«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚбаи-ның «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс



бет6/9
Дата06.02.2022
өлшемі44,54 Kb.
#75644
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мұғалім:
- Қазағымның өз планетасын Анаға теңеп, Жер-Ана деп дәріптеуі қандай көрегендік. Көкті шарлап, ғарышты меңгерсе де адамзатқа Жерден артық мекен жоқ. «Адамға табын, Жер, енді» деу күпірлік. Әркім де өз жерін қадірлеп, күтіп-баптауға, сақтауға тиіс. Біз жерде өткізетін қамшының сабындай қысқа ғұмырымыздың сұлулығын сезіну үшін Жаратушымыздан қоршаған әлемдей, оның асқар таулары, өзен-көлдері, қалың ну ормандары, тұлпар тұяғын тоздыратын қыраттары, қарқынды және тынық өзендері, көгілдір және жұлдызды аспаны түрінде сый алдық.
-Олай болса Адамзат өкілдері ортақ үйіміз Жерді өзімізге қалдыру үшін болашақта тек қана игі істермен айналысып, білімді-парсатты болуға ант етеміз ба?
Оқушылар: АНТ етеміз!
Мұғалім:
-Өзге ғаламшарлықтың айтуы бойынша біздің жерімізде қоқыс өте көп екен. Қоқысты жою және қайта өңдеу қазіргі өркенинттің ең басты проблемасы. Мен сіздерге «Сәби тілі» ойыны арқылы қоқыс қандай материалдардан тұратынын жасырамын. Кім тез табады қол көтерейік.
1.Ол далада ұзақ жатады, сондықтан оны әр жерге лақтыруға болмайды.
2.Оны өртесең қара түтін шығады, иісі жаман.
3.Оның түстері әр түрлі болады.
4.Одан жасалған заттар жеңіл болады.
5.Біздің көп заттарымыз одан жасалған .
Жауабы: пластмасса
Пластмасса ыдырау үшін – бірнеше жүздеген жыл керек. Ол табиғатқа топырақ пен судан газ алмасуға кедергі келтіреді, улы заттар бөліп зиян келтіреді. Оны жұтып, жеген жан – жануар үлкен зардап шегеді. Бұндай материалдарды қоқыс алаңында өртеуге тыйым салынған.



  1. Оны Қытайда ойлап тапқан.

  2. Одан көп қоқыс шығарады.

  3. Ол тез жанып кетеді.

  4. Бізде оны ағаштан жасайды.

  5. Көбінесе оған сурет салады және жазады.

Жауабы: қағаз
Қағаз – табиғи материал. Бірақ оны бояған бояуда улы заттар болады. Ыдырау уақыты – 2-3 жыл, оны залалсындандыру әдісі өртеу, әрине аз көлемде. Азық-түлік бар жерде оны мүлдем өртеуге болмайды. Диоксин секілді улы зат пайда болады.



  1. Оны құмнан жасайды.

  2. Оны Қатты қыздырса, ол қамыр секілді созылады.

  3. Ол жатқан даладар мен орман алқаптарында от шығуы мүмкін.

  4. Көбінесе олар мөлдір болады.

жауабы: Әйнек.
Әйнек-өзен құмы, сода және әктасты балқыту арқылы жасалады. Оны дайындау үшін көп қуат қажет. Сондықтан ескісін қайта өңдеген тиімді. Еуропа елдерінде әйнектен жасалған қалдықтар түстеріне сәйкес бөлініп тапсырылады.



  1. Бұл зат ескерген кезде немесе сынған кезде болады.

  2. Бұны кез-келген жерден көруге болады, қала, дала, жол жиегі.

  3. Оны тапсырып ақша алуға болады.

  4. Одан жаңадан бір нәрсе жасап шығаруға болады.

жауабы:Металл сынықтары
Алюминииден жасаған банка (алюминий) қалпына келмейтін ресурсқа жатады. Пайдалы қазбалардың ішінде өндірісі көп шығынды қажет етеді. Қайта өңдеу 20 есе арзан түседі. Қалаларда түсті метеал қалдықтарын қабылдайтын пункттер көп.
Міне пластмасса,әйнек, металл, қағаз қоршаған ортаны ластаушылар. Ең көп тарағаны пластик.
Әзірге адамзат қоқысты залалсыздандырудың үш типін ойлап тапты. Қоқыс алаңдарын ұйымдастыру, өртеу, қайта пайдалану, өңдеу. Дегенмен орлардың ешқайсысыда қолайлы болып тұрған жоқ.
Қайта өңдеу – қазба байлықтарды үнемдеу үшін таптырмайтын жол болсада, бірқатар кедергілер бар.
Біріншіден, қоқыстарды бөлу: қағаз, темір, әйнек, пластик бөлек-бөлек жинау керек. Қазіргі таңда біздің еліміздіңде қалаларында бөлек контейнерлер пайда бола бастады.
Екіншіден, зауыт құрлысы мен оған қатты қалдықтарды жеткізу.
Үшіншіден, қалдықтар сапалы өнім шығару үшін өте қолайсыз. Мысалы: макулатурадан сапасы төмен қағаз шығады, одан орайтын және жазатын қағаздар шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет