Құрылымы бойынша
кейстер
мынандай түрлерге бөлінеді:
Құрылымдалған кейстер
- highly structured case) - нақты сандар мен
деректер бар жағдайды қысқа және дәл баяндау. Кейстердің мұндай түрінде
бірнеше дұрыс жауаптар ұсынылады. Олар белгілі бір білім саласында
білімді және/немесе бір формуланы, дағдыны, әдістемені қолдана білуді
бағалауға арналған.
Құрылымдалмаған кейстер
(unstructured cases) - көп мәліметтері бар
материал болып табылады және ойлау стилі мен жылдамдығын бағалауға, ең
бастысы қосалқы және белгілі бір салада жұмыс істеу дағдыларынан
ажыратуға арналған. Олар үшін жауаптардың бірнеше дұрыс нұсқасы
ұсынылады және әдетте стандартты емес шешімді табу ұсыну қажет болады.
Алғаш ашылған кейстер
(ground breaking cases) - өте қысқа және ұзақ
болуы да мүмкін. Мұндай кейстің шешімін бақылау адамның стандартты
емес ойлай алатындығын, ол берілген уақытта қанша креативті идеяларды
ұсына алатындығын көруге мүмкіндік береді. Егер топтық шешім болса, онда
ол бөгденің ойын таңдай ала ма, оны дамытып, іс жүзінде қолдана алады ма?
Достарыңызбен бөлісу: |