2.4 Ағаш тұқымдастарын ауыстыру.
Орманды қалыптастыру және жаңарту процесстері, орман
құрамы тұқымдастарын ауыстыру уақытында немесе бір
ағаш тұқымдасын басқа ағаш тұқымдасымен ауыстырғанда,
байқалады. Ағаш тұқымдастарының ауыстырылуы табиғи
жолмен өте ұзақ процессте жүзеге асады. Қарағай, емен,
қайың және көктерек секілді жарық сүйгіш тұқымдастар
шырша, самырсын, жөке және т.б. көлеңке сүйгіш
ағаштармен алмасады. Ғасырлар бойы табиғи жолмен
алмасатын ағаш тұқымдастары адамның шаруашылық
әрекеттері барысында алмасатын ағаштарда өте баяу жүреді.
Климаттың біртіндеп өзгеруі бір тұқымдастың пайда болуына
алып келсе, екіншісін жоғалтады. Табиғаттың әсерінен
болатын тұқымдастардың өзгеруі ауа-райының жағдайына
байланысты. Вегетатциялық құрғақ кезеңнің басталуы тұқым
шашуды жоғарлатса, көп жағдайда қылқанды ормандарда
өрттердің пайда болыына алып келеді. Осының салдарынан
жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш қылқанды ормандар
қайың және көктеректермен алмасады.
Орман құрамының үлкен ролді орман тұқымдастардың
биологиялық және экологиялық: тұқым шашу әдісі,
қоректену маңызы, вегетатциялық көбею мүмкіндігі,
табиғаттың және қоршаған ортаның қолайсыздығы үлкен
ролді атқарады. Қайың мен көктерек жыл сайын көп тұқым
шашады. Ал, қарағай мен шыршаның көптеп тұқым шашуы 5
жылда бірақ рет болады. Қылқаны және жапырақты
тұқымдастардың тұқымы мен ұрықтары (қарағай, шырша,
көктерек, самырсын және т.б.) желдің көмегімен алысқа ұшу
үшін кішкентай икемделген қанатшалары болады. Ал,емен,
шәмшәт дәндері ауыр болғандықтан ағаш маңында таралады.
Сондықтан олардың тұқым шашу қабілеті төмен. Көптеген
ағаш тұқымдастары вегетативтік жолмен (қайың, көктерек,
жөке, емен, және т.б.) жаңаратын болса, ал басқалары тек
тұқыммен (шырша, қарағай, балқарағай) жаңарады.
Қазіргі дәуірде орман құрамының өзгеруіне адамның
шаруашылығы үлкен әсерін тигізеді. Үлкен аумақтарда
қылқанды ормандарды кесу, жапырақты ормандардың пайда
болуына әкеледі. Мал жайылу барысында емен ағашы қанды
қара ағашпен, көктерекпен, қайыңмен алмасады. Ағаштар
өскен аймақтарды құрғату оның түпкілікті құрамының
өзгеруіне алып келеді. Егер құрғату барысында таза
қарағайдың орнына қайың, шырша, көктерек пайда болады.
Қылқанды орманда кең таралған орман өрттері олардың
бірінші кезекте қайың мен көктеректің алмасуына алып
келеді. Шыршалы сүректі жаппай кесу немесе өртке орануы
бұл аймақта барлық қоршаған орта факторлары өзгеріп, жаңа
факторлар кең аланқайларда пайда болады. Топырақтың
бетіне көп көлемде жарық, ылғал түседі. Осының салдарынан
тек тірі жан-жануарлар ғана емес топырақ құрамыда өзгереді.
Көлеңке сүйгіш мүктердің, шөптердің, бұталардың орнына
жарық сүйгіш шалғындық шөптер пайда болады. Шырша,
қайың және көктеректің биологиясы өте әр түрлі. Жапырақты
ормандар жыл сайын көп көлемде тұқым берсе,
шыршалардың жақсы тұқым беруі 4-5 жылда бір рет келеді.
Қайың мен көктерек тұқымдары шыршаның тұқымдарына
қарағанда алыс аймақтарға ұшады. Көктерек пен қайың
жарық сүйгіш болғандықтан алғашқы жылдары жылдам өссе,
ал шырша көлеңке сүйгіш және баяу өседі. Сонымен
шыршаның жас өскіндері көктемгі кеш үскіріктерден зардап
шексе, ал жапырақты тұқымдастар ауаның төменгі ауытқу
температурасына төтеп бере алады.
Биологиялық нұсқау бойынша шырша, көктерек және
қайыңның егер кесілген немесе өртенген жерлерінде
жапырақты ағаштар тез жетіліп жас көктерек және қайың
секілді өскіндері дами түседі, олар шыршаның өсуіне
қолайлы жағдай туғызады. Топырақ жамылғысындағы жерді
бекітіп тұрған астық тұқымдастар жоғалып, ал ауаның
температурасы көп-көп төмендейді. Осы уақыт аралығында
көктерек пен қайыңның тұқым беретін жылдары олардың
көлеңкесінде шырша өсе бастайды, өйткені олар күннің көзін
сүймейді. Көктерек пен қайың ұзақ өспейтін тұқымдар,
сондықтан оларда тез өлуі басталады, ал шырша көп жылдық
болған соң, оларда енді ғана өсіп дамуы басталады.
Қарағай көбінесе қайыңмен және көктерекпен сирек
ауыстырылады. Бұл ауыстыру көбінесе қарағай ағаштарын
кездесуден кейін таза құмды топырақтың бөлінуі кезінде
пайда болады. Қарағайдың тұқымы шөбіне аралып, оның
өскіні шықпай қалады. Тығыз өскен шөп жамылғысы күшті
көлеңкелейді, сондықтан қарағайдың өскіні өспей қалады.
Содан кейін қайың өз дәндерін шашып өседі. Емен тұтастай
кесуден кейін, жиі көктерекпен, жөке, ақ бүк ағашы және
басқа да жұмсақ жапырақты тұқымдастарымен
ауыстырылады. Бұның тұқымы ауыр болғандықтан, ағаштың
ұшар басының шекарасына ғана түседі, сондықтан мұнда
ауыстырылуы болады. Қайың, көктерек және т.б. түрлердың
тұқымы ашық жерлерге еркін түсіп, жас өскіндер тез биікке
өседі. Еменнің өскіні жарық сүйгіш және көбінесе ол
көктерек, қайың, тал, т.б. ағаштардың көлеңкесінде қалып,
өліп қалады. Бұған қарамастан, емен балақ шыбық қасиетіне
ие, қартайған кезде ол оны кейде бермейді.
Бұл жағдайлардың бәрі емен ағашының орнына жұмсақ
жапырақтылардың өсуіне әкеп соғады.
Тұқымдардың ауысуын бағалай отырып, келесі
жағдайларды айта кеткен жөн. Қылқан жапырақтылардың
ауысуы - сапалы өзгеру, бірақта экономикалық және орман
қамтамассыздандыру маңызы төмендейді. Бұл бағалы қылқан
жапырақты ағаштардың жоғалуын баяндайды және орман
өсімдіктер ортасында бұл төмен жақты көрсетеді.
Тұқымдардың ауысуын орман шаруашылығын жүргізілуіне
байланысты талқылауға болады. Қылған жапырақтылардың
ауысуы болатын жерлері көп болып кетсе, онда орман
шаруашылығы деңгейі төмендейді. Сонымен қатар
тұқымдардың ауысуы оң нәтижелер береді, мысалға
шыршаның қайыңмен ауысуында топырақ жақсарады.
Кесілген қалдықтардың аурулары күресу. Сондықтан ағаш
тұқымдастарының ауысуының экономикалық бағасы
орманның әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты
қарастырылады. Барлық талдаулар орман шаруашылығына
бүкіл жағдайлар жасау керегін көрсетеді.
|