1.2 Орманды қалыптастыратын негізгі ағаш тұқымдары және орман туралы түсінік
Ағаш өсімдіктерін ботаника бөлімі немесе өсімдіктер туралы ғылым -дендрология зерттейді, ол ғылыми көзқараспен көп жылдық ағаш өсімдіктерінің – сыртқы және ішкі құрылысын, таксономиялық жағдайын, түр ішілік жүйеленуін, физиологиясын, экологиясын, географиялық орналасуын және шаруашылық мағнасын зерттейді. Ормандық ағаш өсімдіктері келесі өмірлік формаларына немесе топтарына бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шалабұталар.
Әсіресе кеңінен тарап және шаруашылықта мағналы болған ағаштар – жан – жағында бұталары мен жоғарыда өркені бар айқын діңді көп жылдық өсімдіктер. Олардың орман қалыптасуында және шаруашылық пен халыққа сүрік алуда маңызды орны бар. Ағаштардың биіктігі 8…10 м биік болады.
Есейген бұталарда басты дің болмайды, оның орнына бірнеше діңшелер қалыптастырып 5 м биіктікке дейін өседі. Бұташалар тармақталған 80 см дейінгі биіктікке өсетін өсімдіктер, ал лиандар - иілгіш, ұзын, тұрақсыз, тіреу тілейтін сабақтары бар өсімдіктер.
Орман түсінігі көп қырлы. Орман биосфераның құрамдарының бір бөлігі болып есептеледі, жер шары өмірінің белсенді орны болып құралады, өйткені құрамы, құрылымдары тірі ағзалардың тіршілігімен байланысты; географиялық ландшафттың элементі ретінде оны орман ауқымы (массив) және орман қоры ж. т.б. құрастырады.
Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым – қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып , қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады.
Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.
Еркін өсетін ағаштардың бұтақтары солбырап, бөрікбасы шашыраңқы болады. Ағаштың діңі бұтақты, қысқа болады, оларда жақсы тауарлық түр болмайды. Ормандағы ағаштар, еркіндегі өсетіндерге қарағанда, 10 ... 20 жыл кеш тұқым береді және дән беретін кезеңдері болады. Ол жылдар ағаштардың тұқымы мен табиғи жағдайларымен байланысты, сонымен қатар тұқым беру ағаштардың көлемдерімен байланысты. Өте ірі ағаштар 80% көп дәндер береді, ал нашар өсетіндері – 0,5 % көп бермейді.
Орманда, ағаштармен қатар бұталар, шөптер, мүктер, қыналар және т.б. өсімдіктер өседі. Ол әсерлер жарық, көректік заттар және су үшін бәсекелестікте.
Сонымен, орман тек көптеген ағаштар араласы емес, ол бұталардың, шөптердің, мүктердің, қыналардың және т.б. өсімдіктердің қарым-қатынасы, онда ағаштар, ең бірінші болып, қоршаған ортаға әсер етеді: жарық , жылу, ылғал, ауа құрамы, жел және басқа экологиялық жағдайларға. Орман өз ортасын құрастыра отырып, қоршаған егістіктерге, шабындықтарға, су қоймаларына және т.б. әсер етеді.
Орман тек өсімдіктер құрылымы емес, ол биологиялық жүйе, оның қатарында әртүрлі жануарлар бар, орман фаунасын құрастыратын, сонымен қатар микроағзалар дамитын орта. Ормандық аңдар мен құстар өздеріне жәйлі жағдай табады, өйткені олар көректене және көбейе алады. Ал көптеген аңдармен құстар ағаштардың өсіп-дамуына әсер етеді, өйткені зиянды жәндіктердің көбейюін азайтып, орманның санитарлық жағадайын жақсартады. Жер қазатын жануарлар (борсық, көртышқан) топырақ құрамын жақсартады, қарағай тұқымдастарының қауіпті зиянкесі мамыр зауда қоңызының дернәсілін азайтады.
Ормандағы топырақта көптеген құрттар мен микроағзалар бар. Олар топырақтың құрамын жақсартады және ағаштар мен бұталардың көректенуін қамтамасыз етеді, өйткені түскен қылқандарды, жапырақтарды, бұтақтарды, қабықтарды өңдеп пайдалы қылдырады.
Орман шаруашылығының негізін қалаушы Г.Ф. Морозов орманға жан-жақтық түсінік берген, яғни орман тек ағаш өсімдіктерінің бір-біріне әсер етумен емес, ал топырақтың және ауаның құбылыстарымен жаңа өзгерістер әкеледі.
В.Н. Сукачев орманды ормандық биогеоценоз (грек. био - өмір, гео- жер, ценоз-жалпы) ретінде қарастырған, яғни барлық тіршіліктің, топырақтың, жалпы дамудың әсерімен болатын өзгерістер ретінде.
Қазақстан Республикасының Орман кодексінде орманға келесі түсінік берілген. «Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен ».
Ағаш және бұта өсімдіктерінің нысаны, құрылымы және тіршілік әрекеті
Ағаш және бұталарда мына маңызды бөліктер бар: сабақ, тамыр, жапырақ, өркен, бұтақтар, жеміс және дән, әрқайсысының өз функциясы бар. Сабақ – ағаштар мен бұталардың жер бетіндегі бөлігі, жапырақтарды, гүлдерді, жемістерді қалыптастырып көтеретін және өткізгіш және сүйеніш функцияларын атқаратын. Сабақ пен тамыр және жапырақтардан су және минералдық заттар көтеріледі және жапырақтардан органикалық заттар тамырларға барады. Ағаштарда сабақ деп діңді түсінеді – ол басты сабақ, тамырдың мойнынан басталады, яғни тамырдың діңге қосылатын жері. Дің негізгі, өте құнды сүрек беретін құрылым. Діңнің сыртқы бөлігі қабық деп аталады, ол ағаш және бұта тұқымдарын табиғаттың қолайсыз жағдайларынан қорғайды және ағаштың сыртқы әлпетін көрсетеді.
Сүрек діңнің негізгі массасын құрастырады, сонымен қатар сабақтар мен бұтақтардың. Оның физикалық (түрі, жылтырлығы, кебуі, ісінуі, қабықтануы, тығыздығы, жапырақтануы, т.б.) және механикалық (қысқанға төзімділігі, созылуы, қозғалуы, жарамсыздығы, бұралуы, иілуі, жабысқақтығы, қаттылығы ж.т.б.) қасиеттерімен шаруашылық мағнасы және халық шаруашылығында қолдануы кеңінен байланысты.
Сүрек өсімдік жасушаларынан құрастырылған, сырты қабықталған құрамдардан тұрады. Сүректің химиялық құрамы барлық ағаш тұқымдастарындағыдай. Абсолюттік құрғақ сүректің органикалық бөлігі көміртегінен (49 ... 50%), оттегінен (43 …44%), сутегінен (6%) және азоттан (0,1...0,3%) құралған. Бейорганикалық бөлігі, жандырғанда күл болып Са, К, Мg, Na және басқа элементтер (0,1...1%) құрастырады.
Тамыр – ағаштар мен бұталардың жер астындағы бөлігі, өсімдікті су және минералдық заттармен қамтамасыз етеді және топырақта тамырмен бекиді. Жапырақ – жер бетіндегі орган, оның көмегімен негізгі тіршілік әрекеттерінің процестері жасалады, ол фотосинтез, дем алу, транспирация.
Өркен – жапырақтары мен бүшіктері бар жас сабақ. Бұтақтар – діңнен тарайтын бойындағы өркендер. Өркен мен бұтақтар бөрікбасын құрастырады. Ол жерде жапырақтар, гүлдер және жемістер қалыптасады. Жеміс – тозаңданғаннан кейін қалыптасатын, жабық тұқымдастардағы орган. Ол дәндерді қорғап және шашады. Дән – жеміс ішіндегі, дәнмен көбейетін өсімдіктердің органы. Дән көбею, тарау және қолайсыз жағдайларды бастан кешу әрекеттерін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |