Сабақтың тақырыбы: Еуразияның ішкі сулары



бет1/2
Дата01.06.2017
өлшемі0,87 Mb.
#17393
түріСабақ
  1   2
МИРЗАБЕКОВА УЛПАН ОРАЗБЕКОВНА

Оңтүстік Қазақстан облысы

Кентау қаласы

Тұрар Рысқұлов атындағы

24 жалпы орта мектеп


География пәні

Сыныбы: 7 «Д»

Сабақтың тақырыбы: Еуразияның ішкі сулары

Сабақтың мақсаты: Еуразия материгінің ішкі сулары және Атлант мұхиты алабына құятын өзендері туралы оқушыларға мағлұмат беру.

Табыс критерилері:

  • Ішкі немесе құрлық сулары туралы ақпарат алу

  • Атлант мұхиты алабына құятын өзендерді анықтау

  • Батпақтар мен көпжылдық тоңдардың, жер асты суларының тіршілік иелеріне пайдасы туралы білу

Оқыту нәтижелері : Еуразияның ішкі және құрлық суларының Атлан мұхиты алабына құятын өзендерін картадан анықтай алады және де батпақтардың, көпжылдық тоңдардың, жер асты суларының адам өміріне пайдасы туралы біле бастайды.

Дерек көздер: «Материктер мен мұхиттар географиясы» 7 сынып оқулығы, Алматы «Атамұра» 2012 жыл (84-88 б.)

Көрнекіліктер: таратпа материалдар, слайд, суреттер, стикер, маркер, флипчарт

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру, Топқа бөлу, «Кубизм» әдісі, «Ыстық орындық» әдісі, «Фишбон» әдісі, кескін кртамен жұмыс, географиялық диктант. Топта өзара бағалау әдісі, Рефлексия, кері байланыс орнату.




Жоспар мазмұны

Уақыт өлшемі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

1

І. Кіріспе

Ұйымдастыру сәті

Оқушылар-мен сәлемдесу, оқушылар-ды түгелдеу.


3 мин

Өзеннің атаулары бойынша әріптер қиындыларымен топқа бөлу.

Оқушылар қорапшадағы әріптерді алып, өзен атауларын жинақтап, топқа бөлінеді.

Топқа бөліну жаңа сабақпен байланысын табады.

2


Үй тапсырмасын сұрау


6 мин

«Ыстық орындық» стратегиясын пайдалана отырып, үй тапсырмасына байланысты әр топ ыстық орындықта отырған оқушыға сұрақтар қояды, оқушы жауап береді

Оқушы ыстық орындықта отырып үй тапсырмасына байланысты берілген сұрақтарға жауап береді, басқа топ оқушылары сұрақ қояды. Осылай ша әр топ оқушылары ыстық орындыққа ауысып отырады.

Үй тапсырмасын пысықтап алу

3



Негізгі бөлім (жаңа сабақ)


4 мин

Оқушылардың СТО-на байланысты жаңа сабаққа байланысты топқа сурет беріледі..

Оқушылар суретті көре отырып, жаңа тақырыппен үйлесімі туралы сыни тұрғыдай ойларын айтады және де жаңа тақырыпты ашады .

Оқушыларды сыни тұрғыда ойлай білуге, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға үйренеді.

8 мин

Кубизм әдісі арқылы оқушыларға оқулықтағы жаңа тақырыптың мәтінін бөліп береді.

Оқушылар Еуразия материгінің ішкі сулары, өзен торы, Атлант мұхиты алабына құятын өзендер туралы, қазіргі заманғы мұз басу, көпжылдық тоң, батпақтар және де жер асты сулары туралы өздері оқып, білімдерін жинақтайды.

Еуразияның қазіргі заманғы мұз басу, көпжылдық тоң, батпақтар және де жер асты суларының адам өміріне пайдасы мен зиянын, Атлант мұхиты алабына құятын өзендерді ажырата бастайды.

14 мин

«Фишбон» әдісі

Әр топ оқушылары балықтың қаңқасын салып оған сұрақтар жазып, басқа топ оқушылары жауап беріп, оқушылардың өздері тексеріп, қорғап бағалайды

Оқушы ақпаратты тереңінен меңгере отырып, дұрыс сұрақ құрастыра білуге ұмтылады.

3 мин


Кескін картамен жұмыс

Оқушылар кескін картаға Еуразия материгінің Атлант мұхиты алабына құятын өзендерін түсіреді.

Кескін картамен жұмыс жүргізу барысында оқушылар Атлант мұхиты алабына құятын өзендердің атауын әрі географиялық орнын біле бастайды

4


Қорытынды бөлім

Сабақты бекіту.

3 мин

Географиялық диктант алынады.

Жаңа тақырыптан түсінгенін географиялық диктантты орындау барысында дәлелдейді әрі жазба жұмысы жүргізіледі.

Географиялық диктанны орындай отырып, жаңадан алған білімінің қорытындылайды.

5

Бағалау

2 мин

Формативті және суммативті бағалау

Оқушылардың алған бағаларын күнделікке қою.

6

Үйге тапсырма беру

1 мин

§ 20 Еуразияның ішкі сулары

84 – бет


Оқушы үй тапсырмасын күнделікке жазып алады

7

Рефлекция

1 мин

ББҮ стратегиясы арқылы кері

Оқушылар ББҮ кестесін толтыру арқылы өздерінің ой пікірлерін жазады


МИРЗАБЕКОВА УЛПАН ОРАЗБЕКОВНА


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет