Кейс-тапсырмалардың түрлері
Кейс-тапсырмалар әртүрлі негіздер бойынша жіктеледі.
Күрделілік деңгейі бойынша және қойылған мақсаттарға
байланысты кейстер келесі түрлерге бөлінеді:
1.
иллюстрациялық оқу жағдаяттары, оның мақсаты: студенттерді белгілі
бір жағдайларда дұрыс шешім қабылдау алгоритміне үйрету;
2.
проблемасы құрылған оқу жағдаяттары – нақты уақыт кезеңіндегі,
нақты проблемаларды тұжырымдай отырып сипатталады, мұндай кейстің
мақсаты - аталған мәселе бойынша жағдайды диагностикалау және дербес
шешім қабылдау;
3.
проблемасы құрылмағанан оқу жағдаяттары - алдыңғы нұсқаға
қарағанда жағдай неғұрлым күрделі сипатталатын, проблема нақты
анықталмаған, тек статистикалық деректер және т. б. ұсынылған, мұндай
кейстің мақсаты: проблеманы өз бетінше анықтау, қолда бар ресурстарға
талдау жасай отырып, оны шешудің балама жолдарын көрсету;
4.
қолданбалы жаттығулар – онда нақты қалыптасқан жағдай сипатталған,
одан шығу жолдарын табу ұсынылады, мұндай кейстің мақсаты -
проблеманы шешу жолдарын іздеу.
Достарыңызбен бөлісу: |