 топтағы әр оқушы кескін картаға Қазақстанның табиғат зоналарын, Атырау қаласын атласты пайдалана отырып белгілейді. Тапсырма бойынша:
Табиғат кешендері компоненттерінің байланысын көрсететін кесте құрастырады.
Тақтадағы Қазақстанның физикалық картасына назар аударуларын сұрайды. Оқығандарын қалай қабылданғанын, жинаған ақпараттарды жүйелеп, кескін картаға Қазақстанның табиғат зоналарын түсіруге, табиғат кешендері компоненттерінің байланысуын көрсететін кесте құруға тапсырма береді.
Әр топтың топбасшылары бағалау парақтарын толтыруды аяқтайды, оқушылардың жинаған балдары бойынша қойған бағаларын айтады.