Орман типологиясыныѕ ќўрылуы



Pdf көрінісі
бет28/29
Дата16.05.2024
өлшемі372,29 Kb.
#202398
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
168274 (1)

5.2.Орманды қосымша қолдану.
Орман тек ағаш жабдықтаушы ғана емес. Ол ағаш
тектес емес ресурстар, әр түрлі және бағалы өнімдер береді,


оны орманды қосымша қолдану дейді. Оған шөп шабу, мал
бағу, омарта мен ара ұялары, ағаш шырындарын дайындау,
жабайы өсетін өсімдіктердің жемістерін, саңырауқұлақ,
алмалар, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізаттарды
дайындау және жинау, мүк жинау, құлаған жапырақтарды,
қамыстарды, рогоза (көпжылдық батпақты шөп) және т.б.
жинау жатады.
Орманды қосымша пайдаланудағы ең көп тарағаны ол шөп
шабу мен мал бағу. Орманда үй хайуанаттары қоректенетін
шөптесін өсімдіктердің учаскелері өте көп. Бұл учаскелер
өзен жағалауларында, орман бұлақтарында, төмендетілген
жерлерде және т.б. орналасқан. Одан басқа, жапырақты ағаш
сүректерінің асты шөптерге өте бай, олар толық және өте
тығыз болып келеді. Биік толықтанған жапырақты ағаш
сүрегінің (0,8-0,9) астында дымқыл шөптер өнімі – 0,2-0,3
т/га, ал төмен толықтанғандарда (0,3-0,4) – 1,8-2,8 т/га.
Қылқан жапырақты ормандарда шөптердің өнімі 1,5 есе
төмен.
Ағаш егу үшін кесілген жерлерде орнату және орманды егу
алдында аз уақыт аралықты (3 жылға дейін) немесе көп
уақыт аралықты (3-10 ж) қолданады, ал шөп шабу үшін
күнделікті қолдануды қолданады және үйінде малдары бар
адамдар жерлерді бөліп алады. Шөп шабу үшін орман билеті
негіз болып табылады, мұнда жер иесінің міндеті және
құқығы анықталады.
Мал бағу шөп шабу сияқты орман аудандарында маңызды
рөл атқарады. Екпелердің арасында шөптер көп жерлерде
бағады. Малды жаңадан қалыптастырылған ормандарда және
жас дақылдар арасында бағуға рұқсат етілмейді.Мал бағуға
болмайтын жерлердің ең негізгісі ол шаруашылық үшін ең
маңызды да бағалы биік ағаштар арасы. Егер ағаштар биіктігі
малдардың биіктігінен жоғары болса, онда ол жерлерде мал
бағуға болмайды. Малдарды аса бағалы орман
массивтерінеде, қорықтарда, тарихи және ғылыми маңызы
бар ормандарда, саябақтарда бағуға болмайды. Жалпы
жағдай сияқты ешкілерді орманда бағуға болмаайды.


Орманда үй хайуанаттарды бағудың жағымды және
жағымсыз жақтары бар. Біркелкі және үнемі малдарды бағу
орманның қайта жаңғыруына себепкер болады. Тұяқты
жануарлар топырақты қопсытып және оған тұқымның жақсы
енуіне , зиянды жәндіктерді өлтіруге және шөптегі,
топырақтағы кейбір зиянкестерді өлтіруге көмектеседі. Бірақ,
бірқалыпсыз орманда мал бағу орманды көп жағымсыз,
зиянды жағдайларға ұшыратады. Малдар топырақты
тығыздандырып, жапырақ, қылқандарды тістеп, ағаштарға
сүйкеніп, зиян келтіреді, ал бұл өз кезегінде шарушылық
үшін бағалы ағаштардың ауысуына әкеледі.
Орманда әрдайым қолайлы жағдайлар бола бермейді, кейбір
жануарлар ормандағы ара, көбелек, сары маса, маса, шіркей,
кенелерден зардап шегеді. Сондықтан үй жануарлары үшін,
яғни олар орманға аз зиян келтіргендей, оларға ереже
орнатылған: ірі мүйізді малдар бір бас үшін – 2 га, ал
кішкентайларға – 0,5 га.
Мал бағу үшін орман билеті ұсынылады. Жабайы өсетін
өсімдіктерді,
дәрілік
өсімдіктерді,
жемістерді,
саңырауқұлақтарды жинау және дайындау халық арасында
өте көп тараған, өйткені бұл өнімдерде бағалы азық-түлікті
және дәрілік қасиеттер бар. Өте бағалы жабайы өсімдіктерге
грек жаңғағы, жабайы алма мен алмұрт, бадам, таңқурай,
кедр тұқымдары, мүк қарақаты, қарақаты, қарақат, қой
бүлдірген, мүк жидегі, ит бүлдірген, қара жидек ағашы, пісте,
көк жидек жатады. Бұлардың көбі үлкен өнім береді.
Мысалы, көк жидек және мүк жидек өнімі 800-1000 кг/га
дейін, қара жидек ағашы – 1500-2000кг/га жетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет