Орман типологиясыныѕ ќўрылуы


Жалпақ аралықты технология



Pdf көрінісі
бет26/29
Дата16.05.2024
өлшемі372,29 Kb.
#202398
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
168274 (1)

Жалпақ аралықты технология
тазалау және
жарықтандыру жұмыстарында қолданылады. Ең алдымен
технологиялық жолдар кесіледі, олардың ені 2-2,5 м, ал


арасындағы аралық 80-120м. Технологиялық жолдарға
тасымалдаушы визир аралығы 20-25м, ені 0,8-10м
орнатылады. Жас ағаштарды біркелкі сиретеді, ал
хмыз(жіңішке шыбық ұзындығы 2м дейін), орташа және үлкен
шыбықтар, сонымен қатар ағаштарды визирлерге
тасысмалдап, бумаларға жинайды. Ол бумаларды жүк
ауданына шығарады. Технологиялық жолдарда сүйрегіштермен
тасымалданатын ағаштарды құлату және шыбықтарды кесу
үшін орман шаруашылық агрегаты ЭЛХА, қол моторлы құрал
«Секор», бензинді-моторлы ара «Тайга -214» және т.б.
қолданылады.Шөпшектер мен ағаштарды тасымалдау үшін
ауыр жүк таситын шығыр ЛТ-400, ал технологиялық
жолдармен бумаларды тасымалдау үшін тасымалдайтын
құрылғылар ТПР-1,ПТН-0,8 агрегатты траторлары Т-40,МТЗ-
80/82 қолданылады. 
Жалпақ аралықты технология сирету мен күтімдік жолақтақ
кесулерде қолданылады. Ағаштарды, шыбықтарды,
сортименттерді технологиялық жолдармен тасымалдау үшін
ауыр жүк таситын шығырды ЛТ-400, ЛТ-600 пайдаланады.
Орманшылық және экономикалық көзқарас бойынша жалпақ
аралықты технология орманды кесу жұмыстарына, кәсіпорын
аудандарына, орман ортасына аз зақым келтіреді.
Орташа аралықты технология
бір және екі есе биік
аағаштар үшін 2 нұсқада қолданылады. 1-ші нұсқада
аралық,ендік бойынша 1,5-2 есе (40-65м) биік ағаштарды және
шыбықтарды тасымалдайды. 2-ші нұсқада жолақ ендігі
бойынша 1-1,5 есе биік ағаштар (26-40м) қолданылады.
Шыбықтар мен ағаштарды бумаларға орап, тасымалдайды.
Орташа аралықты технология көбінесе сирету және жолақтық
күтімдік кесулерде пайдаланылады. Мұнда орманды кесу
жұмыстарына арналған машиналар мен механизмдер
қолданылады.
Жіңішке аралықты технология 16-25 м биіктікті ағаштар
үшін қолданылады. Бұл технологияда сирету және жолақтақ
кесулерді жүргізу үшін құлатып, бумалайтын машиналар ЛП-2
мен тракторлар ТДТ-55 қолданылады. Машина максималды


ұшуы
10,5
м
жететін
манипулятормен
қамтамасыздандырылған.
Технологиялық үрдіс құлатып- бумалайтын машиналармен
жүргізіледі. Учаскені өңдердің алдында сирету немесе
жолақтық кесу алдында визирлер қолданылады(түзу жолақ
ағаштарды белгілеумен анықталады), бал жинайтын жерлер
ағаш бітімінің биіктігіне байланысты 16-дан 25 м-ге дейін.
Содан кейін ЛП-2 машинасы белгіленген визирлермен
технологиялық жолдар жасайды, ені 205-3 м, сонымен қатар
жоятын ағаштарды 8-10 метрлік жалпақтығымен кеседі.
Учаскелерді өңдеу жұмыстары арғы шетінен бастайды, себебі
бумаланатын көлемі 2,4-4 м
3
ағаштар технологиялық жолдарда
жиналып, Т-157Л тракторымен тасымалданады. 
Жіңішке аралықты технологиясында Лп-2 машинасы
қолданылып, құлатпау әдісі меңгеріледі. Кесілген ағаштар
көтеріліп тік қалпында машинаға апарылады және
қалыптастырылған құралдармен артылатын алаңға
тасымалданады.
Тоқсандық кесу әдісі күту жұмыстарының түрлерімен
әдістерінен қалыптастырылады, сонымен қатар басқа да орман
шаруашылық іс- шараларымен біріктіріледі, өйткені орман
шаруашылық типтері біркелкі тоқсандарды немесе блоктарды
дайындау басқа орман шаруашылық іс-шараларына жатады.
Оған жататындар басты кесу учаскені тағайындаумен
байланысты, яғни технологиялық жолдарды белгілеумен, арту
жұмыстарын анықтап, технологиялық карта құрастырады.
Сонымен қатар, тоқсандар немесе блоктар тиеледі де
технологиялық жолдармен тасымалданады.
Орманды күту жұмыстарындағы механизацияны қолдану
орман шаруашылығында күрделі мәселе. Сондықтан жаңа
машиналар мен механизмдерді жаңа негізбен дайындау керек,
олардың көмегімен жаңа отырғыларды отырғызып, кесілген
ағаштарды құлатпай өсімдіктер арасынан тиімді алып,
маңызды орман шаруашылық іс-шараларын жүргізуге болад.
Шет мемлекеттерде (Швеция, Дания,
Великобритания,Франция,Германия,Финляндия,Канада,США


және т.б.) орманды күту технологиялары өңделіп жатыр,
В.Г.Атрохин және И.К.Иевень айтуы бойынша технологиялар
2 бағытпен жүргізіледі: биотехникалық және техникалық.
Биотехникалық бағыттағы тазалау және сирету жұмыстарында
механизация құралдарын қолдану орман шаруашылықты және
орман қорғау ережелерін сақтау қатаң бақыланады. Ең басты
мақсат – ол ағаш сүрегінің массасының өсуі, өсірілетін ағаш
сүрегінің сапасы мен санын өсіру. Техникалық бағытта негізгі
мақсат – ол күтімдік жұмыстар кезінде механизмдерді тиімді
пайдалану, сонымен қатар, ерте жастағы коммерциялық ағаш
сүректерін алу, өйткені жіңішке ағаш сүректері кеңінен
қолданылады.
Күтімдік кесу жұмыстарындағы орындарды тазалау
жұмыстары бірте-бірте және таңдаулы кесу жұмыстары сияқты
іске асырылады. Күтімдік кесу жұмыстарындағы орындарды
тазалау барысында шаруашылық үшін өте бағалы ағаштар,
яғни өсіру үшін қалдырылған ағаштарға өте көп көңіл бөлу
қажет.Кесілген ағаш қалдықтарын бүкіл жерге шашуға және
ұсатуға болады.
Күтімдік кесу жұмыстарының маңызы мен рөлі үздіксіз өсе
береді. Бірақ олардың орындалуы, көлемдерді кеңейту үлкен
қиындықтармен байланысты, олар орманды күтуді
механизациялаудың деңгейінің төмендігі, әсіресе, жас
орманда, орман кесу жұмыстарының технологиясы нашар
дамығандығы және кіші көлемді төмен сапалы ағаштарды
өндірудегі іс-шараларында. Сондықтан төмен тауарлы ағаш
сүректерін кеңінен қолдану күтімдік кесу жұмыстарында
маңызы ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет