Орман типологиясыныѕ ќўрылуы


Орман шаруашылық тәсілдерімен құндылығы аз



Pdf көрінісі
бет22/29
Дата16.05.2024
өлшемі372,29 Kb.
#202398
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
168274 (1)

4.2.Орман шаруашылық тәсілдерімен құндылығы аз
орман екпелерін қайта құру
Құндылығы аз орман екпелерін қайта құру дегеніміз -
құндылығы аз орман екпелерін кесу және мәдени орман өсіру
тәсілдері көмегімен құндылығы жоғары екпелермен орнын
ауыстыру. Қайта құрудың негізгі мақсаты – орман құрамының
құндылығын жақсарту, өнімділігін және табиғатты қорғау
функцияларын жоғарылату.
Орман шаруашылық тәсілдері мен құндылығы аз орман
екпелерін қайта құру тек қана қандағашты, тамыр атпалы
көктеректі, жас бұтақты қайыңдардың орындарын басады,
яғни қылқан жапырақтылар – емен, шаған, үйеңкі және тағы
басқаларымен. Бұлар табиғи немесе жасанды жолмен пайда
болған. І топқа жататын ормандардың өте жақсы өсу
жағдайларын қамтыған құндылығы төмен отырғыларда қайта
құру жұмыстарын белгілейді. Қайта құрудың 2-ші қатарында
болатын орманның ІІ тобындағы өскіндер мен тамыр


атпалардан қалыптасқан отырғылар жатады олар шымылдық
астында 1,5 – 2000 қылқан жапырақты дана мен биіктігі 0,5
метрден биік болып, ауданда біркелкі орналасып сүрек
діңдерді сату мүмкіндігі болса. Соңында қалпына келтіру
жұмыстары ІІІ топ ормандарында жүргізіледі. Яғни мұнда
сүректер аз кездеседі және шаруашылықта бағалы орман
ағаштарын екпелермен ауыстыру жұмысының нәтижесі
жоғары өнімділік бермейді. 
Әдетте құндылығы аз екпелерде қайта құру, біртекті
топтастыру, бірқалыпты қайта құру және тегіс қайта құру
жұмыстары жүргізіледі. Олар қайта құратын екпелердің
құрамына, шығу тегіне, бірігуіне, жағдайына байланысты, ең
бастысы - шымылдық астындағы шаруашылық жағынан
құнды түрлердің жас өскіндерінің болуымен байланысты.
Жалпылап қайта құру тәсілін жиі өскіндер мен
тамыратпалар тегі бар ұсақ жапырақты 5-20 жылдық
өсімдіктерде және биіктігі 6-7 метр болып, шаруашылықта
құнды түрлерімен және ауданда біркелкі өсуімен көзге түссе.
Бұл жас өскіндерде ені 4-8 метрлік ашық жол салынады.
Келешекте ол жолдарды сиректетеді немесе тегіс кесіп
тастайды.
Қайта құрудың біртекті топтастыру тәсілін аралас 5-20
жастық толықтығы бірқалыпты емес және шымылдық
астындағы топтар 0,05 га дейін және шаруашылықта құнды
түрлері бар біртекті ағаштарда қолданылады. Топтар мен
біртекті шашылған дәндерден өскен ағаштардың үстінен
сапасы екінші сатыдағы ағаш түрлері кесіледі немесе
шаруашылықта құнды ағаштарға өсу мүмкіншілігі
жақсартылады. Ол өсуді нашарлататын жапырақты
өсімдіктен арылуымен байланысты.
Бір қалыпты қайта құру - шашылған дәннен өскен
ағаштардың үстіндегі шымылдықты сиректетумен
байланысты және шаруашылықта құнды түрлерді бірнеше
тәсілмен сақтауды жүргізеді. 
Құндылығы төмен екпелерде тегіс қайта құру
жұмыстары жоғары қарқынды орман шаруашылығында


қолданылады және ол өскіндердің жоғарысындағы ұсақ
жапырақты тамыр атпалардан дамыған ағаштарды жоюмен
байланысты, олардың ішінде шаруашылықта құнды түрлер
болмауы керек. Жағымсыз ағаштар мен бұталардан арылу
«Секор» бұта кескішімен, балтамен және ағаш пен бұта
өсімдіктерін жоятын арнайы химиялық заттармен, яғни
арборицидтермен жүгізіледі.
Арборицид ретінде жүйелі түрде әсер ететін
препараттар қолданылады. Жапырақтарға түскеннен кейін
жүргізу жүйелерімен ағаш тамырына жетеді, сонымен қатар
таңдамалы әсер ететін болып келеді. Яғни жағымсыз
ағаштарды (сұр қандағаш, көктерек, қайың, орманжаңғақ,
тал, т.б.) жойып, пайдалы (шырша, балқарағай, майқарағай,
қарағай, т.б.) түрлерге зиян келтірмейді.
Жағымсыз ағаштармен күресу шараларында
қолданылатын негізгі арборицид түрлеріне амин тұздары,
бутил және т.б. эфирлер 2,4-Д, пиклоран препараттары
(раундап, гармон, т.б.), вельпар, гардоприм жатады. Бүрку
тәсілін құрғақ, тыныш ауа райында таңғы немесе кешкі
сағаттарда, ереже ретінде, жоғарғы бүршік қалыптасып және
қылқан жапырақтыларда өркендер ағаштанғанда жүргізіледі.
Бүркіп шашуға ұшақтар (АН-2, АН-2М) және тікұшақтар
(КА-26, МИ-2), тракторлар (орманда қолданылатын
аэрозольді бүріккіш генератор ЛАГО-У, аэрозольді генератор
АГ-4Д-2), сонымен қатар арнайы, арқаға салып жүретін
бүріккіштер
(ОРП,
ОМР-2,т.б.)
қолданылады.
Арборицидтерді ағаш қабығына жағу арқылы және діңінің
камбиіне енгізу арқылы да қолданады. Бұл тәсілдерде
жаққыштар пайданылады, өңдеу аппараты (АБО-1) және
сүректік инжектормен (ИД-1, ИД-2, ИП-4), «Кобра» аппараты
қолданылады.
Орманды күту жұмыстарында арборицидтерді
қолданғанда, мыналарды ескеру керек. Олардың жоғары
токсинді болуын, бірақ та адамдар мен жануарларға қауіпсіз,
ағзада жиналмауын және вегетациялық кезеңде толық
ыдырауы қамтамасыз етілу керек.


Құндылығы төмен жас ағаштарды химиялық өңдеудің
механикалық жоюдың алдында мына артықшылықтары бар,
яғни жұмыс және қаржыны аз шығындандырады. Жапырақты
жас сүректерді арборицидтермен уландырғанда, жағымсыз,
пайдасыз, пайдасы аз ағаштар біртіндеп жойылады, ал
өздігінен өскен қылқан жапырақтылар мен жас бұтақтар жаңа
қоршаған ортаға біртіндеп бейімделеді. Бірақ, химиялық
өңдеуде ұсақ сүректер пайдаланылмайды, уақыт өте келе,
алайда көптеп қайта қалпына келтірілген екпелердің сыртқы
түрі нашарлайды, ағаштар көптеген саңырауқұлақ
ауруларымен зақымдалу қаупі төнеді. Ең жаманы топырақ
микрофаунасына, орман аңдары мен құстарына үлкен қауіп
төнеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет