Тақырыбы: 8 - наурыз – аналар, арулар мерекесіне арналған сынып сағаты
Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әндер, суреттер. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
2 - жүргізуші:Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
1 - жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.
2 - жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.
1 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.
2 - жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурыз – аналар, арулар мерекесіне арналған сынып сағатын ашық деп жариялаймыз! Барлық өнеріміз аналарға, ұстаздарға және сыныбымыздағы аруларға арналады.
1 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
1 - оқушы:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
2 - оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
3 - оқушы:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
4 - оқушы:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
5 - оқушы:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
6 - оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
7 - оқушы:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
2 - жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ұлдарымыздың орындауындағы «Ай Дидарлы Анашым» әнін, қабыл алыңыздар.
Темірлан, Олжас, Елжан
2 - жүргізуші: Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, – дей отырып, ендігі кезекті ойынға берейік.
Крокодил ойыны Алтынбек, Азамат, Алидар, Олжас 1 - жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі ғасырдың биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте ұлдардың биін қабыл алыңыздар!
Темірлан, Азамат 2 - жүргізуші: Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп кезекті көрініске береміз.
Көрініс «Дүниеде не қымбат?»
Ануардыңсөзі: -
Жалғас деймін, Жалғас,
Сұрақ қойғым келеді саған.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым саған:
Дүниеде не қымбат?
Жалғастың сөзі:
- Иә, десеңші
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар саған
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Жалғастың сөзі:
- Сұрай ғой, Не сұрасаң да жауап берейін.
Ануардың сөзі:
- дүниеде не тәтті?
Жалғастың сөзі:
Ананың сүті тәтті.
Ануардың сөзі:
- Дүниеде не қатты?
Жалғастың сөзі:
- Атаның жүрегі қатты.
сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылшы болса - апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарындасың.
Ануардың сөзі:
- Түсіндім, «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!
2 - жүргізуші: Ойын «Жылы сөздер». Біздің сыныбымыздың арулары өз есімдерінің бастапқы әріптерінен басталатындай ұстаздарға, аналарына арнап жылы сөздер айтады.
1 - жүргізуші: Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен,
2 - жүргізуші: Ардақты, аналар, ұстаздар мен арулар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
1 - жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!