«Орман мелиорациясы» пәні
№5-6 тәжірибелік сабақтар
Қазақстанның орман мелиоративті аймақтары
Негізінде Қазақстанда 5 аймақ 15 аймақшаларымен бар. Сілтісіздірілген кәдімгі қара топырақ аймағы. Осы аймақ 2 аймақшадан тұрады:
Солтүстік ылғалы шалғынды дала. Осы аймақша Қазақстанның ең солтүстік аумағында орналасқан. Омбы темір жолынан жоғары (Батыс Сібір айпатының жалғасы), жер бедері тегіс: батыс жағында ойпаттар кездеседі топырағы шалғын қара топырақ. Механикалық құрамы топырақтың негізінде орташа әлде ауыр сазды (Аққайын шоқтары) ГТК – 11-12 осы көрсеткіш аймақты жеткілікті ылғалы зонаға жатқызады t абс.макс +40°, абс.мин -44°. Жауын – шашыны -300 – 330мм. Негізгі жел бағыты – СШ, жазда ОБ. Қуаңшылық күні – 34 күн.
Екінші аймақшасы солтүстік Көкшетау жеткілікті ылғалы шалғынды дала, қалған солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысының солтүстік шығысы, батыс жақтың бедері азғын толқынды тегіс, шығысы самарқаның жерлеріне шекарас келеді. Топырағы кәдімгі қара топырақ, жарым – жартылай карбонаты, сортаң комплекстер кездеседі, механикалық құрамы бойынша орташа және ауыр сазданады. ГТК – 0,9 – 1,2, t макс +42°, t мин -45°. Жауын – шашыны 250-300 мм.
Оңтүстік қара топырақ аймағы. Ол екі аймақшадан тұрады:
Аймақшасы жіңішке жолақ ретінде Қостанай облысында оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа созылған. Жер бедері толқынды тегіс, жабындысы әр-түрлі шалғын шөптер өседі, топырағы оңтүстік қара топырақ ⅓ бөлігі сортаң. Механикалық құрамы әр-түрлі құмдауыттан ауыр саздаутыға барады. Климаты жеткілікті құрғақшыл. ГТК – 0,7 – 1, t макс +41°,t мин -47°. Жауын – шашыны 250 – 300 мм. Жел режимі Бірінші аймақтың, екінші аймақшасына т сәйкес келеді. Тек жазда негізгі жел С және Ш соғады. Танап қорғаныс ормандардан басқа, эрозияға қарсы тұратын ормандарды өсіреді.
Аймақшасы шығыс жеткілікті құрғақшыл, ол Көкшетаудың оңтүстігін, Астана және Павлодар облысының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері толқынды тегіс, кейбір жерлерде Сары-Арқа жерлері орналасқан, топырағы оңтүстік азгумусты қара топырақ жарым-жартылай сортаңды және карбонаты. Механикалық құрамы орташа және ауыр құмдауты. ГТК – 0,8-1,0, tмакс +42°, t мин -46°. Жауын – шашыны 250-300мм. Қуаңшылық күндері 60-90 күн.
Орал – Ақтөбе қуаңшылық аймақшасы. Орал – Ақтөбе облыстарының солтүстік жерлерінде орналасқан. Орал облысы жері тегіс, ал Ақтөбе облысы толқындылығымен сипатталынады. Топырағы негізінде қара – қоңыр кей жерлерінде сортаң, ақтөбе облысында аз гумусты оңтүстік қара топырағы кездеседі. Механикалық құрамы жеңіл құмдауты, климаты қуаңшылық. ГТК – 0,5-0,9, tмакс +45°,t мин -48°. Жауын – шашыны 200-250мм. Жел бағыты ауысып тұрады, тұрақты бір бағыттан жел соқпайды. Танап қорғайтын орман жолақтардан басқа жыралар және су қорғаныш ормандарды пайдаланады.
Орталық Қазақстанның қуаңшылық жері Қостанай, Астана және Павлодар облыстарының оңтүстігі және Қарағанды облысының солтүстігінде орналасқан. Қара – қоңыр топырағы өте сортаң және карбонат келеді. Механикалық құрамы әр-түрлі құмдыдан ауыр сазды құмдаутыға дейін. ГТК – 0,6-0,8, tмакс +42°,t мин -46°. Жауын – шашыны 200-250мм. Негізінде СШ және О жел соғады, Қуаңшылық күндері 25 жетіде жылынады.
Шығыс Ертіс қуаңшылық жері. Ертістің оң жағы қарағай бар. Жер бедері толқынды, тегіс келеді. Жерлері оңтүстікте төмпешікті құмдар. Топырағы қара – қоңыр. Механикалық құрамы орташа саздауыт және құмдауыт. Жел эрозиясы жиі болады. ГТК – 0,5-0,7, tмакс + 41°, t мин - 46°. Жауын – шашыны 200-240мм.
Ашық – қоңыр топырақ аумағы. 4 аймақшалардан тұрады:
Батыс Қазақстан шұғыл қуаңшылық жері Орал облысының батыс бөлігі. Прикаспиий ойпатында орналасқан жер бедері тегіс. Қоңыр топырағы сортаң және сор жерлерімен комплексте. Механикалық құрамы шаңды саздауыт. Климаты шұғыл қуаңшылық. ГТК – 0,4-0,5, tмакс + 44°,t мин - 39°. Жауын – шашыны 200 – 230мм. Негізгі жел бағыты СШ және ОБ. Мал шаруашылығы жақсы дамыған. Орман мелиорациясы жайылым қорғауға бағытталған.
Орал – Ақтөбе шұғыл континентальды жерлер жатады. Орал облысының шығыс райондары, Ақтөбе облысының батыс бөлігін және Торғай жерлері жатады. Жер бедері шоқты көтерінкі тегіс. Топырағы ашық-қоңыр кейбір жерлерде сортаңдалған. ГТК – 0,3-0,4, tмакс +43°, t мин - 44°. Жел Сш және ОБ бағытьтан негізінде басымды келеді. Жайылым қорғайтын орман жолақтарда ұйымдастырылғаны жөн.
Сары су шұғыл қуаңшылық жер, оған Жезқазғанның солтүстігі, Қарағандының ооңтүстігі, Семейдің орталығы жатады. Климаты шұғыл континентальды. ГТк – 0,2-0,3. Жайылым қорғаныш орман жолақтарды отырғызады.
Зайсан шұғыл қуаңшылық жері жатады. Шығыс Қазақстанның оңтүстігі және Семей облысының батыс бөлігі, Зайсан даласы. Ашық – қоңыр аз сортанған топырақ. Жайылымдар.
Шөлейтті жерлердегі қоңыр және сұр топырақ аймағы. Аймақ өте кең орналасқан. Маңғышлақтан бастап Шығыс Қазақстанға шейін созылады. Сор, сортаң құмды жерлер жатады. ГТК – 0,1.
Достарыңызбен бөлісу: |