«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе



бет31/39
Дата14.12.2021
өлшемі168,77 Kb.
#126924
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar
!1-СОР Алгебра 8 классс каз (1), Отсканированные документы, Документ (1), Научный стиль , Жылуалмасу аппараттары туралы жалпы м лімет, Дәріс 12.Термомеханикалық зерттеу әдісі., 64537
«Орман мелиорациясы» пәні

24-26 тәжірибелік сабақтар



Қорғаныс орман жолақтарын өсіру үшін арналған жерлерде топырақты дайындау әдістері
Әрбір топырақ және климат аймағында топырақтарды дайындаудың басты мақсаты - ағаш пен бұта тұқымдастарының тамыр жүйелерінің жақсы өсуі мен дамуы үшін жақсы жағдайларды қамтамасыз етіп, жақсы су-қорек режимін жасау болып табылады. Ағаш тұқымдастарды жақсы дайындалған топырақтарда тез өседі, екпелерді толықтыру мен агротехникалық күтімдерге шығындар азаяды.

Орман жолақтары үшін топырақ қара немесе ерте пар жүйесі бойынша дайындалады. Қара пар жүйесі біртіндеп жүргізілетін топырақ дайындаудың келесі төсілдерін қарастырады: негізгі жер жыртуға дейін 10-12 күн қалғанда дискілік топырақ қопсытушылар және тегістеуіштермен аңыздарды қопсыту; 25-27 см-лік тереңдікте қайырмасы бар соқалармен доңғалақ катоктары бірге сүйрете отырып күзгі жер жырту; қыс кезінде 2-3 рет қар тоқтату; көктем-жаз кезінде культиваторлар және тегістеуіштермен 3-4 рет жаппай топырақты өңдеу; қайырмасы жоқ соқалармен немесе жұмсартқыштармен 35-40 см тереңдікте күзгі жер айдау.

Ерте пар жүйесі келесі жұмыс түрлерінен тұрады: 25-26 см-лік тереңдікте қайырмасы бар соқалармен қатар, доңғалақ катоктарды сүйретіп, мамыр айында жер жырту; жаз кезінде топырақты культиваторлар және тегістеуіштермен 3 рет өңдеу; топырақтарды 35-40 см-лік тереңдікте қайырмасы жоқ соқалармен немесе жұмсартқыштармен күзде жырту.

Қазақтың орман шаруашылығы мен агроорман мелиорациясының ғылыми-зерттеу институты қорғаныш орман екпелері үшін топырақтарты қара немесе ерте пар жүйесі бойынша дайындауды, бірақ әдеттегі күзгі қайта жер жыртуды 50-60 см-лік тереңдіктегі плантаждық жыртумен алмастыруды ұсынады («плантаждық пар»). Топырақты осылай дайындау әдеттегі пармен салыстырғанда ылғалдың көп сақталуына (15-30%), топырақтардың тұздылығын төмендетіп, ең бастысы, тығыз карбонат қабаттарын бұзады. Нәтижесінде ағаш өсімдіктері тамыр жүйелерінің тез өсуіне қолайлы жағдайлар жасалады.

Осыған сәйкес, топырақтардың түрі мен механикалық құрамына байланысты оны өңдеудің келесідей мерзімдері мен тәсілдері ұсынылады:

-кәдімгі ауыр сазды қара топырақтарда негізгі жер жырту қайырмасы бар соқалармен 25-26 см-лік тереңдікте күзде жүргізіледі; көктем-жаз мерзімінде культиваторлар немесе тегістеуіштермен топырақтарды 3-4 рет айдап, күзде 45-50 см-лік тереңдікте плантажды соқамен қайта жырту;

-кәдімгі орташа сазды қара топырақтарда және орташа ауыр сазды оңтүстік қара топырақтарда негізгі жер жырту көктемде плантажды соқамен 45-50 см-лік тереңдікте жүргізіледі. Жер жыртылғаннан кейін бірден дискілік қопсытқыштармен топырақты тегістеп, жаз кезінде топырақ культиватор немесе тегістеуіштермен 2-3 рет өнделеді;

- орташа - және ауыр сазды қара-қоңыр топырақтарда негізгі жер жырту күзде дәнді дақылдар жиналғаннан соң, қайырмасы бар соқалармен 25-27 см-лік терендікте жүргізіледі. Көктемгі-жазғы кезеңде топырақ культиваторлар немесе тегістеуіштермен 3 рет өнделеді. Күзде топырақ 40-45 см-лік тереңдікке плантаждық соқамен немесе 40-см-ге дейін жұмсартқыштармен қопсытылады;



- қара қоңыр, құмдауыт және құмды топырақтарда көктемде топырақ 27 см-ге дейін тереңдікте қопсытқышпен өңделіп, жаз кезінде - тегістеуішпен 3 рет тегістеліп, күзде -қайырмасы жоқ соқамен 50 см-лік тереңдікте қайта айдалып немесе 40 см-ге дейін тереңдікте қопсытқышпен қопсытылады.
Барлық учаскелерде міндетті түрде қар тоқтату жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет