Өзге ғаламшарлықтар:
Қашан да Жер-Ананың бақыты үшін,
Адамзат! Ойлана біл, жауаптысың.
Өз үйің, өз тағдырың деп біл оны,
Кешіксең, кешірмейді уақыт құсың.
Бөлінбе, ақсың ба сен сарысың ба,
Қара түс, әлде әсілі қоңырсың ба.
Бәріңде бір атаның ұлысыңдар,
Таралған кең әлемнің қонысында.
Батырмай шаң-тозаңға ай нұрыңды,
Қадірлеп табиғаттай байлығыңды.
Күтіңдер әрбір тасын, әр бұтасын,
Елжіреп сүйгеніңдей бауырыңды.
Жол бермей соғысқұмар залымдарға,
Бірігіп, тізе қосып дабыл қаға.
Аялап бейбіт күннің нұр шуағын,
Табын сен, асыраушы Жер-Анаңа.
Құпия карта бекеттерінің тапсырмалары. Онда 3 бекет бар- «Мақал-мәтел құрастыр»; «Өз өлкеңді білесің бе?»; «Экоесеп»;
Әр бекетте өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар бар.
№1 бекет «Мақал – мәтел құрастыр»
1.Кеспе қағаздардағы сөздер арқылы мақалдар құрастыру.
2.Бір мақалға толық түсінік беру.
«Судың да сұрауы бар»
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бір ағаш кессең – он тал ек»
«Заманына қарай заңы,торғайына қарай аңы»
«Жайылым болмаса мал азады, қайырым болмаса жан азады.»
«Орман көп болса – кеспе, сирек болса – қорға,
жоқ болса – өзің ек»
«Орманда бір адам – із қалдырар, жүз адам – жол қалдырар, мың адам – шөл қалдырар»
«Көлдің көркі – құрақ, таудың көркі – бұлақ»
«Диқан екенін жейді, жылқы тепкенін жейді»
№2 бекет «Өз өлкеңді білесің бе ?» викторина
Жергілікті жердің табиғаты туралы сұрақтар.Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын табу.әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.
Виктарина 3 бағыт бойынша өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |