Орман типологиясыныѕ ќўрылуы


Ормандардың қайта қалыпына келуі



Pdf көрінісі
бет15/29
Дата16.05.2024
өлшемі372,29 Kb.
#202398
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
168274 (1)

2.2. Ормандардың қайта қалыпына келуі.
Орман табиғаттың маңызды бір бөлігі бола отырып, өзіне
қатысты ерекше құрамдармен сипатталады. Бұл құрамдар
ормандардың табиғи қайта қалпына келуге, бітімдердің
қалыптасуында олардың табиғи сиреуі дифференцияасы.
Ағаштардың көлемі бойынша жіктелуі олардың: құрамы,
түрі, жас аралық құрлымының өзгеруі барысында көрініс
табады. Орманның қалыпына келуі - бұл дегеніміз негізгі
орман компаненті (ағашты өсімдік) қайта қалыпына келуі
осыдан іле – шала, тірі және өлі топырақ үсті
жамылғыларынан мүктер, қыналар, орман өсімдіктері, аласа
бұталар, бактериалды және саңырауқұлақ флорасы және т.б.
пайда болып тіршілік етуі.
Орманды қайта қалыпына келтіру біздерге орман ішіндегі
кесілген алаңдарда, өртенген және орман жерлерінің басқадай


категорияларында жүретін маңызды процесс деп түсінеміз.
Бұл процесті биологиялық және экологиялық факторлармен
қарастыруға болады.
Орман шаруашылық тәжірибесінде үш негізгі орманды
қайта қалыпына келтіру әдістері бар: табиғи, жасанды және
аралас (табиғи және жасанды).
Орманның табиғи қайта қалыпына келуі - табиғи жолмен
орманның жаңа буынының пайда болуы. Орманның табиғи
қайта қалыпына келуінде мынадай байлықтарды қолға алуға
болады: орманды тазарту жұмыстарында құнды тұқымдарды
сақтап қалу, арнайы тұқымдық ағаштарды қалдыру,
тұқымдардың өсіп жетілуі үшін топырақты дайындап,
байытып өңдеу, орманды жер телімдеріне ағаш отырғызу
үшін қоршауға алу. Орман тұқымдық қайта қалыпына келу
және вегетативтік көбею секілді табиғи жолмен жүретін
түрлерін бөліп қарастырылады. Тұқымдық қайта қалыпына
келуі дегеніміз - жас өркіндер тұқымнан пайда болып, табиғи
жолмен жаңару, ал вегетативті көбею деген- жас өркендердің
түбірлерінен, сол сияқты ағаш бөліктері мен бұталардан өсіп
шығуы.
Жасанды қайта қалыпына келу немесе орманды қайта
қалыпына келтіру дегеніміз - ертеде болған ағаш
алқаптарында орман жолақтарын отырғызу. Орманның аралас
қайта қалыпына келуі дегеніміз - белгілі бір алаңда табиғи
және жасанды жолмен жүруі. Мысалы: тұқымдық табиғи
қайта қалыпына келуі ағаш отырғызу немесе егуде бірдей бір
жерде өсе береді. Әрбір қайта қалыпына келтіру әдістерінің
кемшіліктері бар. Сондықтан әдістерді қолдануда және
таңдауда ауданның табиғи және экономикалық жағдайларын,
ағаш тұқымдастардың шаруашылық құрлымын және орман
экологиясы еске алынады. Егерде табиғи қайта қалыпына
келу жолы жүзеге аспаса, жасанды әдістерді қолға алған
абзал. Орманның табиғи қайта қалыпына келуі әсіресе
қылқанды ормандарға тән болып келеді. Тұқымдық қайта
қалыпына келу жапырақты ормандарға тән, әрі жақсы өседі.
Қайта қалыпына келу шаралары көбінесе ағаштардың тұқым


таратуы, тұқымның өсіп шығуы, кейін жетілуіне тікелей
қатысты. Аталған этаптардың әрбір тұқымдастардың
орманшылық құрлымы, орман ішіндегі экологиялық
жағдайлармен байланысты.
Тұқым шашу немесе репродуктивті мүмкіндігі - ағаштар
мен бұталардың өсуі мен дамуындағы маңызы, олардың
гүлдеген уақытындағы тұқым қалыптасу кезеңі болып
табылады.
Табиғи аймақтардағы тұқым шашу процестері климаттың
мезгілдік қозғалысымен байқалып, жыл сайын қайталанады.
Мұндай процесс биологиялық және экологиялық
факторлардың әсеріне тәуелді. Биологиялық жағдайлар
ішінен ағаш және бұта тұқымдастарының түрлік және
тұлғалық ерекшеліктері маңызға ие. Үздік мұрагерлік
құрамы бар ағаш және бұта тұқымдастарының гендік
тасымалдағышы бар түрлері көп мөлшердегі тұқым береді.
Ағаштың жас ерекшелігіне байланысты оның тұқым шашу
қабілеті анықталады. Бұл негізінен қоршаған орта мен белгілі
бір ағаш түрінің дара ерекшеліктеріне байланысты. Негізгі
орман түзуші тұқымдастардың репродуктивті мүмкіндігінің
бастамасы (еркін өсетіндер) тығыз өсетін екпелерге
қарағанда екі есе ерте өсіп шығады. Жалғыз өскен кәдімгі
қарағайдың тұқым шашу кезеңі 10-15 жыл, еуропалық
шырша немесе сағызқарағай 15-20жыл, сібір балқарағайы
немесе балқарағай 20-30 жыл, қайың ұрықтары 8-19 жыл,
емен 20-30 жыл, көктерек 12 жыл. Жас ерекшеліктері тұқым
мен ұрықтың өнімділігіне тығыз байланысты.
Биологиялық кешендегі географиялық ортамен көрсетілген
экологиялық факторлар (климаттық, орографиялық, топырақ,
биотикалық және антропогендік) ағаштардың репродуктивті
қуатының көп қатарлы процесін анықтайды. Климаттық
жағдайлар орман екпелерінің тұқымдық өнімділігін бастапқы
стадиясына тікелей әсер етеді. Өнімнің негізгі ұрықтану және
тозандану процессі жүрген уақытта қаланып, ал гүлдену ауа-
райының қолайлығына байланысты болады. Жаңбырлы әрі


суық ауа- райы гүлдену уақытында тозанданудың уақытында
кедергі келтіріп, ұрықтануғада әсерін тигізеді. 
Ағаштың ұшар басына түсетін күн сәулесі тұқымдардың
мол таралуына әсер етіп, ұрықтар мен тұқымдарда қоректік
заттардың жиналуына әсер етеді. 
Таулы ормандарда жер бедері мен орографиялық фактор
тұқым таралуда үлкен маңызға ие болса, ал топырақ құрамы
өнімділік сапасына әсері мол. Бонитеттің жоғарғы класстағы
бітімі (IV-V) класстағыға қарағанда (I-III) класстағы тұқымды
бірнеше есе жақсы ұстайды. Биотикалық факторлар көптеген
фауналардың өмір сүруінің әр түрлілігімен байланысты
тұқымдар мен ұрықтардың өнімділігін жоғарлатады немесе
төмендетеді. Көптеген орман құстары (бал қарағайша,
тоқылдақ, бақылдақ торғай, жорға торғай) ұрық пен
тұқымның көп мөлшердегі өнімін жояды. Жәндіктер
тозандануға әсер етсе, олардың көбі (жапырақ масасы, біз
тұмсық) негізгі орман түзуші тұқымдастардың тұқым мен
ұрықтарына зиян келтіріп, кейде өнімнің азайуына дейін
әкеледі.
Адамның шаруашылық және рекреациалық іс-әрекеті
тұқымның таралуына мол әсері бар. Яғни мақсатты түрде
ағаштар мен бұталардың репродуктивті қабілеттерін
көбейтеді. Ол үшін кең көлемдегі орман шаруашылық
шараларды: сүректердің орналасуын сирету, топырақты
қопсыту, арам шөптермен күрес, минералды
тынайтқыштарды қосу, зиянкестермен күрес және
саңырауқұлақ ауруларымен күрес жұмыстары экологиялық
факторлары өзгере отырып іске асады. Сол сияқты мал жаю,
рекреациялық мақсатта орманды асыра пайдалану тұқымдар
мен дәндердің өнімділігі азаюына әкеледі.
Бұталар мен ағаштардың тұқымы мен дәнінің көп
мөлшерде өнім берген жылын, тұқымдық жыл деп атайды.
Бір жылы көп өнім берген ағаштардың келесі жылы жақсы
өнім беруі екі талай. Себебі келесі жылға тұқым шашуға және
гүлденуге ағаш құнары азаяды. Қоректік заттардың
жинақталуы әдеттегідей фотосинтез процессінде жүріп,


құрғақ жылдары жақсы байқалады. Негізгі орман түзуші
ағаштардың ішінде бірнеше жылда қайталанып келетін мол
өнім беретіндігі келесідей: емен 4-8 жыл, еуропалық шырша
3-7 жыл, майқарағай 6-8 жыл, кәдімгі қарағай 3-5 жыл, сібір
балқарағайы 3-8 жыл. Қайың мен көктерек жыл сайын мол
тұқым шашады. Тұқым шашудың мұндай қайталанып келуі
биологиялық және экологиялық жағдайлардан басқа
ормандардың географиялық орналасуымен байланысты.
Мысалы: Кольск түбегінде қолайсыз экологиялық факторлар
әсерінен кәдімгі қарағайдың мол тұқым шашуы 10-15 жылда
болады.
Ұрықтар мен тұқымдардың пісіп жетілуі шартты тәуелді
түрде болып, тұрғылықты жеріне, ағаш тұқымдарына,
ағаштың өсетін аумағы мен ауа-райының қолайлығына
байланысты. Сондықтан әр ағаш тұқымы өз уақытында пісіп
жетіледі. Мысалы: көктем мен жаздың бас кезінде- терек,
дала шегіршіні; жазда- аққайың, орманжаңғағы, ал, күзде-
емен немесе барлық қылқанды жапырақты ағаштар.
Ағаш тұқымдарының таралуы әр түрлі жолдарменен
таралады. Желмен таралатын тұқымдардың көбі қылқанды
жапырақты ағаштар (шырша, қарағай, балқарағай) және
жалпақ жапырақты ағаштар (ақ қайың, тал, көктерек). Сумен
таралатын тұқым түрлері (қанды ағаш, емен, терек).
Ормандағы ағаш пен өсімдік тұқымдарының таралуына
жануарлар мен құстар өте көп әсер етеді. Олар сыртқы
терісімен және ең бастысы – асқорту аппаратынан егер тұқым
қортылмай шықса.
Өнімді жинауды ұйымдастыру, рационалды жоспарлау,
орманды қайта қалыпына келтіру жұмыстарын жүргізу, орман
тұқымдық шикізаттарын дайындау үшін кететін шығынды
шығаруды жыл сайын фенологиялық бақылау арқылы
жүргізіледі. Фенологиялық бақылау барысында ағаштар мен
бұталардың тұқым шашуын болжайды. Фенологиялық
бақылау үстінде гүлдеудің уақытын, тұқымдардың
қалыптасуын, бүр мен тұқымдардың пісуін тіркеуге алады.


Жаппай тұқым шашу кезде ағаштар мен бұталардың 50%-нан
астам тұқымдарын жинап алып, өнімділігін анықтайды. 
Көп жағдайда ағаштағы тұқым мен өнімділікті қарапайым
көз мөлшерімен анықтайды. Егерде тұқым мен жеміс дәл
ормандағыдай қалың емес, оның бір бөлігі және жалғыз
тұрған ағаштағыдай болса, онда ол өнімі жоқ жыл болып
есептелінеді. Ал, орманның бір бөлігі мен жалғыз тұрған
ағаштағыдай емес орташа болса, онда қанағаттандырарлық
өнім болады. Ағаштың әр бұтасы жаппай өнім беретін болса
онда оны өнімі мол жыл деп атаймыз. Кемінде соңғы он жыл
ішіндегі тұқым дайындау көлемін талдау барысында
статистикалық әдістерді қолданады.
Қарағай тұқымының өнімділігі шамамен гектарына 0,3 тен
19кг, шырша-158кг/га, балқарағай- 80кг/га, қайың-47кг/га,
емен-650кг/га. Егерде қарағайды алатын болсақ 1кг-да
шамамен 150 мың тұқым, шыршада 130 мың, қайыңда 1,5
млн. тұқым болса, көктемде 1га-на қанша тұқым түсетінін
ойлаңдаршы. Сондықтан, жерге түскен тұқымға күннің түсу
энергиясымен қолайлы температура, ылғалдылық пен
жеткілікті оттегі қажет. Қарағайдың тұқымына орташа
температура алатын болсақ 25-30º , өсуі 5-30ºс-де басталады.
Жас өскіндердің алғашқы жылдары ағаштар шымылдығы
астында немесе ашық шөптесін жерлердің өзінде әсіресе
астықты жамылғылардың астында болуы жарықтың түсуіне,
топырақтан қоректік заттардың сіңіруіне үлкен кедергі
келтіреді. Орманның қайта қалыпына келуі үшін жарықтың
түсуі, өз кезегінде ағаш сүрегінің құрамы, формасы, жасы,
тығыздығына байланысты. Күрделі тұтасқан немесе қалың
сүректерде микроклиматтық жағдайдың қолайсыздығына
байланысты, орманның қайта қалыпына келуі қиындай
бастайды. Табиғи түрде жаңару, ағаш тұқымдастардың жарық
сүйгіштігіне немесе көлеңкеге төзімділігі арқылы
ерекшеленеді. Орман төсеніші гектарына 0,3см болған
жағдайда шамамен 10 мың қарағай өскіндері шығады. Ал,
5см болған жағдайда не бары- 0,1мың өскін гектарына. Ағаш
кесілген жерлерде табиғи қайта қалыпына келуді тірі топырақ


үсті жамылғысымен байланысты болып, тұқымдардың өсу
ортасын анықтайды. Жаңа шыққан тұқымдар жас өскінге
айналған соң, қоршаған ортадағы маңызды өзгерістерді
көтере алатын жағдайға жетеді. Орманның барлық белгілері
мен құрамы қалыптаса бастайды. Орманның қайта табиғи
қалыпына келу категорияларын есепке алып, бағалау
жұмыстары өз кезегінде орман дайындау, орман шаруашылық
және орманшылық мәдениет жұмыстарын дұрыс қолға алу
үшін керек. Орманды кесу жұмыстарында орман
шымылдығы астындағы жас өскіндердің сапалығы мен
құндылығы орманның қайта қалыпына келуге әсер етеді.
Ағаш дайындауда ең бастысы өскіндердің жақсы түрлерін
сақтау керек.
Орманның қайта табиғи қалыпына келтіру категорияларын
тексеруде олардың санын, жағдайын, иілгіштігі жөнінде
объективті мәліметтер жинақтау керек. Әсіресе кесу
жұмыстарының әдістерін, мал жайу, орман өрттері сонымен
қатар қолданатын техника мен технологиялық жағдайын білу
керек.
Табиғи қайта қалыпына келу категориясы көбінесе 2
әдіспен қолға алынады: көзбен өлшеу және санақ. Көзбен
өлшеу әдісіне 1га-на шамамен 1мың экземпляр өскіндер
мөлшерін алдын ала болжап, анықтауға болады. Ал, санақ
әдісінде өскіндердің өмір шеңдігін, тұқымдастығын, ірілігін:
ұсақ (0,1-0,5м), орташа (0,6-1,5м) және ірі (шамамен 1,5м).
Санақ әдісі ағаш жамылғысынын 10м аумағына жүргізіледі.
Жаппай санақ барысында ағаш бітімдері 50-100м
қашықтығымен алынса, ал, ленталық әдісте- ленталық әдіс,
ал, кесілген ағаштарда дөңгелек аумақтық әдісі қолдалынады.
Орман жамылғылары мен қамтылмаған немесе кесілген
ағаштар орынындағы жас өскіндерді санаққа алу, санақ
аумақтарында жүргізіледі. Олардың көлемі немесе мөлшері
табиғи қайта қалыпына келу категориясына 4м
2
аумақпен
өлшенеді. Орташа қалыңдық (3,1-10мың дана/га). Өскіндер
10мың м
2
аумақта өлшенеді. Ал, сирек өскіндер (3мыңға
дейін дана/га) 20м

аумағы алынады. Табиғи қайта қалыпына


келу бағасы бекітілген тәртіп бойынша жергілікті немесе
аймақтық шкаласының инструкциясына сәйкес жүргізіледі.
Орман кесу билетінде (орман кесушінің жеке куәлігі) әрбір
1га аумақтағы қорғауға алынған жас өскіндердің көлемі
көрсетіледі.
Вегатативті көбею тұқымдық көбеюге қарағанда анағұрлым
жақсы. Жас бұтақшалардың қайта қалыпына келуі көп
жағдайда ағаштарды кескеннен кейін ағаш түптерінің
айналасындағы жарылмаған бүршіктерден өсіп шығады.
Жарылмаған бүршіктерден көптеп өсетін жас бұтақшалар
әсіресе қайың, емен, жаңғақ ағаштарында көптеп өседі.
Түбірлік көп жас өскіндері көктерек, сұр қандыағаш сыңды
түрлері жақсы береді. Келесі бір жас өскіндердің көбеюінің
бір түрі топырақ арасынан ағаш жанынан өсіп шығады.
Бұндай көбеюлер жөке, орман жаңғағы, қылқандылар ішінен
самырсын ағашына тән. Тұқымның қайта қалыпына келуі
және ормандық вегетативтік көбею белгілі бір
артықшылықтарды және кемшіліктерді иеленеді. Тұқымдық
қайта қалыпына келудегі бірден-бір жолы. Ол сонымен қатар
жапырақты ағаштардың қайта қалыпына келуге үлкен
маңызға ие. Тұқымды екпелер алғашқы жылдары ақырын
өседі, ал, арам бұтақшалар жылдам өседі. Тұқымдық
ағаштардың бойы биік өссе, жас бұтақшалар (әктек өскін)
биік өсуін ерте тоқтатады. Бұның себебі тұқымдық ағаштар
алғашқы бетте шағын тамырлы болса ,ал, әктек өскіндер
аналық ағаштың тамырлық жүйесін пайдаланады. Тұқымдық
пайда болған ағаш сүрегі сапасы құрлысқа неғұрлым жақсы,
ал, әктек ағаштардың діңі қыйсайып өскендіктен діңгегі
дұрыс болмай өседі. Сондықтан әктек ағаштарының шығуы
біртіндеп төмендеп, экономикалық маңызы жоғалады. Көп
жағдайда вегетативті шыққан ағаштар жылдам шіритіндіктен
шаруашылық маңызы төмен. Тұқымдық қайта қалыпына келу
ағаштардың тұқым шашуымен байланысты болса, әктек
ағаштардың өсуі байланысты емес. Тұқымдық сүректерді
өсіруде алғашқы жылдары күтімді қажет етеді. Себебі
шөптесін өсімдіктермен қапталып немесе басқа маңызы


төмен жылдам өсетін ағаштар мен бұталардың арасында
қалып қояды. Әктек ағаштарды өсіруде күтім
жүргізілмегендіктен көп шығын шығындалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет