«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе



бет37/39
Дата14.12.2021
өлшемі168,77 Kb.
#126924
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar
!1-СОР Алгебра 8 классс каз (1), Отсканированные документы, Документ (1), Научный стиль , Жылуалмасу аппараттары туралы жалпы м лімет, Дәріс 12.Термомеханикалық зерттеу әдісі., 64537
«Орман мелиорациясы» пәні

33-35 тәжірибелік сабақтар



Құмдар туралы түсінік
Тау жаныстарының желге мүжілуі нәтижесінде және су ағындары әсерінен қалыптасқан бір-бірімен нашар байланысңан шегінділерді құмдар деп атайды. Құмдар размаерлері 0,001 мм-ден 3 мм-ге дейінгі әртүрлі минерал бөліктерінен тұрады. Ондағы ұсаң топырақтар, яғни 0,001 мм-ден төмен бөліктер 10 % -дан аспауы қажет. Құмдарды жылжымалы және ағаш өсімдіктерінің аз өсуі, жел әсерімен оның жылжығышты арқылы ерекшеленеді. Құмдардың біртіндеп шөптесін және ағаш өсімдіктерімен басылуы нәтижесінде олар бекиді. Бекітілген ңұмдарға толыраң қабаты қалыптасып, біртіндеп ңұм топырақтарына айналады. Құмдар мен қүмды топырақтар органикалық заттардың аз мөлшерімен ерекшеленіп, желмен жеңіл үшырылады, тағы да шаңды дауылдардың көзі болып саналады. Бірақ құмдар және құмды топырақтардың пайдалы жақтары да бар. Оларға қолайлы су режимі, суды жақсы өткізгіштігі және шайылуға өте беріктігі, жылулығы және ауа режимі жатады. Сондықтан ңұмдар мен қүмды топырақтарды бекітсе және тиімді пайдаланаса, шаруашылықта бағалы жарамды жерлерге айналдыруға болады.

Қазақстан жерінде құмды шөлдер аумақтары 40 млн га-ға жуық, олардың ең көп аумақтарын Қызылқұм, Мойынқүм және Валқаш маңындығы қүмдар алып жатыр (Никитин, 1976).



Құмдарды кластарға бөлу олардың шығу тегі (генезисі), жер бетіндегі пішіні, өсімдіктермен жабылу дәрежесі, мивералдық, химиялық және механикалық қүрамы бойынша жүргізіледі.

В.А. Бодров (1961) шығу тегі бойынша құмдардың 5 негізгі генетикалық типтерін бөледі:

1) теңіз және көл қүмдары мүхит, теңіз және көл жагалауларында пайда болады. Олар жақсы жуылғандығы, лайланған бөлшектердің аздығы және жоғары дәрежедегі тұздылығымен ерекшеленеді.

Толқындар құмдарды жағалауға шығарса, жел материкке тереңдетіп ұшырып әкеледі. Осы құмдарда олардың жылжығыштығы мен құрамындағы түздардан орман өсіру қиындайды;

2) өзендердегі қазіргі құмдар өзендердің бірінші жайылма терассаларында пайда болады. Олар эрозиялық процестер нәтижесінде жасалады. Су арнада көп болған кезде құм бөлшектері жайылмаға шығарылады, ал су түскен кездерде олар жел әсерімен жылжымалы құмдарға айналады. Өзен құмдарының құнарлығы төмен болғандыңтан ағаш тұқымдастарының өсуі үшін қолайсыз болып келеді;

3) Флювиогляциялық құмдар мүздықтардың еруі кезінде пайда болған. Олардың құрамдары қабат-қабат болып келеді, оған мұздықтардың біресе еріп, бірде қайта басуы себеп болған. Ал олардың құрамында саздың, ұсақ жүмыр тастардың (галька), домалақ тастардың (валун), көп мөлшері бар;

4) ежелгі аллювиальдық құмдар мұз басу кезеңінен кейінгі су ағындарының іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болған. Олардың құрамындағы саз балшықтың көп мөлшері
ірі өзендердің екінші және үшінші терассаларын жабады. Мындаған жылдар бойы бұл құмдар шөптесін және ағаш өсімдіктерімен жабылып, оларда топырақтың қалың қабаты пайда болды;

5) золдық құмдар алғашқы (тау жыныстарының желге бұзылуы нәтижесінде) және екінші мәрте (басқа генетикалық типті құмдарды ұшыру нәтижесінде) пайда болады. Құмдар жел әсерінен көшіп, жер бедерінің өзіндік пішіндерін қалыптастырады. Теңіз және көлдер жағаларында құм төбелері (дюн), шөлде - бархандар, далалы жерлерде -адылдар (кучугура) пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет