37
Жүзеге асырылуы
Өнімі
дағдылар
Жобаның түрлері
Жобалардың алуан түрлілігі типологиялық белгілері бойынша
төмендегідей жіктелуі мүмкін:
Зерттеушілік жобалар
Жобаның бұл түрі теориялық немесе практикалық маңызы бар,
ғылыми жаңалығы бар білімді алу болып табылады. Оқу үрдісіндегі
зерттеушілік жоба кез-келген пән бойынша жүргізіледі. Бұл жобалар
толығымен зерттеу логикасына бағынатын және нақты құрылымы бар,
шынайы ғылыми зерттеулерге жақындатылған немесе толық сәйкес келетін
жоба түрі. Жобаның бұл түрі тақырып; проблеманы тұжырымдау, нысан
мен зерттеу пәнін анықтауды, зерттеу мақсаттарын және онымен
байланысты міндеттерді қою; белгіленген проблеманы шешу гипотезасын,
зерттеу әдістерінің сипаттамасы (теориялық және эмпирикалық); зерттеу
нәтижелерін талқылау және рәсімдеу, тұжырымдар; жаңа зерттеу
мәселелерін; сырттай бағалауды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: