2.3. Ормандардың қалыптасуы
Табиғи қайта қалыпына келу процесінде тұқымдар
жетілгеннен кейін жас өскіндер пайда болып, барлық орман
құрамы мен белгілерін қамтыған өсімдік қауымдастығы
қалыптасып, орманның өмірінің жаңа этапына көшеді.
Орманның қалыптасуының бастапқы этапында ағаш
сүрегінің үздіксіз жетілуі жүреді. Егер кесілген ағаштар
гектарына 10 млн. өскіндер есепке алынса ал, 100-150 жыл
ішінде не бары 600-1000 ағаш қана қалады. Ағаштардың
дифференциасымен іріктелуінің негізгі себептеріне
тұқымдары мен дәндердегі тұқым қуалаушылық құрамы,
олардың түскен микро орта жағдайы, тіршілік үшін күрес
(Ч.Дарвиннің эволюциялық теорияларының негізгілерінің
бірі), яғни қорек, ылғал, жарық үшін күрес. Іріктелу және
дефференциасының нәтижесі бойынша ағаштар өсу
класстарына бөлінеді. Неғұрлым қарапайым және белгілі
класификациясының бірін Г.Крафт ұсынған болатын. Ол
класификация таза бір жылдық қарағай сүректеріне арналып,
ағаштардың морфологиялық белгілерімен негізделеді және
бесінші классты құрайды. 1-ші классқа. жуан діңгекті, қалың
қабықты, көп бұталы бірақ аласа келген ең ірі ағаштарды
жатқызамыз. Мұндай ағаштар таза қарағай ормандарында
10-12% құрайды. 2-ші класстағы ағаштар биік, желегінің
жақсы дамуымен, бірақ жіңішке діңгекті ағаштар кіреді. 2-ші
класстағы ағаштар негізгі бөлігін құрап, шамамен 25-45%
қамтиды. 3-ші класстағы ағаштар неғұрлым жіңішке, ұсақ
бірақ күн сәулесі оларға жақсы түседі. Ондай ағаштардың
жағдайы тұрақсыз, олар ағаш шымылдығынан шығып қалуы
мүмкін, бірақ көп жағдайда төмеңгі классты бағынышты
бөлігіне кіреді. Осы ағаштар қарағай ағаштарының 25-30%
құрайды. 4-ші класстағы ағаштар ұсақ, жіңішке ағаштардың
жоғарғы шымылдық қабатының астында қабығының нашар
дамығандығымен көрінеді. 4-ші класс екі топқа бөлінеді: 1-
шісі 4а-діңгек бойындағы тегіс дамыған желекті ағаштар(10-
15%) және 4б- жалау тәріздес бір жақты желекті ағаштар(2-
10%). Соңғы 5-ші классқа жоғалуға жақын немесе солған
ағаштар, ағаш сүректерінің ең ұсақ қалдықтары кіреді. Ондай
ағаштар орман құрамының шамамен (7-8%) құрайды. Және 2
түршеге бөлінеді, яғни 5а- солуға жақын, 5б- солған ағаштар.
Бұл класификация орман шаруашылық тәжірибесінде кең
қолданыс тапты. Класификацияның кемшіліктері бар яғни
ағаштың физиологиялық құрлымын есепке алмай, тек
морфологиялық белгілерін, сыртқы қабілетін қамтиды. Өсу
процесінде ағаш сүрегінің көлемі мен массасының үлкеюі,
дамуы оған тән қалыптасуы мен құрамының өзгеруі де
болады. Ағаш сүрегінің құрамының динамикасы неғұрлым
географиялық, климаттық және топырақ жағдайларымен
байланысты. Бұл процесс орман өсуінде бір қалыпты
жағдайда келесідей жүреді. Қылқанды орман кескінді
аймағында көп жағдайда бір ағаш тұқымдасы емес,
бірнешеулері түседі (қарағай, қайың, көктерек, шырша).
Кейбір тұқымдары мен дәндері миллиондап түссе ал, екінші
біреуінің мыңдаған дәні түседі. Сондықтан әр тұқымдастың
жас өскіндерінің қатынасы әр түрлі болады. Бірақ кей
жағдайда жас өскіндердің бірдей мөлшерде шыққандарыда
болады. Жас өскіндердің шамамен он жылға дейінгі
тіршілігінде бір-біріне еш кедергісіз, бейбіт, қоныстанып
өседі. Сонымен он жыл ішінде жас орманның қалыптасуы
алғашқы тепе-теңдік сақталады. Бірақ бұл тепе-теңдік жас
өскіндер арасында әсіресе биіктігі бойынша қайың шамамен
30 жылға дейін қарағайға қарағанда жылдам өсіп, ылғал мен
жарықты өзіне тартып алады. Сондықтан қарағайлардың
тіршілік үшін күресінде қайыңға жол беруі жиі болады.
Кейін келе қайың ақырындап өсіп, қарағай жылдам өседі;
қайың қартайса қарағай ұзақ ғұмырдан жаңадан күш алып,
жылына 50 см-ге дейін өседі. Қарағай 80-100 жыл өткен соң
өз деңгейін көтереді. Бірақ кей жағдайда құнарлы топырақты
жерлерде қайың қарағайды біржола басып озып өсуі мүмкін.
Сонымен қатар ағаш бітімінің құрамында қайың, шырша,
көктерек т.б. тұқымдастар қалыптасады. Ал, егерде
климаттық және топырақ жағдайлары көптеген
тұқымдастардың өсуі мен дамуына жақсы әсер етсе, көп
жағдайда аралас өскіндер пайда болады. Егерде мұндай
климаттық жағдайлар бір жақты болса онда таза бітімдер
қалыптасады. Суық және құрғақ климаттық аудандарда,
құнары аз немесе дымқыл топырақтарда әдеттегідей таза
бітімдер қалыптасады. Мысалы: құнары аз топырақта барлық
табиғи аймақтарда таза қарағайлар қалыптасып, ал сулы
аймақтарда қара қанды ағаштар өседі.
Уақыт өте келе бітімдердің формасы өзгеріп, бір
қатарлыдан екінші қатарлы түрге өтеді. Егер кескен
ағаштардың орнында көктеректің 20-30 түбі қалса,
ағаштарды кескеннен кейін алғашқы вегетациялық кезеңде
көктеректің түптік тамырынан көптеп өсіп шығады. 5-10
жылдан кейін кескіндер жас көктерек болып қалыптасады.
Он жылдық жас ағаштардың орташа биіктігі 5-7 м-ді
құрайды. Көктеректің 10-20 жас аралығында оның астынан
шыршалар өсе бастайды. Себебі бұл жерде ағаш өсуге
қолайлы жағдай қалыптасады.
Бұдан кейін көктерек жылдам өсе бастап оның жанында
шырша өскіндері дами бастайды. Осы кезде бір қатарлы
ағаштар қалыптасады. Көктеректің жас шамасының
ұлғайуына байланысты (50-60 жас) шыршалар екінші
қатарды қалыптастырады.
Таза немесе аралас формасы жай немесе күрделі
ағаштардың қалыптасуы кездейсоқтық емес. Жарық сүйгіш
тұқымдастар аралас немесе күрделі ағаштардың түзелуіне
әкеліп, маңайына бұталы тұқымдастардың өсуіне ықпал
жасайды. Күрделі қатар құраушы ағаш тұқымдары түзілген
уақытта әдеттегідей ағаштардың көлеңкеге төтеп беру
түрлері қалыптасады. Шырша қарағайдың астынан екі қатар
қалыптастыра алса, бірақ қарағай шыршаның астынан
ешқандай қатар қалыптастырмайды.
Ағаштардың қалыптасу барысы олардың шығу тегіне
байланысты, яғни оның жас құрлымында өзгерістер жүреді.
Бір жас шамасындағы ағаштар көп жағдайда жаппай кесу
немесе орман өрті болған жағдайда түзіледі. Әр түрлі
жастағы ағаш бітімі көлеңкеге шыдайтын шырша, шәмшәт
секілді т.б. ағаш тұқымдастары қалыптасады.
Орман шаруашылығы ғылымы мен тәжрибесінде өзіндік
сипаты бар белгілі бір ормандар мен қалыптасудың жастық
кезеңдерін бөледі. Ағаштардың жас кезінде иілгіштігі
жоғары, биіктігі жылдам өсумен ерекшеленеді. Бұл
кезеңдерде ормандардың құрамы мен белгілері қалыптаса
бастайды. Сонымен қатар шөптесін өсімдіктер мен күрес
және олардың өмірі саңырауқұлақ ауруларына оңай ұшырауы,
жәндіктердің зақымдауы, табиғаттың қолайсыз жағдайларына
ұшырауы және т.б.. Артынан жас өскіндер сырғауыл кезеңіне
келіп ағаштардың бойының жылдам өсуі, жапырақтардың
максимальді көбеюі, қылқандардың, бұталардың көбеюі
ағаштардың арасында жарыққа, қоректік заттарға және
ылғалға таласы күшейеді, ағаштардың көлемі бойынша әр
түрлі немесе табиғи сығылысуы және ауруларға байланысты
әлсіздердің солып, өлуі жүреді. Сырғауыл кезеңде ағаштарды
жуықтағанда 80% 20 жастағы жас өскіндер болады. Жас
өскіндер сырғауыл кезеңінде тоқтап, II класс жасына өтеді.
Ағаш сүрегінің орта жастағы кезеңінде ағаштар
деферецациасының біртіндеп баяаулауы, жарық сүйгіш
тұқымдастардың биіктікке өсуі төмендейді және көлеңкеге
шыдайтын ағаштар өз өсу шегіне дейін жетеді. Ағаштардың
жуандап өсуі байқалады. Тұқым шашуда жаңа маңызды
сапалы физиологиялық процесс басталады. Орта жастағы
сүректер ереже бойынша III классқа жатқызылады.
Жасы жетілуге жақын ағаштың диференциация процессі
тоқтап, биіктігі төмендейді және жуандап өсуі аяқталады,
керісінше тұқым шашуы жоғарлайды. Жетілуге жақын
ағаштарға IV,V класстағы ағаштарды жатқызамыз.
Жетілген ағаштардың жастық кезеңінде диференциация
тоқтайды. Бұдан басты себеп ағаш сүрегінің құрлымы.
Биіктікке өсуі және жуандалуы тоқтатылады. Тұқым мен
ұрық шашу максимальді деңгейіне жетеді. Бұл кезеңде ағаш
сүрегінің сапасы артады. Жетілген ағаштарға V,VI кезеңдік
ағаштарды жатқызамыз.
Сүректің қалыптасуы барысында оның құрлымы үздіксіз
өзгереді. Бірінші кезекте жас өскіндердің саны көп болса,
уақыт өте келе әлсіздері солып, күштілері арман қарай дами
түседі. Алғашқы бетте ағаш сүрегінің тығыздығы артып,
жетілген уақытта тығыздығы кемиді. Сүрек биіктігі үздіксіз
өсе түседі. Ағаш сүрегі әр түрлі өсу кезеңдерінде әр түрлі
дамиды. Ағаштардың биіктігінің жылдам көтерілуі орта
жасқа сәйкес келеді. Біртіндеп сүректердің диаметрі
жоғарлайды.
Таза немесе аралас, жай немесе күрделі сүректер әр
түрлі шаруашылық маңызға ие болып өзінің сапалылығымен
және сапасыздығымен ерекшеленеді. Таза және жай екпелер
неғұрлым халық шаруашылығында шыршадан целлюлоза
және қағаз өндіруге тиімді болып табылады. Бұлардың
арасында жарық сүйгіш тұқымдастар жақсы өседі. Таза
екпелерді құнары аз топырақтарда, қолайсыз климаттық
жағдайларда өсіруге болады. Бірақ таза және жай сүректер
әсіресе шырша секілді қылқанды тұқымдастар топырақтың
нашарлауына әкеледі. Аралас және күрделі сүректер орман
материалдардың әр түрлілігін беріп, қайыңнан фанер жасап
шығаруға, арнайы сорттар алуға мүмкіндік береді. Мұндай
ормандар арасы жануарға қолайлы. Көп жағдайда жетілуге
жақын немесе жетілген, таза немесе жай қарағайлар мен
қайыңдар өзінің әдемілігі бойынша көркем және жоғары
рекреациялық маңызға ие. Адамның психиэмоционалдық
жағдайына жақсы әсерін береді. Бірақ мұндай ормандар
орман дайындауда, орман мәдениеттерін қалыптастыруда,
ағаш түрлерін өсіруде және керексіз ағаштарды өсірмей
тастауда кедергілер келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |