Орман типологиясыныѕ ќўрылуы


Типологиялық негізде ормандардың қалыптасуы мен



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата16.05.2024
өлшемі372,29 Kb.
#202398
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
168274 (1)

2. Типологиялық негізде ормандардың қалыптасуы мен
қайта жаңаруы.
2.1 Ормандар типологиясы.
Бонитет классы бойынша сүректер (ағаштар жиынтығы)
сипаттамасы топырақтардың сапасын, олардың өнімділігін,
екпелердің барлық сапасымен құрамын толықтай анықтайды.
Көп жағдайда бонитеттің бір класстағы орман өсіру жағдайы
неғұрлым әр түрлі болғандықтан орман дайындалуы, орман
шаруашылық және экономикалық шараларды қажет етеді.
Мысалы: бонитеттің төртінші класстық қарағайлары бедердің
көтеріңкі қылқанды орман аймақтарында және құрғақ немесе
сарғыш құмдақ топырақта өседі. Сонымен қатар бонитеттің
төртінші кластық қарағайлары көбінесе осы аймақтағы
төмеңгі бедер элементтерін сарғыш, ылғалды және дымқыл
топырақта өседі. Сондықтан орман шаруашылық және
орманды пайдалану жұмыстарында мұндай ағаш бітімдері әр
түрлі болады. Олардың әр түрлілігі ормандарды жаңарту әдіс-
тәсілдерінде мелоративтік шараларда, өрт қауіпсіздігін
қолданумен байланысты. Ерекше әр түрліліктерді орман
дайындау кезеңінде сүйрегіш машиналарды қолдануда және
аймақтарды ағаш кесінді қалдықтарынан тазалауда да
болады. Кейбір ерекшеліктер аң шаруашылық ісін жүргізуде
де байқалады. Осыған байланысты еңбек және қажетті
жабдықтарды пайдалану шығыны әр түрлі. Сондықтан орман
шаруашылық тәжірибесінде ертеден бері орман типтері
идеясы қолданылып келеді.
Ең алғаш екпелердің типтері жөнінде ұсынған және
ғылыми типологиясының негізін қалаушы Г.Ф.Морозов
болып табылады. Ол екпелер типінің анықтамасын,
екпелердің жиынтығы ретінде үлкен бір қауымдастыққа
біріккен немесе топырақ жер қабаты жағдайында болғанын
баяндайды. Г.Ф.Морозов бойынша екпе типтері- климаттық


жағдайларға байланысты орман шаруашылық, географиялық
түсінік ретінде төмеңгі класификациялық бірлік болып
табылады. Г.Ф.Морозовтың идеясын арықарай Е.В.
Алексеевтің, Д.В.Воробьевтің, В.Н.Сукачевтың еңбектерінде
жалғасын тапты. П.С.Погребняк орман класификациясының
негізіне екпелердің жергілікті әр түрлілігін көрсететін
эдофиттік немесе топырақ факторларын атады. Бір жағынан
ормандар бітімінің байланыс белгілерін табу үшін, екінші
жағынан топырақ жағдайының белгілерін анықтау үшін
эдофиттік торды қолданды. Бұл тор екі қатардан:
топырақтағы қоректік заттардың мөлшерін көрсетуші-
трофогендік және топырақтың ылғалдылығын көрсетуші
гигрогендік жақтарын көрсетеді. Трофогендік қатардағы
мүшелерді П.С.Погребняк трофотоптар деп атады. Ал, онда
қарағайлы орман, суборь, сугрудок немесе күрделі суборі
және груд немесе жалпақ жапырақты орман болып бөлінеді.
Қарағайлы ормандар құмдақ топыраққа бейімделіп өседі.
Суборлар шамамен құмдақ топыраққа тән болып, сонымен
қатар шырша және басқа да тұқымдастар өседі.Сугрудкалар
немесе күрделі суборлар сазды немесе сортаң топырақтарда
емен, шәмшәт, жөке ағаштары бейімделіп өседі. Неғұрлым
құнары бай топырақтар (құмдақ топырақ, қара топырақ,
сазды және тағы басқалары ) грудтарда немесе жалпақ
жапырақтыларда неғұрлым ағаштар мен бұталар
шоғырланған.
П.С.Погребняк бойынша гигрогендік қатардағы мүшелер
гигротоптар деп аталады. 0- өте құрғақ тіршілік ортасы, 1-
құрғақ, 2-жаңа, 3- ылғалды, 4- дымқыл, 5- батпақты.
П.С.Погребняк бойынша химиялық құнарлығы,
ылғалдылығы бірдей орман учаскесінің топырағы эдотоптар
деп аталады. Эдофиттік торда трофотоптар мен
гигротоптардың қыйылысуы оның тордағы орнын көрсетеді.
Трофотоп жағдайында күрделі шырша өседі. Оны сурамень,
ал еменді судубрава деп атайды. Егер жалпақ орман
жағдайында шырша өсіп тұрса оны рамен, ал шәмшәтті
букчина деп атайды. Эдофиттік торда экологиялық


эндикаторлар болып ағаштар, одан басқа шөптесін өсімдіктер
жатады. П.С.Погребняк типологиясы кей жағдайда орман
типтерін көрсетпейді. Орманды далалы және далалы
аймақтарында ағашты егу немесе отырғызуда тәжірибелік
маңызға ие болатындығын көрсетіп, ағаш өсіретін
орындардың қолайлы классификациясын анықтайды. Ол
қылқанды ормандар аймағына қарағайлы және шыршалы
орман типтерінің классификациялық сызба-нұсқа жасады
және осының негізінде бедер, топырақ, сүрек және тірі
топырақ үсті жамылғысы секілді белгілерін көрсетті.
Кординат жүйесінде абцисса бойынша олардың
қиылысуынан солға қарай топырақты шектен тыс
ылғалдануы көбейіп, оның арты топырақтың құнарын
азайтады. Ордината осьі бойынша қиылысу осьімен жоғары
қарай топырақтың ылғалы және құнары төмендей түсіп, ал
төмен қарай ылғалдануы мен топырақ құнарлығы артады. Ал,
абцисса қиылысы осьімен оңға қарай біртіндеп топырақ
құнарлығы арта түседі. Ормандардың жақын типтерін
В.Н.Сукачев топтарға біріктірді. Орман типтерінің атауы
сүректері және негізінен топырақ үсті жамылғысы мен шірік
немесе аласа ағаштардың қандай түрінің басым (мысалы:
қарағай-қызылмақ, қарағай-қызыл жидек, қарағай-саумалшық
т.б.) соған байланысты болады. Сукачевтың бұл схемасы
шыршалы ормандарға да қатысты.
Қортындылай келе ол келесідей анықтамасын көрсетеді.
Орман типі - бұл ағаш тұқымдасының құрамы бойынша
біртекті яғни өсімдік фаунасы, микроб ағзалары, климаттық,
топырақ - грунты және гидрологиялық жағдайы өсімдіктер
мен олардың ортасының ара қатынасы, ішкі биогеоценоздың
және аралық биогеоценоздық зат және энергия алмасу, қайта
қалпына келу процесстерінің өзгелігі бойынша анықталады.
Бұл компоненттер біртекті биогеоценозды орман
шаруашылық іс-шараларды қолдануда бір уақытта реттілікті
талап етеді.
В.Н.Сукачев бойынша қарағай типтері келесі топтарға
бөлінеді: қыналы - қарағайлар, балдыр көктер, күрделі және


қою шөптесіндер кіреді. Қарағайлы - қыналы топқа
қыналардың негізгісіне жоталы рельефке, соның ішінде биік
немесе шымылдықты құм төбеге бейімделген жас қарағайлы-
қыналы орман өседі. Әдеттегідей сүректің жоғарғы
шымылдығы аздап иілген және өнімділігі шағын. Қарағай
ағаштары көбінесе бұтақты болып келеді. Топырақ үсті
тіршілік жамылғысында қыналар кең таралған, ал аласа
бұталар аз таралған.
Қарағай - балдыр көктер тобына қарағай - саумалдық,
қарағай - итбүлдіргені, қарағай - қара жидегі кіреді. Мұндай
орман типтеріне рельефтік жақсы немесе нашар
дамығандығы, топырақтың жақсы құрғатудан өтуі, құмдақ
болғанымен онша бай емес. Қарағай-итбүлдіргеніне аздап
қайың және шырша араласқан, көбінесе орташа өнімділігі
бар шымылдық- ақшыл сұрғылт құмдақ топыраққа
бейімделген. Аласа ағаштар ішінде көбінесе арша, орыс
бұтасы кездеседі. Тірі топырақ жамылғысында итбүлдірген,
жасыл мүк, көк бұта, қара жидек, айрауық көп таралған.
Қарағайлы-қаражидектер жердің еңіс бедеріне бейімделген.
Топырағы шымды - сарғылт құмдақ, кейде ылғалды сазды
құмдақты. Сүректері неғұрлым таза, әрі өнімділігі орташа.
Аласа ағаштары нашар дамыған.Жамылғысында қаражидек,
жасыл мүктер, айрауық кең таралған. Қарағай - саумалдық
неғұрлым құнарлығы жоғары.Ағаш қалыптасуында көбінесе
шырша, қайың, көктеректермен аралас келеді. Шырша
көбінесе II қабатты (II ярус) құрайды. Топырақтары шымды
сарғылт, құмдақты. Ал, әр түрлі бұталылар мен
жамылғысында саумалдық, жасыл мүктер, қоянжем,
алмұртшөп кең таралған.
Қарағай - долгомошник
 
топтарының негізгі тобына осы
қарағай-долгомошнигі тип өкілі кең таралып, рельефінің аз
дамуы, әлсіз құрғақталынған, біршама батпақты топырақта
өседі. Бұл типтегі сүректер таза, әрі өнімділігі аз. Аласа
ағаштары сирек, оның ішінде көкекзығыр, кей жерлерде
сфагнум және көк жидек таралған. Бұл шөптесін өсімдіктер
төменгі жазықты аймақтарда батпақты, шымды топырақтарда


өседі. Сүрегі таза, бірақ өнімділігі нашар. Өсімдік
жамылғысында сфагнум, қияқ мол өседі. 
Қарағайлы - қалың шөпті үлкен тобының жер бедері әр
түрлі, топырағы құнарлы, жеткілікті мөлшерде ылғалды,
шөптесін қарағайлы жоғарғы өсімдікті болып келеді.
Сүректері басқа тұқымдармен кең араласқан. Мүкті
жамылғысы әр түрлі шөптесін өсімдіктерге өте бай.
Күрделі қарағайлы орман типті тобына қарағай, жөке
ағашы, қайың тектес бұталы қарағайлар мен емен аралас
қарағайлар өте бай. Олар саздақты және сұр орман
топырақта, көтеріңкі бедерлі аймақта орналасқан. Қарағай
бітімі шырша, көктерек, қайың, емен аралас ағаштар өседі.
Екпелердің өнімділігі өте жоғары, мүк жамылғысы әлсіз, ал
аласа ағаштар кең таралған.
Тірі топырақ үсті жамылғысында жалпақ жапырақты
шөптер орын алады. Орман типтері жөнінде В.Н.Сукачевтің
ілімі тек қана қылқанды ормандар ғана емес, сонымен қатар
аралас және жапырақты ормандар шаруашылықтың
тәжірибесінде кең қолданылады.
Орман типтерін жіктеу табиғи қалыптасқан бітімдерге
қатысты қылқанды орман аймағының қалыптасуы және
топырақтың механикалық құрамы бойынша анықтау
қолданылады. Адамдардың орман массивтерінің тиіспеген
аймақтары, басқада белгілері бойынша қазіргі таңда орман
шаруашылығы тәжірибесін толық ақтамайды. Адамдардың
орманға қарқыңды шабуылдары өз кезегінде табиғаттың ірі
өзгерістеріне алып келеді. Сондықтан И.С.Мелехов жоғарғы
зерттеулерді қарастыра отырып, В.Н.Сукачевтің ұсынған
орман типтерінің динамикасын өз кезінде динамикалық деп
атауды ұсынды. И.С.Мелехов бойынша динамикалық
типологияда орман типтерінің жыйынтық кезеңдері, аралық
типтердің сериясын көрсетеді. Сондықтан орман типтерінің
қалыптасу бастамасын, ол орман типінің әуелгі қалыптасу
кезеңін, оған орманды атау типтерінің түрлерін көрсетеді.
Орман типологиясы теориялық және тәжірибелік үлкен
маңызға ие. Кесілген ағаштар типін білу үшін биология,


экология және орман географиясын, олардың сапалық,
мөлшерлік өнімін, әсіресе шаруашылықтағы бітім қорының
көлемін игеру өте маңызды. Орманшылық әр түрлі
типтерінде техникалық құрамының әр түрлілігімен
ерекшеленетін сүректің әр түрлі көлемін өсіруге болады.
Орман типіне байланысты басты кесуге арналған ағаштар
тандалынып алынады. Жоғары сапалы бітімдерді өсіру,
баптау, күту орман типологиясымен тығыз байланысты.
Орман типтеріне байланысты орманды қалпына келтіру
шаралары жоспарланып, мұның барлығы орманды отырғызу,
табиғи қайта қалпына келтіру мен байланысты. Орман
типологиясы кеспе ағаш қалдықтарымен жұмыс жасауда
үлкен
тәжірибелік
маңызы
бар.
Қарағай
долгомошниктарымен тазарту жұмыстары қыста және жазғы
құрғақ уақытта жүргізілу керек. Орман типтерімен жұмыс
жасау орман өрттеріне қарсы күрес, орман екпелерін
рекреациялық қолдануда тығыз байланысты. Орман ішіндегі
жанама жұмыстар (мал жайу, шөп шабу, саңырауқұлақ және
жидек теру, уақытша ауыл шаруашылығына пайдалану)
орман типтерімен тығыз жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет