Орман жолақтарын санап түгендеу және толықтыру
Екпелерді отырғызу жұмыстарынан кейін, өдетте отырғызылған екпелердің барлығы толық жерсіне алмайды. Олардың біреулері отырғызылғаннан кейін бірінші жылы-аң курайды. Отырғызылғын екпелердің курау себебін Топырақты дұрыс дайындамау, сапасы төмен материалдар, агротехникалың күтімдердің уақытында жүргізілмеуі және т.б. жатады.
Екпелерді санау жұмыстары оның өмірсүргіштік процентін анықтау жыл сайын вегетациялық кезең аяғында, ал жетілген екпелерді түгендеу орман құру жұмыстары кезінде орындалады.
Екпелердің өмірсүргішті оларды жалпы байңаудан басталады. Орман жолақтары аумақтарында ағаштардың біркелі өспеген жағдайында, көз мөлшермен салыстырмалы түрде біркелі учаскелерге бөледі. Олардың шекараларын орман жолақтарының карта-схемасына түсіреді. Өсімдіктердің өмірсүргіштігін өте дөл есептеу үшін әрбір учаске шегінде баңылау аландарын салады. Орман жолақтарының аумағы 3 га-ға дейін болса, бақылау аландарының размері оның 5%-ін, 4-5 га-да - 4%, 6-дан 10-ға дейін - 3% және 10 га-дан жоғары - 2%. Бақылау алаңында сакталып қалған және кураған өсімдіктердің жалпы санын аныңтайды. Бақылау алаңының ені орман жолақтарының жалпы еніне тең болуы тиіс. Әрбір орман жолақтарына есептік түгендеу тізімі жасалып, бөлінген үңсас учаскелер бойынша өсімдіктердің орташа өмірсүргіштік проценті анықталады. Осыған байланысты өсімдіктердің курап ңалған жерлерінде екпелерді толыңтыру жоспарланып, жүргізіледі. Отырғызу орындарында өсіп тұрған өсімдіктер - 85-90% болса, олардың өмірсүргішті жоғары деп саналады. Бұл жағдайларда екпелердің 50%-дан астамы жоң болса, онда ондай орман жолақтарын толыңтырмайды, оларды курап жойылды деп санап, қайта отырғызу қажет. Екпелерді толықтыру, өдетте жоғары сапалы екпе материалын күрекпен отырғызу арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |