Орман типологиясыныѕ ќўрылуы



бет10/28
Дата25.12.2021
өлшемі127,2 Kb.
#105227
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
.archivetempлесоводство дәріс

Дәріс 6. Орман типтері
Ормандарды мекендейтін хайуандар түрлерініңбірлестігі, орман фаунасын құрастырады. Орман хайуандарға қорек және баспана береді. Ол жерде олар ұялар салады, індер қазады, дәндер мен жемістерді, бұталарды, жапырақтарды, шөптерді, жәндіктерді және басқа хайуандарды жейді. Орман топтануы күрделене және түршелене келе азық көбейеді, баспана берік болып орман фаунасыда әр түрленеді. Күрделі фауналық кешендер қалыптасады, олар орманның әр түрлі бөлігіне орайластырылады: топыраққа, төсенішке, шөптерге, бұталарға, ағаштарға.

Құстар мен аңдар бір – бірімен, өсімдіктермен, топырақпен, бедермен, климатпен тығыз қарым – қатынаста. Олар орманның құрамдық бөлігі. Мына құстар – тоқылдақ, қайшыауыз торғай, саңырау құр, қарабауыр, құр және сүт қоректілер – ақ тиін, алатышқан, бұлғын, аю орманның тұрғылықты мекендеушілері және оның сыртында өмір сүре алмайды. Орманда басқа да көптеген құстар мен аңдар бар, олар басқа алқаптарда таралған, бірақта ол жерге әрқашан келеді. Олар түлкі, қасқыр, ақкіс, көк қарға, сасықкөкек.

Орманды – далалы жердегі ормандарда болатындар сусар, борсық, орқоян құстардан – құтан, қаратаған, шәуқарға, қараторғай.

Орман фаунасының түрлік құрамына адам іс - әрекеті зор әсер етеді, ол орманды жалпы және талдап кесу, орман жерлерін жырту, құнды жануарлар мен құстарды жою. Ақ тиін, сусар және басқа жануарлар тегіс жоқ болып кетеді. Олардың орнына ашық жерлерді сүйетіндер келеді: бозторғай, қаратамақ торғай, бөдене, құр, көртышқандар, көптеген тышқандар.

Орман аймағының көптеген көлемін қаулап, фаунаның түрлік және сандық құрамын күрт өзгертетін, орман өрттері. Ол өртттер орманды, көптеген аңдар мен құстарды жойып жібереді, сондықтан орман өсімдіктері мен әсіресе жануарлар әлемі қалпына ұзақ уақыт келмейді.

Хайуанаттардың тиімді мағнасы көп салалы, ең маңыздысы дәндер мен жемістерді таратуда. Жануарлар оларды шәшіп өнуіне мүмкіндік береді. Аңдар мен құстардың ас қорытатын органдарынан өтіп өнгіштігін жоғарылатады және алыс жерлерге жайылады. Мысалы, барқылдық торғай жеміс өсімдіктерінің 30 түрінің дәндерін таратады. Тышқандар, ала тышқандар дәндер мен жемістердің қорларын жасағанда қалдықтары қолайлы жағдайларға түскенде өніп жаңа өсімдікке бастау береді. Сондықтан, өртенген, кесілген, зиянкестермен орман жойылған жерлерде орманды келтіруде құстар мен аңдардың мағнасы зор.

Көптеген жәндіктер орман ағаштары мен бұталары тозаңдануға әсер етеді. Жыртқыш және омыртқасыз жәндіктер, жәндіктер жегіш құстар, кейбір сүт қоректілер зиянды жәндіктерді жеп сандарын азайтады.

Жануарлар орманға белгілі зиян келтіреді, өйткені табиғи көбеюі дәндердің өнімділігі төмендеумен байланысты. Олар бағалы ағаш тұқымдарының дәндері мен жемістерін жейді. Дәндер мен жемістерді тышқандар мен сұртышқандар да белсенді жояды. Бір тышқан тәулігіне 1400 дәнге дейін жейді.

Сүт қоректілер қылқан және жапырақты жас өсімдіктерді қатты зақымдайды. Тышқандар және әсіресе сұртышқандар қардың астындағы жас ағаш өсімдіктерінің вегетативтік бөліктерімен қоректенеді. Олар өздігінен өсетін және жас өскіндерді 25% дейін жояды.Оларды сонымен қатар қояндар, бұландар, еліктер, бұғылар қабығын кеміріп және жұқа бұталарын тістеп зақым келтіреді.Әсіресе көп зақымдауларды бұландар жасайды.

Фауна шөп. Мүк және қына өсімдіктеріне, орман төсенішіне әсер етеді. Ормандық тұяқты аңдар мен кеміргіштер азық ретінде шөптерді, мүктерді, қыналарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді қолданады. Қарабауыр, құр, ақ құрлар көптеген жидектерді жиді. Сондықтан хайуандар жер бетіндегі өсімдіктердің түрлік құрамына әсер етеді.Көптеген орман құстары жәндік қоректі сондықтан орманның санитарлық жағдайын жақсартады. Зиянды жәндіктердің жұлдызқұрттары және құрттарымен азықтанатын мына құстар – көктеке, көкек, сары шымшық, сары торғайлар өте пайдалы.

Жәндіктер орманның ажыратылмайтын бөлігі. Олар топырақтағы заттар айналымын жеделдетеді, топырақ қалыптасу процесіне белсенді қатысады, ағаштар мен бұталарды тозаңдатады, көптеген аңдар мен құстардың азығы болады, зияды жәндіктерді жояды ж.т.б. Сонымен қатар жәндіктер орман және ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді, паразиттер және жануарлар мен адамдарға аурулар жұқтырады ж.т.б.

Орман аңдары мен құстары аңшылық шаруашылығының құнды объектісі болып есптеледі.

Іс жүзінде орманның барлығында қорғаушы қаситтер бар. Олар органикалық заттардың көбеюіне қатысады, ауаны от тегімен толықтырады, судың ағуын реттейді, климат пен ауа – райына әсер етеді, су көздері мен топырақты қорғайды. Сондықтан, орманды табиғи және қолдан жасалған деп арнайы бөледі, олардың мелиоративтік және қоршаған ортаны қалыптастыру мағынасы зор. Орманның бұл қаситтерін әр түрлі объектілерді қорғауға қолданады, біріншіден қолайсыз табиғи және антропогендік әсерлерден ауыл шаруашылық жерлерін. Ормандардың қорғаушы – мелиоративтік, яғни әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мағынасы, кейбір жағдайларда шаруашылық, яғни ағаш алу, құндылығын асып түседі. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес біздің Республикамызда орманды былай топтастырады: орман су күзету, егіс – топырақ қорғау, гендік, санитарлық – гигиеналық, сауықтыру.Су күзету ормандары өзендер мен басқа су айдындарын батпақтанудан және жағалары бұзылудан қорғайды.Бұл ормандар су жиналатын аймақтардың микроклиматы мен гидрологиялық тәртібін жақсартады, суларды ластанудан сақтайды, өзендердің суға толы болуын қамтамасыз етеді, суды жер бетімен ағып кетуді азайтады, балықтардың уылдырық шашуын жақсартады ж.т.б.

Егіс – топырақ қорғау ормадары, негізінде, эрозияға қарсы орман екпе ағаштары. Олар топырақ қорғайтын суыртпақ, ықтырма, орман алқабы ретінде топырақты шәйуден, ұшудан сақтау үшін жасалады. Әр түрлі табиғи аймақтарда қолдан жасалған екпе ағаштар жергілікті гидрологиялық және климаттық жағдайларды жақсартып ауыл шаруашылық егістіктерін қуаңшылықтан, аңызақтардан және шаңды дауылдардан сақтайды. Нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылатады.

Санитарлық – гигиеналық және сауықтыру ормандары құрамына қалалық отырғылар, ірі тұрғын кешендері мен өндіріс өнеркәсіптерінің аймағындағы жасыл алқаптар ормандары, курорттық ормандар ж.т.б. кіреді. Ол ормандар объектілерді қолайсыз желдерден, қармен тозаң басудан, шудан қорғайды. Олар ауаны озон және фитонцидтермен байытады, оны газдар мен шаңнан тазартады, халықтың денсалығын жақсартып, дем алу орны болады. Курорттарды санитарлық күзету аймағындағы ормандық алқаптар, табиғи емдеу ландшафттарын ластанудан сақтайды, сонымен қатар халықтың емделіп және дем алуына қолайлы микроклиматтық жағдайлар жасайды.

Генндік ормандардың негізгі мәселесі жақсы тұқымдық қасиеттері бар ағаштарды сақтап болашақ ұрпақтарда жалғастыру.

Бонитет классы бойынша сүректер (ағаштар жиынтығы) сипаттамасы топырақтардың сапасын, олардың өнімділігін, екпелердің барлық сапасымен құрамын толықтай анықтайды. Көп жағдайда бонитеттің бір класстағы орман өсіру жағдайы неғұрлым әр түрлі болғандықтан орман дайындалуы, орман шаруашылық және экономикалық шараларды қажет етеді. Мысалы: бонитеттің төртінші класстық қарағайлары бедердің көтеріңкі қылқанды орман аймақтарында және құрғақ немесе сарғыш құмдақ топырақта өседі. Сонымен қатар бонитеттің төртінші кластық қарағайлары көбінесе осы аймақтағы төмеңгі бедер элементтерін сарғыш, ылғалды және дымқыл топырақта өседі. Сондықтан орман шаруашылық және орманды пайдалану жұмыстарында мұндай ағаш бітімдері әр түрлі болады. Олардың әр түрлілігі ормандарды жаңарту әдіс-тәсілдерінде мелоративтік шараларда, өрт қауіпсіздігін қолданумен байланысты. Ерекше әр түрліліктерді орман дайындау кезеңінде сүйрегіш машиналарды қолдануда және аймақтарды ағаш кесінді қалдықтарынан тазалауда да болады. Кейбір ерекшеліктер аң шаруашылық ісін жүргізуде де байқалады. Осыған байланысты еңбек және қажетті жабдықтарды пайдалану шығыны әр түрлі. Сондықтан орман шаруашылық тәжірибесінде ертеден бері орман типтері идеясы қолданылып келеді.

Ең алғаш екпелердің типтері жөнінде ұсынған және ғылыми типологиясының негізін қалаушы Г.Ф.Морозов болып табылады. Ол екпелер типінің анықтамасын, екпелердің жиынтығы ретінде үлкен бір қауымдастыққа біріккен немесе топырақ жер қабаты жағдайында болғанын баяндайды. Г.Ф.Морозов бойынша екпе типтері- климаттық жағдайларға байланысты орман шаруашылық, географиялық түсінік ретінде төмеңгі класификациялық бірлік болып табылады. Г.Ф.Морозовтың идеясын арықарай Е.В. Алексеевтің, Д.В.Воробьевтің, В.Н.Сукачевтың еңбектерінде жалғасын тапты. П.С.Погребняк орман класификациясының негізіне екпелердің жергілікті әр түрлілігін көрсететін эдофиттік немесе топырақ факторларын атады. Бір жағынан ормандар бітімінің байланыс белгілерін табу үшін, екінші жағынан топырақ жағдайының белгілерін анықтау үшін эдофиттік торды қолданды. Бұл тор екі қатардан: топырақтағы қоректік заттардың мөлшерін көрсетуші- трофогендік және топырақтың ылғалдылығын көрсетуші гигрогендік жақтарын көрсетеді. Трофогендік қатардағы мүшелерді П.С.Погребняк трофотоптар деп атады. Ал, онда қарағайлы орман, суборь, сугрудок немесе күрделі суборі және груд немесе жалпақ жапырақты орман болып бөлінеді. Қарағайлы ормандар құмдақ топыраққа бейімделіп өседі. Суборлар шамамен құмдақ топыраққа тән болып, сонымен қатар шырша және басқа да тұқымдастар өседі.Сугрудкалар немесе күрделі суборлар сазды немесе сортаң топырақтарда емен, шәмшәт, жөке ағаштары бейімделіп өседі. Неғұрлым құнары бай топырақтар (құмдақ топырақ, қара топырақ, сазды және тағы басқалары ) грудтарда немесе жалпақ жапырақтыларда неғұрлым ағаштар мен бұталар шоғырланған.

П.С.Погребняк бойынша гигрогендік қатардағы мүшелер гигротоптар деп аталады. 0- өте құрғақ тіршілік ортасы, 1- құрғақ, 2-жаңа, 3- ылғалды, 4- дымқыл, 5- батпақты. П.С.Погребняк бойынша химиялық құнарлығы, ылғалдылығы бірдей орман учаскесінің топырағы эдотоптар деп аталады. Эдофиттік торда трофотоптар мен гигротоптардың қыйылысуы оның тордағы орнын көрсетеді. Трофотоп жағдайында күрделі шырша өседі. Оны сурамень, ал еменді судубрава деп атайды. Егер жалпақ орман жағдайында шырша өсіп тұрса оны рамен, ал шәмшәтті букчина деп атайды. Эдофиттік торда экологиялық эндикаторлар болып ағаштар, одан басқа шөптесін өсімдіктер жатады. П.С.Погребняк типологиясы кей жағдайда орман типтерін көрсетпейді. Орманды далалы және далалы аймақтарында ағашты егу немесе отырғызуда тәжірибелік маңызға ие болатындығын көрсетіп, ағаш өсіретін орындардың қолайлы классификациясын анықтайды. Ол қылқанды ормандар аймағына қарағайлы және шыршалы орман типтерінің классификациялық сызба-нұсқа жасады және осының негізінде бедер, топырақ, сүрек және тірі топырақ үсті жамылғысы секілді белгілерін көрсетті. Кординат жүйесінде абцисса бойынша олардың қиылысуынан солға қарай топырақты шектен тыс ылғалдануы көбейіп, оның арты топырақтың құнарын азайтады. Ордината осьі бойынша қиылысу осьімен жоғары қарай топырақтың ылғалы және құнары төмендей түсіп, ал төмен қарай ылғалдануы мен топырақ құнарлығы артады. Ал, абцисса қиылысы осьімен оңға қарай біртіндеп топырақ құнарлығы арта түседі. Ормандардың жақын типтерін В.Н.Сукачев топтарға біріктірді. Орман типтерінің атауы сүректері және негізінен топырақ үсті жамылғысы мен шірік немесе аласа ағаштардың қандай түрінің басым (мысалы: қарағай-қызылмақ, қарағай-қызыл жидек, қарағай-саумалшық т.б.) соған байланысты болады. Сукачевтың бұл схемасы шыршалы ормандарға да қатысты.

Қортындылай келе ол келесідей анықтамасын көрсетеді. Орман типі - бұл ағаш тұқымдасының құрамы бойынша біртекті яғни өсімдік фаунасы, микроб ағзалары, климаттық, топырақ - грунты және гидрологиялық жағдайы өсімдіктер мен олардың ортасының ара қатынасы, ішкі биогеоценоздың және аралық биогеоценоздық зат және энергия алмасу, қайта қалпына келу процесстерінің өзгелігі бойынша анықталады. Бұл компоненттер біртекті биогеоценозды орман шаруашылық іс-шараларды қолдануда бір уақытта реттілікті талап етеді.

В.Н.Сукачев бойынша қарағай типтері келесі топтарға бөлінеді: қыналы - қарағайлар, балдыр көктер, күрделі және қою шөптесіндер кіреді. Қарағайлы - қыналы топқа қыналардың негізгісіне жоталы рельефке, соның ішінде биік немесе шымылдықты құм төбеге бейімделген жас қарағайлы-қыналы орман өседі. Әдеттегідей сүректің жоғарғы шымылдығы аздап иілген және өнімділігі шағын. Қарағай ағаштары көбінесе бұтақты болып келеді. Топырақ үсті тіршілік жамылғысында қыналар кең таралған, ал аласа бұталар аз таралған.

Қарағай - балдыр көктер тобына қарағай - саумалдық, қарағай - итбүлдіргені, қарағай - қара жидегі кіреді. Мұндай орман типтеріне рельефтік жақсы немесе нашар дамығандығы, топырақтың жақсы құрғатудан өтуі, құмдақ болғанымен онша бай емес. Қарағай-итбүлдіргеніне аздап қайың және шырша араласқан, көбінесе орташа өнімділігі бар шымылдық- ақшыл сұрғылт құмдақ топыраққа бейімделген. Аласа ағаштар ішінде көбінесе арша, орыс бұтасы кездеседі. Тірі топырақ жамылғысында итбүлдірген, жасыл мүк, көк бұта, қара жидек, айрауық көп таралған. Қарағайлы-қаражидектер жердің еңіс бедеріне бейімделген. Топырағы шымды - сарғылт құмдақ, кейде ылғалды сазды құмдақты. Сүректері неғұрлым таза, әрі өнімділігі орташа. Аласа ағаштары нашар дамыған.Жамылғысында қаражидек, жасыл мүктер, айрауық кең таралған. Қарағай - саумалдық неғұрлым құнарлығы жоғары.Ағаш қалыптасуында көбінесе шырша, қайың, көктеректермен аралас келеді. Шырша көбінесе II қабатты (II ярус) құрайды. Топырақтары шымды сарғылт, құмдақты. Ал, әр түрлі бұталылар мен жамылғысында саумалдық, жасыл мүктер, қоянжем, алмұртшөп кең таралған.

Қарағай - долгомошник топтарының негізгі тобына осы қарағай-долгомошнигі тип өкілі кең таралып, рельефінің аз дамуы, әлсіз құрғақталынған, біршама батпақты топырақта өседі. Бұл типтегі сүректер таза, әрі өнімділігі аз. Аласа ағаштары сирек, оның ішінде көкекзығыр, кей жерлерде сфагнум және көк жидек таралған. Бұл шөптесін өсімдіктер төменгі жазықты аймақтарда батпақты, шымды топырақтарда өседі. Сүрегі таза, бірақ өнімділігі нашар. Өсімдік жамылғысында сфагнум, қияқ мол өседі.

Қарағайлы - қалың шөпті үлкен тобының жер бедері әр түрлі, топырағы құнарлы, жеткілікті мөлшерде ылғалды, шөптесін қарағайлы жоғарғы өсімдікті болып келеді. Сүректері басқа тұқымдармен кең араласқан. Мүкті жамылғысы әр түрлі шөптесін өсімдіктерге өте бай.

Күрделі қарағайлы орман типті тобына қарағай, жөке ағашы, қайың тектес бұталы қарағайлар мен емен аралас қарағайлар өте бай. Олар саздақты және сұр орман топырақта, көтеріңкі бедерлі аймақта орналасқан. Қарағай бітімі шырша, көктерек, қайың, емен аралас ағаштар өседі. Екпелердің өнімділігі өте жоғары, мүк жамылғысы әлсіз, ал аласа ағаштар кең таралған.

Тірі топырақ үсті жамылғысында жалпақ жапырақты шөптер орын алады. Орман типтері жөнінде В.Н.Сукачевтің ілімі тек қана қылқанды ормандар ғана емес, сонымен қатар аралас және жапырақты ормандар шаруашылықтың тәжірибесінде кең қолданылады.

Орман типтерін жіктеу табиғи қалыптасқан бітімдерге қатысты қылқанды орман аймағының қалыптасуы және топырақтың механикалық құрамы бойынша анықтау қолданылады. Адамдардың орман массивтерінің тиіспеген аймақтары, басқада белгілері бойынша қазіргі таңда орман шаруашылығы тәжірибесін толық ақтамайды. Адамдардың орманға қарқыңды шабуылдары өз кезегінде табиғаттың ірі өзгерістеріне алып келеді. Сондықтан И.С.Мелехов жоғарғы зерттеулерді қарастыра отырып, В.Н.Сукачевтің ұсынған орман типтерінің динамикасын өз кезінде динамикалық деп атауды ұсынды. И.С.Мелехов бойынша динамикалық типологияда орман типтерінің жыйынтық кезеңдері, аралық типтердің сериясын көрсетеді. Сондықтан орман типтерінің қалыптасу бастамасын, ол орман типінің әуелгі қалыптасу кезеңін, оған орманды атау типтерінің түрлерін көрсетеді.

Орман типологиясы теориялық және тәжірибелік үлкен маңызға ие. Кесілген ағаштар типін білу үшін биология, экология және орман географиясын, олардың сапалық, мөлшерлік өнімін, әсіресе шаруашылықтағы бітім қорының көлемін игеру өте маңызды. Орманшылық әр түрлі типтерінде техникалық құрамының әр түрлілігімен ерекшеленетін сүректің әр түрлі көлемін өсіруге болады. Орман типіне байланысты басты кесуге арналған ағаштар тандалынып алынады. Жоғары сапалы бітімдерді өсіру, баптау, күту орман типологиясымен тығыз байланысты. Орман типтеріне байланысты орманды қалпына келтіру шаралары жоспарланып, мұның барлығы орманды отырғызу, табиғи қайта қалпына келтіру мен байланысты. Орман типологиясы кеспе ағаш қалдықтарымен жұмыс жасауда үлкен тәжірибелік маңызы бар. Қарағай долгомошниктарымен тазарту жұмыстары қыста және жазғы құрғақ уақытта жүргізілу керек. Орман типтерімен жұмыс жасау орман өрттеріне қарсы күрес, орман екпелерін рекреациялық қолдануда тығыз байланысты. Орман ішіндегі жанама жұмыстар (мал жайу, шөп шабу, саңырауқұлақ және жидек теру, уақытша ауыл шаруашылығына пайдалану) орман типтерімен тығыз жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет