Эрозияның зияндылығы.
Эрозия топыраққа, алатын өнімге және қоршаған ортаға жан жақты теріс әсерін тигізеді. Атап айтқанда, топырақтың беткі, ең құнарлы қарашірінділі қабатынан өте көп мөлшерде өсімдіктерге керек қоректік элементтер жоғалады; топырақтың су физикалық қасиеті күрт нашарлайды, ылғалдың шығыны артады; эрозияға шалдыққан топырақта тұнба ( мм кіші бөлшектер) және саз фракциялары азаяды, керісінше, механикалық ірі элементтер, әсіресе құмдақ фракциялар көбейеді, нәтижесінде топырақтың құрылымы болмауы және топырақ сусымалы құмға айналуы мүмкін; өзендер, каналдар, су қоймаларының саяздануы байқалады; пайда болатын сай жыралар егіс алқабының пішінін өзгертіп, техниканы тиімді пайдалануға кедергі жасайды; алынатын өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетеді және басқа да зияндар келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |