Орман типологиясыныѕ ќўрылуы


Шаруашылықта құнды түрлердің өзі өсетін және жас



Pdf көрінісі
бет24/29
Дата16.05.2024
өлшемі372,29 Kb.
#202398
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
168274 (1)

4.4.Шаруашылықта құнды түрлердің өзі өсетін және жас
ұрпақтарын сақтау жұмыстарының технологиялары
Орман алқаптарында қолданылатын басты кесуде
жоғары
өнімді технологияларды пайдаланғанда,
шаруашылықта құнды түрлердің өзі өсетін жас өскіндерін
сақтауды да ойластыру керек. Сонымен қатар топырақты
сақтаудың да мағынасы мол, себебі экологиялық ортаны
жақсартатын және орманның қолдан қалпына келтіруі
ойланыстырылады.


Технологиялық үрдісте ерекше орынды машиналар мен
механизмдер алады. Олардың негізінде ағаш кесу
жұмыстарының технологиясы жасалады; кесу жұмыстарында
соңғы өндірістік операциялар маңызды орын алады; өскіндер
мен жас бұталардың негізгі маңыздылығын сақтауда ағаш
кесу операцияларының құрамы мен қалыптасуына келесі
технологиялық деңгейлер қолданылады. 
1) Құлату-тасымалдау – ағаштарды тасушы транспортқа
тиеу. Бұл схемада төменгі қойма қуаты жылына 100 мың м
3
сүректен көп болса (ағаштарды дайындаудағы негізгі
цехтардың бірі; бұл орманда жалпы бастапқы өңдеу мен
уақытша сақтауға арналған, сонымен қатар әрбір бөлімді
қайта қарау мен өнімді тұтынушыға түсіріп беру қызметін
атқарады) іске асады. Ағаштың басы мен бұтақтардың
утильдену мүмкіндігі бар. Машиналар көмегімен ағаш құлату
жұмыстарын қолмен істеуден босатады. Ал бензин
араларымен кесу және тасымалдау жұмыстары қолмен еңбек
еткенді талап етеді.
2) Құлату, ағаштардағы бұталарды жүктеу. Бұл түрі де
бірінші деңгейдегі сияқты барлық өндірістік операцияларда
толық механизацияландыруды қажет етеді. Өскіндер мен жас
бұталардың сақталуы, кесу жұмыстарында ағаштарды құлату
мен тасымалдау әсіресе бұталарында 60...70% аз болмайды. 
3) Ағаштарды құлату - бұталарды кесу, бұталарды
тасымалдау – жүкке арту. Бұл схема бойынша
бензинмоторлық кескіштер, арнайы тасушы тракторлар
(ауыр жүк тасымалдайтын шығырлар, чокерлер)
қолданылады. Технологияның бұл түрі, тегіс кесу ішінде
негізгісі болып табылады. Өскіндер мен жас бұталардың,
ағаштардың сақталуын қамтамассыз етеді.
4) Құлату – ағаштарды тасымалдау – бұтақтарды кесу –
бөлшектеу (бұтаны бөренеге, т.б. бөлу). Сортименттерге
бөлшектеу – жүкке арту 1- ші және 2-ші түрдегі схема тәрізді.
Тракторлық тасымалдауда өскіндердің сақталуын
қамтамассыз етеді. Тұтынушыға сортиментті жеткізудің
тәсілдерін шығарады.


5) Ағаш құлату – бұталарды кесу - бөлшектеу-
сортименттерді тасымалдау және жүкке арту қол еңбегін көп
керек етеді. Дегенмен жас бұталар мен өскіндер жақсы
сақталады.
Орман пайдалану тұрғысынан қарасақ, ең тиімдісі 1-ші
және 2-ші түрдегі схемалар болып табылады. Себебі олар
кесу жұмыстарының механизациялауын қамтамассыз етеді,
кесу кезіндегі ауыр жұмыстарды қолмен істеуден арылтады.
Бірақ жас бұталар мен өскіндердің жақсы сақталуын
төмендетеді. Сондықтан еңбек және кесу жұмыстарына
шығынды аз қажет ететін орманды қалпына келтіретін
машиналар мен технологиялық үрдістерге көп мән берген
жөн.
Орман құру тәжірибесінде басты кесу жұмыстарында
қолданылатын көптеген нақты технологияларының
сызбалары белгілі. Технологиялық сызбалардың көптеген
түрі трактормен ағаш тасуға негізделген, аз түрі басқа
тәсілдерге (ауыр жүк тасу шығырлары, құлатып
тасымалдайтын машиналар және т.б.) негізделген.
Кесу жұмыстарының алдында дайындықтар жүргізіледі,
яғни соқпақтарға бөлу (кесу жұмысының бір бөлігі, мұнда
ағаштар мен бұталар, сортименттер тракторлармен сүйретіліп
тасымалданады) және соқпақта ысырмалап тасымалдау
(ағаштардан тазартылған транспорттық жолақ, яғни
ағаштарды кесу орнынан жүкке арту орнына дейін
тасымалдау жолы).
Тегіс кесу жұмыстарында трактормен тасымалдауда
магистральді тасымалдайтын ысырмалардың ені 6...7 м
соқпақтарда -5 м, біркелкі және таңдамалыда -4 м болуы
керек. Бұл жас бұтақтар мен өскіндердің жақсы сақталуына
әсер етеді. Соқпақтың ені кесілетін ағаштың орташа
ұзындығына, ағашты құлату мен тасымалдауға,
қолданылатын машиналар мен механизмдерге, сонымен бірге
ағаш дайындау кезеңдеріне байланысты анықталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет