«Жануарлар әлемі»
«Аумақ өсімдіктері»
«Табиғат байлықтары»
«Жануарлар әлемі»
Шөл далада қандай жануарлар қауіпті ?
(өрмекші тәрізділер, шаян тәрізділер)
Шаяндар қайда қыс тайды ?
(өзен жағасындағы індерде)
Түйенің өркеші неден тұрады ?
(майдан)
Суда да, құрлықта да өмір сүретін ?
(бақа)
Жануарлар үшін ең қорқаныштысы аштық па әлде суық па ?
(аштық)
Қай жануар ұшады ?
(жарқанат)
Кімдер көзін ашып ұйық тайды ?
(балықтар)
Қандай жануардың тісі өмір бойы өседі ?
(үй қоян)
Жылқының қай аяғы ұзын ?
(бәрі бірдей)
Қандай жанурлар жарты жыл азықсыз жүре алады?
(борсық, кірпі, жарқанат)
«Табиғат байлықтары»
1.Жер қойнауын өндіретін сұйық отын, оны бұрын тау майы деп атаған ?
(мұнай)
2.Көрінбейтін отын ?
(газ)
3.Біздің үйімізге газ қалай келіп тұр?
(мұнай өндіретін кәсіпорындардың құбыры арқылы)
4.Газдың иісі шықса не істеу керек?
(есік, терезені ашу керек, шырпы жақпау, шамды сөндірмеу немесе жақпау, 04 соғу)
5.Қандай отын өте ежелгі және кез келген жерде бар?
(ағаш)
6.Ағаштан басқа отын түрі болмаса қандай қауіп төнеді?
( жер шөлге айналады)
7.Ғасырларға атау болған металдар
(темір, мыс, алтын)
8.Батпақта пайда болатын борпылдақ, жұмсақ жанғыш зат?
(торф)
9.Қандай өнеркәсіптік маңызы бар пайдалы қазба дүние жүзінің бірақ жері Индер ауданынан табылған?
(борат)
«Аумақ өсімдіктері»
1.Біздің аумақта қандай өсімдіктер тараған?
(мортық, шытыр, алабота, жыңғыл, тал, қара ағаш, адыраспан т.б)
2.Біздің өлкеде өсетін өсімдіктер мен жануарлар атымен аталатын адам есімі?
(Қарлығаш, Құралай, Қаршыға, Марал, Алма, Бағлан, Қарақат, Жауқазын т.б)
3.Бау бақшада қандай тіршілік иелері болу керек?
(торғай, бақа, инелік, жарқанат, қанқызы, мысық)
4.Қандай өсімдіктің жапырағы жасыл күйінде түседі?
(сирень)
5.Саңырауқұлақты ағаштың қай жағынан іздеу керек?
(солтүстік)
6.Қандай ағаштың жапырағы күзде қызарады?
(үйеңкі)
7.Қай өсімдік бас-жүйке ауруларына ем, одан кәдімгі сабын дайындаған?
(адыраспан)
8.Жайық бойында өседі, жапырағы мен қабығы пайдалы заттарға толы, қан тоқтату, қызу түсіру және несеп айдағыш ретінде пйдаланады.
(ақ тал)
9.Қандай өсімдіктер мал азықтық болып келеді?
(Жоңышқа, қоға, қамыс)
№3 бекет «Экоесеп»
« Жағдаятты болжауға арналған»
1.Ерте көктемде өсетін, гүлдейтін өсімдіктерді жұлу , жою табиғатқа қандай зардап әкеледі?
( мал азығы азаяды, жәндіктерді азайтады, жаңбыр топырақты шайып кетеді)
2.Орманда ағаштарды отап кесу мен белсенді аңшылық, үкілер мен қырғилардың азаюына әкеп соқтырды. Бірақ кемірушілер көбейіп кетті. Орманда ауру құстар көбейді, өсімдіктер азайды, құстардың әдемі дауысы азайды, орманнан сән кетті. Қандай экологиялық проблема орыналды?
(Қоректік тібек бұзылды, экобаланс бұзылды)
3.Орман-тоғайдағы шөптесін өсімдіктер өте нәзік, тез сынып өліп қалады, одан кейін олар гүлдеп жеміс бере алмайды. Егер қала тұрғындары ерте көктемде көбірек табиғат аясында түрлі масаттармен орман тоғайды таптаса қанадай көрініс белең алады?
(сол өсімдіктермен қоректенетін жануарлар,құстар түрі азаяды, сол жерлер су мен желмен шайылады)
«Пайдалы кеңестер аукционы». Топ мүшелеріне белгілі бір қатты қалдық ұсынылады. Олар оны қалай көбірек пайдалануға болатын көптеген тәсілдерді ауызша ұсыну керек.
«Қалдықты қызыққа айналдыр»
Қатты қалдықты (пластике, қағаз, целлофан т.б) ойыншыққа айналдырып, оны ортада таныстыру.
Рефлексия
Мақсаты: Оқушылардың өз тәртіптеріне рефлексия жасауды мобильдендіру (мотивация, әрекет тәсілдері, қарым-қатынас).
Оқушылар стикерге мына сұрақтарға жауап жазады:
1. Маған сабақта не ұнады. 2. Маған немен жұмыс істеу керек? 3. Смайл арқылы өзінің көңіл-күйін бейнелейді және стикерді күн бейнесіндегі тақтаға жапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |