«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе



бет32/39
Дата14.12.2021
өлшемі168,77 Kb.
#126924
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar

Орман жолақтарын отырғызу

Орман жолақтарын өсірудің ең жақсы мерзімі - көктем. Егер күз ылғалды және жылы болса, онда күзде де екпелердің өмір сүргіштік деңгейі жоғары болады. Өсімдіктер аязға дейін тамыр жүйелерін бекітіп, жел мен аяз әсеріне қарсы төзе алады. Қысы қатал аудандарда күзде екпелер отырғызудан аулақ болған жөн. Қылқанды тұқымдастар көктемде отырғызылады.

Көктемгі екпелерді дәнді дақылдар себуден ерте, 5-7 күн ішінде, бүршік жарғанға дейін аяқтау қажет. Орман жолақтары көшеттерді немесе қалемшелерді (терек, тал) отырғызу арқылы өсіріледі.

1-2 жылдық тамыр жүйелері жақсы дамыған көп шашақты ұзындығы 25-27 см-ден кем емес ағаш және бұта көшеттерін питомниктен күзде немесе көктемде, ал қылқандыларды (кәдімгі қарай, майқарағай) көктемде қазып алады. Қазылған көшеттерді топырақтан ажыратып, сорттайды, 100 данасын бір байламға байлап, уақытша топыраққа көмеді немесе отырғызылатын жерге тасиды. Тасымалдау кезінде көшеттер тамырын батпақты сумен немесе ағаш үйінділерімен жауып, сыртынан сабан немесе березентпен қымтайды.



Орман жолақтары қалемшелер арқылы суармалы жерлерде, ойпаңдарда немесе ылғалы мол жерлерде ғана отырғызылады. Ол үшін вегетативтік бүршіктері жақсы дамыған қалемшелерді жоғары кесіліміндегі диаметрі 0,5-1,0 см, ұзындығы 25-27 см-ге тең қылып бөледі.

Кейбір жағдайларда қорғаныш орман жолақтарын биіктігі 1,5-3 метрлік 3-5 жасар ірі отырғызу материалдарынан өсіреді. Әдетте теректің, қайыңның, карағаштың, шағанның, үйеңкінің жөке ағашының ірі көшеттерін қолданады.

Орман жолақтары үшін дайындалған учаскелерде көктемде тырмалау жүргізіліп, ал топырақтары нығыздау жерлерде культиватормен өңделеді. Орман жолақтарын отырғызу үшін СЛЧ - 1, СЛН - 1, СЛН- 2, СНН - 1, СШН - 3 машиналары, ал суармалы жерлерде - СПУ - 1, ал ірі көшеттер үшін - СПЛК -1 және ЛПА -2 машиналары қолданылады. Орман жолағын, 2-3 отырғызу машиналарынан тұратын агрегаттың 1-2 айналуы шегінде отырғызады. Отырғызу кезінде өсімдіктерді топырақ қоймалжыңы салынған ыдыста ұстайды. Көшеттерді отырғызу кезінде, тамырлардың сынбауын, бұралмауын байқап, олардың толық. жабылуын қадағалау қажет. Тамырлар топырақпен тығыз басылады. Механикалық, құрамы бойынша ауыр топырақтарда тамыр мойны топыраққа 3-5 см-ге, жел ұшырып кету қауіпі бар қалемшелерін тігінен отырғызып, топыраққа толың кіргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет