Реферат тақырыбы : Rheum altaicum Алтайский ревень Орындаған : Алпысбайқызы Нұрай



бет1/5
Дата12.10.2022
өлшемі1,69 Mb.
#152797
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Алпысбайқызы Нұрай (Rheum altaicum)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУЫЛ-ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ


С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университеті



Факультет: Орман шаруашылығы,жабайы табиғат және қоршаған орта


Кафедра: Орман шаруашылығы және орман ресурстары


РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫБЫ: Rheum altaicum
Алтайский ревень


Орындаған:Алпысбайқызы Нұрай
02-079-21-06 топтың студенті


Тексерген:Айдарханова Г.С., б.ғ.д.,


Биология ғылымдары кафедрасының
профессоры

Нұр-Сұлтан,2022


МАЗМҰНЫ


Кіріспе 2
Rheum altaicum тұқымдасы,туысы,түрі 3-4
Рауғаш (Rheum) 5-7



Rheum altaicum анатомиялык және морфологиялық 8-11
құрылысы



Дамуынын тіршілік циклі. Көбеюі 12
Қорытынды. 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14-15
(қазақша, орысша, ағылшынша)


Кіріспе.


Тарандар тұқымдасы – Polygonaceae


Тарандар тұқымдасы- көп жылдық шөптесін өімдіктер тұқымдасы. Түрлерінің жалпы саны 900-дей (40 туыс). Түрлерінің шыққан жері Орталық жөне Оңтүстік Америка (ағаш), солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстары (бүталар, шөптер).
Климаты құрғақ елдерде, мысалы Орта Азияда, бұталар мен біржылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді; солтүстікке таман өсетін түрлері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы, сиректеу топтасып орналасады. Буын аралықтарьшың түп жағын түтік төрізді жапырақ қынапшасы- раструб жауып тұрады. Ол қосалқы жапырақшалардың бірііуінің нәтижесінде пайда болған. Сабағының буыңдары көп жағдайда жуаңдап ісіетен болып келеді, буьш аралықтары түп жағынан біраз уақыт бойы қыстырма меристеманың есебінен ұзындыққа өседі. Гүлдері үсақ, гемициклді немесе циклді, өдетте қосжынысты. Гүлсерігі қарапайым 3—6, сиректеу 5 мүшелі, әдетте бос орналасады, әртүрлі — жасыл, ақ, қызыл түстерге боялған болып келеді. Аталықтарының саны 6—9 (3—8). Гинецейі ценокарпты 3 (2—4) жеміс жапьірақшалардан тұрады. Гүлтүйіні төменгі. Жемістері 1-дәнді — 3-2 қырлы жаңғақшалар, кейде қанатты болып келеді.
Таран туысы (горец). 280-дей түрлері бар, БОР-дың флорасыңда 160 түрі, ал Қазақстанда 52 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: бұталар және ағаштанған лианалар, жартылай бұталар, бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің таралған жерлерінің солтүстік шекарасьшан бастап Австралияға, оңтүстік Африкаға (Кап жері) жөне Чилиге (космополид туысы) дейін таралған. Кызыл таспа, қүс таспасы (горец птичий), — биіктігі 10-нан 40 см. дейін жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, сабақтары жерге төселіп өседі немесе жатаған болып келеді. Гүлдері жапырақтың қолтығыңда 2—5-тен болады. Жемісі 3-қырлы, түп жағы сопақтау болып келеді. БОР-ның барлық жерлерінде, тіптен Арктикада да өседі. Көптеген жерді алып жатқан таза құс таспасын жиі кездестіруге болады. Өзен жағалауының құмдарында, су қайтқан жерлерде, егістікте және малдың өрістейтін жерлерінде, жолдың жағасында өсетін өсімдік. Дәрілік жөне жем-шөптік өсімдік болып табылады. Шырмауық таран (горец вьюнковый — Р.сопуоіуиіиз) — біржылдық өрмелеп өсетін өсімдік, биіктігі 1м. дейін барады, гүлдері жапырақтың қолтығында 3—6-дан топтасып отырады. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде өседі, көп жағдайда егістік дақылдарының арамшөбі болып табылады, дәрілік жөне бал беретін өсімдік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет