Кейс-тапсырманы талдауды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар
Кейс мәтінімен студенттерді таныстыру және кейсті ары қарай талдау
студенттердің өзіндік жұмысы ретінде алдын ала (талқылаудан бірнеше күн
бұрын) жүзеге асырылуы мүмкін. Шағын кейстерді талқылау оқу процесіне
енгізілуі мүмкін және студенттер олармен тікелей сабақтарда таныса алады.
Талдау кезеңінде кейспен жұмыстың жалпы схемасы мынадай түрде
ұсынылуы мүмкін: бірінші кезекте кейстің негізгі мәселелерін анықтау және
ұсынылған деректердің қайсысы шешу үшін маңызды екенін түсіну қажет;
кейстің ситуациялық контекстіне кіру, оның басты әрекет етуші тұлғалары
кім екенін анықтау, талдау үшін қажетті ақпаратты таңдау, тапсырманы
шешу кезінде қандай қиындықтар туындауы мүмкін екенін түсіну. Еер
студенттер кейстермен алдын ала танысу кезінде оларды талдаудың жүйелі
тәсілін ұстанатын болса, сонда кейстермен жұмыс істеу анағұрлым пайдалы
болмақ, ал сол жүйелі тәсілдің негізгі қадамдары:
1. Оқу пәнінің тиісті бөлімдерінен кейсті талдау кезінде қолданылатын
теориялық концепциялар мен тәсілдерді жазып алыңыз.
2. Көз жүгіртіп, ол туралы жалпы түсінік қалыптастыру үшін кейсті
оқыңыз.
3. Кейсті шешуге ұсынылған сұрақтарды мұқият оқыңыз және сіз
оларды жақсы түсінгеніңізге көз жеткізіңіз.
4. Қойылған сұрақтарға қатысты барлық факторларды немесе
мәселелерді мұқият жазып, кейстің мәтінін қайта оқыңыз.
5. Қандай идеялар мен тұжырымдамалар кейспен жұмыс істеу кезінде
қарастыру ұсынылатын проблемаларға сәйкес келетінін ойлаңыз.
Кейстерді талдауда табысты жетістікке жету үшін бірқатар қағидаларды
ұстану керек: дәріс курсы барысында алынған білімді пайдаланыңыз; бар
ақпаратпен танысу үшін кейсті мұқият оқыңыз, қорытынды жасауға
асықпаңыз; болжамдарды фактілермен араластырмаңыз. Кейске жазбаша
талдау жүргізу кезіндегі оған қойылатын негізгі талап – ол қысқа болуы
шарт.
Кейс стади әдісін қолданатын сабақтарда білім алушыларды 4-5
адамнан тұратын шағын топтарға бөлу.
Олар:
1.Сарапшы – әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Сарапшының
міндет шағын топтарға қатысып отырған білм алушылардың жауаптарын
қорытындылау. Керек болған жағдайда, кеес беру. Білім алушылардың
жауаптарының дұрыстығы не бұрыстығы сарапшыға тексертеді.
24
2.Жол сілтеуші – бұл-тапсырманы басқалардан ерте орындайтын,
әдетте сабаққа белсенді араласатын білім алушы. Ол басқалары жауап таба
алмай жатқанда, дұрыс жолды айтады.
3.Баяндаушы – бұл тапсырмада берілген мәтін не басқа жағдаяттарға
еніп, басқа білім алушыларға түсіндіреді. Өзі ойнап тұрған образдың жүрісін,
қимылын, ым-ишрасын айнытпай салу арқылы дұрыс жолды сілтейді.
Мысалы, доп жайлы жұмбақ жасырылғанда, доптың келбетін салу керек
және т.б.
4.Қарсы сұрақ қоюшы – бір білім алушы екіншісінің айтқан
пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға басқа білім алушылар
жауап берулері қажет. Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге
үйретеді.
Кейс сабақтарында берілетін тапсырмалар білім алушыларды
қызықтыруға, олардың диалогттік және монологтік сөйлеу дағдыларын
жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталы тиіс.
Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда
білім алушы – өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін
субъект болып табылады. Оқытушы сабақта тек бағыт-бағдар беруші
қызметін атқарады. Кейс технологиясында білім алушылар санына қарай
бірнеше шағын топтарға бөлінеді. Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің
пікірін дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |