Шолпан би ансамблі 1- жүргізуші: Алмас



Дата10.09.2022
өлшемі22,72 Kb.
#149147
Байланысты:
8 наурыз сценарий


Шолпан би ансамблі
1- жүргізуші: Алмас 
Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махабатпен шапағатты шашып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық аталуының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да, құрметті аяулы аналар, ұстаздар! Біздің бүгінгі сіздерге арнап отырған «Әлемнің асылы – сұлулар» атты концертімізге қош келдіңіздер! 
2- жүргізуші: Дастан
Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз..Бүгінгі келіп жеткен сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күні, аналар күні, қыздарымыздың төл мерекесі құтты болсын!
1- жүргізуші: Алмас 
Аналарым, әжелерім ақ маңдай, 
Сүйсіндіріп, ағарып таң атқандай. 
Бар табиғат құлпырып-ақ кетіпті, 
Сұлулыққа басын иіп жатқандай. 
2- жүргізуші: Дастан
Па, шіркін! Қандай өлең, арнадың, 
Өлеңіңді өлеңіме жалғадым. 
Мың сұлудың алдындамыз қарашы, 
Бар ма, айтшы, бүгін сенің арманың 
1- жүргізуші: Алмас 
Бүгінгі күн - бір ерекше нұрын төгіп бар дүние дүр сілкіне ұйқысынан оянғандай, көктемнің алғашқы шуағын аялап, аналарды, қыздарды шабытқа бөлеп, құттықтап тұрғандай. Ендеше мерекелік кешіміздің құттықтау сөзі гимназия директоры Абылай Армияұлына беріледі


2-жүргізуші: Дастан
Ән: Сахнада мектебіміздің күміс көмей, жез таңдай әншісі, жігіттің сұлтаны *********************** қарсы алыңыздар! 
1- жүргізуші: Алмас
Гимназия оқушыларының мерекеге арналған тартуын қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Дастан
Әлемнің жарығын, 
Сыйладың сен маған...
Сахнада *************************** әнін қабыл алыңыздар!
1- жүргізуші: Алмас
Көктемменен құлпырып, 
Жүректерге нұр тұнып. 
Қайта жарды бүршігін, 
Бәйшешектер бұлқынып. 
Би: Сахнада Шолпан би ансамблі
2-жүргізуші: Дастан
Мерекесі асылдың, 
Мерейін ал асырдым. 
Сұлулары әлемнің, 
Сұлулары ғасырдың. 

1- жүргізуші: Алмас
Сіздерге шын жүректен бақыт және сұлулық тілейміз. Қартаймаңыздар. Мәңгі жасыл шыршадай құлпырып қасымызда жүре беріңіздер! 
2-жүргізуші: Дастан
Әжелерім, аналарым, ұстаздарым, еңбектеріңіз жемісті болсын. Әрбір отбасының ұйытқысы, бір қолмен бесікті, бір қолмен әлемді тербетіп жүре беріңіздер! Тағы да мерекелеріңізбен!
Хормен: Келесі күнде жолыққанша сау болыңыздар! 


Аслан
Ана!!!!
Сен деген
Ең ұлы адамсың.
Жеңбеген
Ешбір мұң, тәмам сын.
Мұң түгіл, қайғы да енбеген,
Тек бақыт лайық қамалсың.
Сен деген
Ең көркем әйелсің жердегі.
Тең бе еді?
Қылығың – жұлдыздың ермегі.
Ғажайып ән-күйдің өзі де,
Жетпейді күлкіге сендегі.
Сен деген
Мейірім бағысың.
Зердеде,
Ақылды айтпасам тағы сын.
Сабырды сап-сары сақтайсың,
Жүректің жайлатып қағысын.
Сен деген,
Өмірдің мәнісің,
Тербеген
Көңілдің шәлісін.
Періште кейпіңде күлесің,
Перзенттің пайымдап әр ісін.
Ана!
Сен деген ең ұлы Адамсың!!!
Алмас
«Ана, сен.., жыламағын…»
Бесігімде-ақ шырқадың жұмақ-əнін.
Сол əн мəңгі кеудемде ұялайды
Көкірегімнен шыққанша бұла жаным.
Отан — Ана… Мен үшін Анам — Отан!
Сол отанға көңілімді паналатам!
Барлық ана бақытты болса екен деп,
Қара түнді қақ тіліп бара жатам…
Дастан
Бар ғой сендей бір ғана асыл адам,
Сол арқылы осы өмірге бастың қадам.
Іштей біліп тұрғаныңды сезіп тұрмын,
Сол асыл адам сенің анаң.

Ақ сүт беріп өсірді анам мені,
Ұмытпаспын анашым енді сені.
Мен саған әрдайым басымды ием,
Білдіремін үлкен алғыс саған енді.
5-сынып
1-оқушы
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.

2-оқушы
Тілегімнің бастауы да бір өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.

3-оқушы
Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы, қартаймашы ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.

4-оқушы
Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі! ...



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет