1.13 Орманның қорғаушы қасиеттері
Іс жүзінде орманның барлығында қорғаушы қаситтер бар. Олар органикалық заттардың көбеюіне қатысады, ауаны от тегімен толықтырады, судың ағуын реттейді, климат пен ауа – райына әсер етеді, су көздері мен топырақты қорғайды. Сондықтан, орманды табиғи және қолдан жасалған деп арнайы бөледі, олардың мелиоративтік және қоршаған ортаны қалыптастыру мағынасы зор. Орманның бұл қаситтерін әр түрлі объектілерді қорғауға қолданады, біріншіден қолайсыз табиғи және антропогендік әсерлерден ауыл шаруашылық жерлерін. Ормандардың қорғаушы – мелиоративтік, яғни әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мағынасы, кейбір жағдайларда шаруашылық, яғни ағаш алу, құндылығын асып түседі. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес біздің Республикамызда орманды былай топтастырады: орман су күзету, егіс – топырақ қорғау, гендік, санитарлық – гигиеналық, сауықтыру.Су күзету ормандары өзендер мен басқа су айдындарын батпақтанудан және жағалары бұзылудан қорғайды.Бұл ормандар су жиналатын аймақтардың микроклиматы мен гидрологиялық тәртібін жақсартады, суларды ластанудан сақтайды, өзендердің суға толы болуын қамтамасыз етеді, суды жер бетімен ағып кетуді азайтады, балықтардың уылдырық шашуын жақсартады ж.т.б.
Егіс – топырақ қорғау ормадары, негізінде, эрозияға қарсы орман екпе ағаштары. Олар топырақ қорғайтын суыртпақ, ықтырма, орман алқабы ретінде топырақты шәйуден, ұшудан сақтау үшін жасалады. Әр түрлі табиғи аймақтарда қолдан жасалған екпе ағаштар жергілікті гидрологиялық және климаттық жағдайларды жақсартып ауыл шаруашылық егістіктерін қуаңшылықтан, аңызақтардан және шаңды дауылдардан сақтайды. Нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылатады.
Санитарлық – гигиеналық және сауықтыру ормандары құрамына қалалық отырғылар, ірі тұрғын кешендері мен өндіріс өнеркәсіптерінің аймағындағы жасыл алқаптар ормандары, курорттық ормандар ж.т.б. кіреді. Ол ормандар объектілерді қолайсыз желдерден, қармен тозаң басудан, шудан қорғайды. Олар ауаны озон және фитонцидтермен байытады, оны газдар мен шаңнан тазартады, халықтың денсалығын жақсартып, дем алу орны болады. Курорттарды санитарлық күзету аймағындағы ормандық алқаптар, табиғи емдеу ландшафттарын ластанудан сақтайды, сонымен қатар халықтың емделіп және дем алуына қолайлы микроклиматтық жағдайлар жасайды.
Генндік ормандардың негізгі мәселесі жақсы тұқымдық қасиеттері бар ағаштарды сақтап болашақ ұрпақтарда жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |