Орман типологиясыныѕ ќўрылуы


Дәріс 7. Орманды кесу түрлері



бет11/28
Дата25.12.2021
өлшемі127,2 Kb.
#105227
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
.archivetempлесоводство дәріс
6D050100-Социология, 6D050100-Социология, 6D050100-Социология, PISA математика, инф тапсырмасы, Кітаптар, Исатай Айнұр КДР-41. Балет
Дәріс 7. Орманды кесу түрлері
Орман табиғаттың маңызды бір бөлігі бола отырып, өзіне қатысты ерекше құрамдармен сипатталады. Бұл құрамдар ормандардың табиғи қайта қалпына келуге, бітімдердің қалыптасуында олардың табиғи сиреуі дифференцияасы. Ағаштардың көлемі бойынша жіктелуі олардың: құрамы, түрі, жас аралық құрлымының өзгеруі барысында көрініс табады. Орманның қалыпына келуі - бұл дегеніміз негізгі орман компаненті (ағашты өсімдік) қайта қалыпына келуі осыдан іле – шала, тірі және өлі топырақ үсті жамылғыларынан мүктер, қыналар, орман өсімдіктері, аласа бұталар, бактериалды және саңырауқұлақ флорасы және т.б. пайда болып тіршілік етуі.

Орманды қайта қалыпына келтіру біздерге орман ішіндегі кесілген алаңдарда, өртенген және орман жерлерінің басқадай категорияларында жүретін маңызды процесс деп түсінеміз. Бұл процесті биологиялық және экологиялық факторлармен қарастыруға болады.

Орман шаруашылық тәжірибесінде үш негізгі орманды қайта қалыпына келтіру әдістері бар: табиғи, жасанды және аралас (табиғи және жасанды).

Орманның табиғи қайта қалыпына келуі - табиғи жолмен орманның жаңа буынының пайда болуы. Орманның табиғи қайта қалыпына келуінде мынадай байлықтарды қолға алуға болады: орманды тазарту жұмыстарында құнды тұқымдарды сақтап қалу, арнайы тұқымдық ағаштарды қалдыру, тұқымдардың өсіп жетілуі үшін топырақты дайындап, байытып өңдеу, орманды жер телімдеріне ағаш отырғызу үшін қоршауға алу. Орман тұқымдық қайта қалыпына келу және вегетативтік көбею секілді табиғи жолмен жүретін түрлерін бөліп қарастырылады. Тұқымдық қайта қалыпына келуі дегеніміз - жас өркіндер тұқымнан пайда болып, табиғи жолмен жаңару, ал вегетативті көбею деген- жас өркендердің түбірлерінен, сол сияқты ағаш бөліктері мен бұталардан өсіп шығуы.

Жасанды қайта қалыпына келу немесе орманды қайта қалыпына келтіру дегеніміз - ертеде болған ағаш алқаптарында орман жолақтарын отырғызу. Орманның аралас қайта қалыпына келуі дегеніміз - белгілі бір алаңда табиғи және жасанды жолмен жүруі. Мысалы: тұқымдық табиғи қайта қалыпына келуі ағаш отырғызу немесе егуде бірдей бір жерде өсе береді. Әрбір қайта қалыпына келтіру әдістерінің кемшіліктері бар. Сондықтан әдістерді қолдануда және таңдауда ауданның табиғи және экономикалық жағдайларын, ағаш тұқымдастардың шаруашылық құрлымын және орман экологиясы еске алынады. Егерде табиғи қайта қалыпына келу жолы жүзеге аспаса, жасанды әдістерді қолға алған абзал. Орманның табиғи қайта қалыпына келуі әсіресе қылқанды ормандарға тән болып келеді. Тұқымдық қайта қалыпына келу жапырақты ормандарға тән, әрі жақсы өседі. Қайта қалыпына келу шаралары көбінесе ағаштардың тұқым таратуы, тұқымның өсіп шығуы, кейін жетілуіне тікелей қатысты. Аталған этаптардың әрбір тұқымдастардың орманшылық құрлымы, орман ішіндегі экологиялық жағдайлармен байланысты.

Тұқым шашу немесе репродуктивті мүмкіндігі - ағаштар мен бұталардың өсуі мен дамуындағы маңызы, олардың гүлдеген уақытындағы тұқым қалыптасу кезеңі болып табылады.

Табиғи аймақтардағы тұқым шашу процестері климаттың мезгілдік қозғалысымен байқалып, жыл сайын қайталанады. Мұндай процесс биологиялық және экологиялық факторлардың әсеріне тәуелді. Биологиялық жағдайлар ішінен ағаш және бұта тұқымдастарының түрлік және тұлғалық ерекшеліктері маңызға ие. Үздік мұрагерлік құрамы бар ағаш және бұта тұқымдастарының гендік тасымалдағышы бар түрлері көп мөлшердегі тұқым береді.

Ағаштың жас ерекшелігіне байланысты оның тұқым шашу қабілеті анықталады. Бұл негізінен қоршаған орта мен белгілі бір ағаш түрінің дара ерекшеліктеріне байланысты. Негізгі орман түзуші тұқымдастардың репродуктивті мүмкіндігінің бастамасы (еркін өсетіндер) тығыз өсетін екпелерге қарағанда екі есе ерте өсіп шығады. Жалғыз өскен кәдімгі қарағайдың тұқым шашу кезеңі 10-15 жыл, еуропалық шырша немесе сағызқарағай 15-20жыл, сібір балқарағайы немесе балқарағай 20-30 жыл, қайың ұрықтары 8-19 жыл, емен 20-30 жыл, көктерек 12 жыл. Жас ерекшеліктері тұқым мен ұрықтың өнімділігіне тығыз байланысты.

Биологиялық кешендегі географиялық ортамен көрсетілген экологиялық факторлар (климаттық, орографиялық, топырақ, биотикалық және антропогендік) ағаштардың репродуктивті қуатының көп қатарлы процесін анықтайды. Климаттық жағдайлар орман екпелерінің тұқымдық өнімділігін бастапқы стадиясына тікелей әсер етеді. Өнімнің негізгі ұрықтану және тозандану процессі жүрген уақытта қаланып, ал гүлдену ауа- райының қолайлығына байланысты болады. Жаңбырлы әрі суық ауа- райы гүлдену уақытында тозанданудың уақытында кедергі келтіріп, ұрықтануғада әсерін тигізеді.

Ағаштың ұшар басына түсетін күн сәулесі тұқымдардың мол таралуына әсер етіп, ұрықтар мен тұқымдарда қоректік заттардың жиналуына әсер етеді.

Таулы ормандарда жер бедері мен орографиялық фактор тұқым таралуда үлкен маңызға ие болса, ал топырақ құрамы өнімділік сапасына әсері мол. Бонитеттің жоғарғы класстағы бітімі (IV-V) класстағыға қарағанда (I-III) класстағы тұқымды бірнеше есе жақсы ұстайды. Биотикалық факторлар көптеген фауналардың өмір сүруінің әр түрлілігімен байланысты тұқымдар мен ұрықтардың өнімділігін жоғарлатады немесе төмендетеді. Көптеген орман құстары (бал қарағайша, тоқылдақ, бақылдақ торғай, жорға торғай) ұрық пен тұқымның көп мөлшердегі өнімін жояды. Жәндіктер тозандануға әсер етсе, олардың көбі (жапырақ масасы, біз тұмсық) негізгі орман түзуші тұқымдастардың тұқым мен ұрықтарына зиян келтіріп, кейде өнімнің азайуына дейін әкеледі.

Адамның шаруашылық және рекреациалық іс-әрекеті тұқымның таралуына мол әсері бар. Яғни мақсатты түрде ағаштар мен бұталардың репродуктивті қабілеттерін көбейтеді. Ол үшін кең көлемдегі орман шаруашылық шараларды: сүректердің орналасуын сирету, топырақты қопсыту, арам шөптермен күрес, минералды тынайтқыштарды қосу, зиянкестермен күрес және саңырауқұлақ ауруларымен күрес жұмыстары экологиялық факторлары өзгере отырып іске асады. Сол сияқты мал жаю, рекреациялық мақсатта орманды асыра пайдалану тұқымдар мен дәндердің өнімділігі азаюына әкеледі.

Бұталар мен ағаштардың тұқымы мен дәнінің көп мөлшерде өнім берген жылын, тұқымдық жыл деп атайды. Бір жылы көп өнім берген ағаштардың келесі жылы жақсы өнім беруі екі талай. Себебі келесі жылға тұқым шашуға және гүлденуге ағаш құнары азаяды. Қоректік заттардың жинақталуы әдеттегідей фотосинтез процессінде жүріп, құрғақ жылдары жақсы байқалады. Негізгі орман түзуші ағаштардың ішінде бірнеше жылда қайталанып келетін мол өнім беретіндігі келесідей: емен 4-8 жыл, еуропалық шырша 3-7 жыл, майқарағай 6-8 жыл, кәдімгі қарағай 3-5 жыл, сібір балқарағайы 3-8 жыл. Қайың мен көктерек жыл сайын мол тұқым шашады. Тұқым шашудың мұндай қайталанып келуі биологиялық және экологиялық жағдайлардан басқа ормандардың географиялық орналасуымен байланысты. Мысалы: Кольск түбегінде қолайсыз экологиялық факторлар әсерінен кәдімгі қарағайдың мол тұқым шашуы 10-15 жылда болады.

Ұрықтар мен тұқымдардың пісіп жетілуі шартты тәуелді түрде болып, тұрғылықты жеріне, ағаш тұқымдарына, ағаштың өсетін аумағы мен ауа-райының қолайлығына байланысты. Сондықтан әр ағаш тұқымы өз уақытында пісіп жетіледі. Мысалы: көктем мен жаздың бас кезінде- терек, дала шегіршіні; жазда- аққайың, орманжаңғағы, ал, күзде- емен немесе барлық қылқанды жапырақты ағаштар.

Ағаш тұқымдарының таралуы әр түрлі жолдарменен таралады. Желмен таралатын тұқымдардың көбі қылқанды жапырақты ағаштар (шырша, қарағай, балқарағай) және жалпақ жапырақты ағаштар (ақ қайың, тал, көктерек). Сумен таралатын тұқым түрлері (қанды ағаш, емен, терек). Ормандағы ағаш пен өсімдік тұқымдарының таралуына жануарлар мен құстар өте көп әсер етеді. Олар сыртқы терісімен және ең бастысы – асқорту аппаратынан егер тұқым қортылмай шықса.

Өнімді жинауды ұйымдастыру, рационалды жоспарлау, орманды қайта қалыпына келтіру жұмыстарын жүргізу, орман тұқымдық шикізаттарын дайындау үшін кететін шығынды шығаруды жыл сайын фенологиялық бақылау арқылы жүргізіледі. Фенологиялық бақылау барысында ағаштар мен бұталардың тұқым шашуын болжайды. Фенологиялық бақылау үстінде гүлдеудің уақытын, тұқымдардың қалыптасуын, бүр мен тұқымдардың пісуін тіркеуге алады. Жаппай тұқым шашу кезде ағаштар мен бұталардың 50%-нан астам тұқымдарын жинап алып, өнімділігін анықтайды.

Көп жағдайда ағаштағы тұқым мен өнімділікті қарапайым көз мөлшерімен анықтайды. Егерде тұқым мен жеміс дәл ормандағыдай қалың емес, оның бір бөлігі және жалғыз тұрған ағаштағыдай болса, онда ол өнімі жоқ жыл болып есептелінеді. Ал, орманның бір бөлігі мен жалғыз тұрған ағаштағыдай емес орташа болса, онда қанағаттандырарлық өнім болады. Ағаштың әр бұтасы жаппай өнім беретін болса онда оны өнімі мол жыл деп атаймыз. Кемінде соңғы он жыл ішіндегі тұқым дайындау көлемін талдау барысында статистикалық әдістерді қолданады.

Қарағай тұқымының өнімділігі шамамен гектарына 0,3 тен 19кг, шырша-158кг/га, балқарағай- 80кг/га, қайың-47кг/га, емен-650кг/га. Егерде қарағайды алатын болсақ 1кг-да шамамен 150 мың тұқым, шыршада 130 мың, қайыңда 1,5 млн. тұқым болса, көктемде 1га-на қанша тұқым түсетінін ойлаңдаршы. Сондықтан, жерге түскен тұқымға күннің түсу энергиясымен қолайлы температура, ылғалдылық пен жеткілікті оттегі қажет. Қарағайдың тұқымына орташа температура алатын болсақ 25-30º , өсуі 5-30ºс-де басталады.

Жас өскіндердің алғашқы жылдары ағаштар шымылдығы астында немесе ашық шөптесін жерлердің өзінде әсіресе астықты жамылғылардың астында болуы жарықтың түсуіне, топырақтан қоректік заттардың сіңіруіне үлкен кедергі келтіреді. Орманның қайта қалыпына келуі үшін жарықтың түсуі, өз кезегінде ағаш сүрегінің құрамы, формасы, жасы, тығыздығына байланысты. Күрделі тұтасқан немесе қалың сүректерде микроклиматтық жағдайдың қолайсыздығына байланысты, орманның қайта қалыпына келуі қиындай бастайды. Табиғи түрде жаңару, ағаш тұқымдастардың жарық сүйгіштігіне немесе көлеңкеге төзімділігі арқылы ерекшеленеді. Орман төсеніші гектарына 0,3см болған жағдайда шамамен 10 мың қарағай өскіндері шығады. Ал, 5см болған жағдайда не бары- 0,1мың өскін гектарына. Ағаш кесілген жерлерде табиғи қайта қалыпына келуді тірі топырақ үсті жамылғысымен байланысты болып, тұқымдардың өсу ортасын анықтайды. Жаңа шыққан тұқымдар жас өскінге айналған соң, қоршаған ортадағы маңызды өзгерістерді көтере алатын жағдайға жетеді. Орманның барлық белгілері мен құрамы қалыптаса бастайды. Орманның қайта табиғи қалыпына келу категорияларын есепке алып, бағалау жұмыстары өз кезегінде орман дайындау, орман шаруашылық және орманшылық мәдениет жұмыстарын дұрыс қолға алу үшін керек. Орманды кесу жұмыстарында орман шымылдығы астындағы жас өскіндердің сапалығы мен құндылығы орманның қайта қалыпына келуге әсер етеді. Ағаш дайындауда ең бастысы өскіндердің жақсы түрлерін сақтау керек.

Орманның қайта табиғи қалыпына келтіру категорияларын тексеруде олардың санын, жағдайын, иілгіштігі жөнінде объективті мәліметтер жинақтау керек. Әсіресе кесу жұмыстарының әдістерін, мал жайу, орман өрттері сонымен қатар қолданатын техника мен технологиялық жағдайын білу керек.

Табиғи қайта қалыпына келу категориясы көбінесе 2 әдіспен қолға алынады: көзбен өлшеу және санақ. Көзбен өлшеу әдісіне 1га-на шамамен 1мың экземпляр өскіндер мөлшерін алдын ала болжап, анықтауға болады. Ал, санақ әдісінде өскіндердің өмір шеңдігін, тұқымдастығын, ірілігін: ұсақ (0,1-0,5м), орташа (0,6-1,5м) және ірі (шамамен 1,5м). Санақ әдісі ағаш жамылғысынын 10м аумағына жүргізіледі. Жаппай санақ барысында ағаш бітімдері 50-100м қашықтығымен алынса, ал, ленталық әдісте- ленталық әдіс, ал, кесілген ағаштарда дөңгелек аумақтық әдісі қолдалынады. Орман жамылғылары мен қамтылмаған немесе кесілген ағаштар орынындағы жас өскіндерді санаққа алу, санақ аумақтарында жүргізіледі. Олардың көлемі немесе мөлшері табиғи қайта қалыпына келу категориясына 4м2 аумақпен өлшенеді. Орташа қалыңдық (3,1-10мың дана/га). Өскіндер 10мың м2 аумақта өлшенеді. Ал, сирек өскіндер (3мыңға дейін дана/га) 20м2 аумағы алынады. Табиғи қайта қалыпына келу бағасы бекітілген тәртіп бойынша жергілікті немесе аймақтық шкаласының инструкциясына сәйкес жүргізіледі. Орман кесу билетінде (орман кесушінің жеке куәлігі) әрбір 1га аумақтағы қорғауға алынған жас өскіндердің көлемі көрсетіледі.

Вегатативті көбею тұқымдық көбеюге қарағанда анағұрлым жақсы. Жас бұтақшалардың қайта қалыпына келуі көп жағдайда ағаштарды кескеннен кейін ағаш түптерінің айналасындағы жарылмаған бүршіктерден өсіп шығады. Жарылмаған бүршіктерден көптеп өсетін жас бұтақшалар әсіресе қайың, емен, жаңғақ ағаштарында көптеп өседі. Түбірлік көп жас өскіндері көктерек, сұр қандыағаш сыңды түрлері жақсы береді. Келесі бір жас өскіндердің көбеюінің бір түрі топырақ арасынан ағаш жанынан өсіп шығады. Бұндай көбеюлер жөке, орман жаңғағы, қылқандылар ішінен самырсын ағашына тән. Тұқымның қайта қалыпына келуі және ормандық вегетативтік көбею белгілі бір артықшылықтарды және кемшіліктерді иеленеді. Тұқымдық қайта қалыпына келудегі бірден-бір жолы. Ол сонымен қатар жапырақты ағаштардың қайта қалыпына келуге үлкен маңызға ие. Тұқымды екпелер алғашқы жылдары ақырын өседі, ал, арам бұтақшалар жылдам өседі. Тұқымдық ағаштардың бойы биік өссе, жас бұтақшалар (әктек өскін) биік өсуін ерте тоқтатады. Бұның себебі тұқымдық ағаштар алғашқы бетте шағын тамырлы болса ,ал, әктек өскіндер аналық ағаштың тамырлық жүйесін пайдаланады. Тұқымдық пайда болған ағаш сүрегі сапасы құрлысқа неғұрлым жақсы, ал, әктек ағаштардың діңі қыйсайып өскендіктен діңгегі дұрыс болмай өседі. Сондықтан әктек ағаштарының шығуы біртіндеп төмендеп, экономикалық маңызы жоғалады. Көп жағдайда вегетативті шыққан ағаштар жылдам шіритіндіктен шаруашылық маңызы төмен. Тұқымдық қайта қалыпына келу ағаштардың тұқым шашуымен байланысты болса, әктек ағаштардың өсуі байланысты емес. Тұқымдық сүректерді өсіруде алғашқы жылдары күтімді қажет етеді. Себебі шөптесін өсімдіктермен қапталып немесе басқа маңызы төмен жылдам өсетін ағаштар мен бұталардың арасында қалып қояды. Әктек ағаштарды өсіруде күтім жүргізілмегендіктен көп шығын шығындалмайды.

Табиғи қайта қалыпына келу процесінде тұқымдар жетілгеннен кейін жас өскіндер пайда болып, барлық орман құрамы мен белгілерін қамтыған өсімдік қауымдастығы қалыптасып, орманның өмірінің жаңа этапына көшеді. Орманның қалыптасуының бастапқы этапында ағаш сүрегінің үздіксіз жетілуі жүреді. Егер кесілген ағаштар гектарына 10 млн. өскіндер есепке алынса ал, 100-150 жыл ішінде не бары 600-1000 ағаш қана қалады. Ағаштардың дифференциасымен іріктелуінің негізгі себептеріне тұқымдары мен дәндердегі тұқым қуалаушылық құрамы, олардың түскен микро орта жағдайы, тіршілік үшін күрес (Ч.Дарвиннің эволюциялық теорияларының негізгілерінің бірі), яғни қорек, ылғал, жарық үшін күрес. Іріктелу және дефференциасының нәтижесі бойынша ағаштар өсу класстарына бөлінеді. Неғұрлым қарапайым және белгілі класификациясының бірін Г.Крафт ұсынған болатын. Ол класификация таза бір жылдық қарағай сүректеріне арналып, ағаштардың морфологиялық белгілерімен негізделеді және бесінші классты құрайды. 1-ші классқа. жуан діңгекті, қалың қабықты, көп бұталы бірақ аласа келген ең ірі ағаштарды жатқызамыз. Мұндай ағаштар таза қарағай ормандарында 10-12% құрайды. 2-ші класстағы ағаштар биік, желегінің жақсы дамуымен, бірақ жіңішке діңгекті ағаштар кіреді. 2-ші класстағы ағаштар негізгі бөлігін құрап, шамамен 25-45% қамтиды. 3-ші класстағы ағаштар неғұрлым жіңішке, ұсақ бірақ күн сәулесі оларға жақсы түседі. Ондай ағаштардың жағдайы тұрақсыз, олар ағаш шымылдығынан шығып қалуы мүмкін, бірақ көп жағдайда төмеңгі классты бағынышты бөлігіне кіреді. Осы ағаштар қарағай ағаштарының 25-30% құрайды. 4-ші класстағы ағаштар ұсақ, жіңішке ағаштардың жоғарғы шымылдық қабатының астында қабығының нашар дамығандығымен көрінеді. 4-ші класс екі топқа бөлінеді: 1-шісі 4а-діңгек бойындағы тегіс дамыған желекті ағаштар(10-15%) және 4б- жалау тәріздес бір жақты желекті ағаштар(2-10%). Соңғы 5-ші классқа жоғалуға жақын немесе солған ағаштар, ағаш сүректерінің ең ұсақ қалдықтары кіреді. Ондай ағаштар орман құрамының шамамен (7-8%) құрайды. Және 2 түршеге бөлінеді, яғни 5а- солуға жақын, 5б- солған ағаштар.

Бұл класификация орман шаруашылық тәжірибесінде кең қолданыс тапты. Класификацияның кемшіліктері бар яғни ағаштың физиологиялық құрлымын есепке алмай, тек морфологиялық белгілерін, сыртқы қабілетін қамтиды. Өсу процесінде ағаш сүрегінің көлемі мен массасының үлкеюі, дамуы оған тән қалыптасуы мен құрамының өзгеруі де болады. Ағаш сүрегінің құрамының динамикасы неғұрлым географиялық, климаттық және топырақ жағдайларымен байланысты. Бұл процесс орман өсуінде бір қалыпты жағдайда келесідей жүреді. Қылқанды орман кескінді аймағында көп жағдайда бір ағаш тұқымдасы емес, бірнешеулері түседі (қарағай, қайың, көктерек, шырша). Кейбір тұқымдары мен дәндері миллиондап түссе ал, екінші біреуінің мыңдаған дәні түседі. Сондықтан әр тұқымдастың жас өскіндерінің қатынасы әр түрлі болады. Бірақ кей жағдайда жас өскіндердің бірдей мөлшерде шыққандарыда болады. Жас өскіндердің шамамен он жылға дейінгі тіршілігінде бір-біріне еш кедергісіз, бейбіт, қоныстанып өседі. Сонымен он жыл ішінде жас орманның қалыптасуы алғашқы тепе-теңдік сақталады. Бірақ бұл тепе-теңдік жас өскіндер арасында әсіресе биіктігі бойынша қайың шамамен 30 жылға дейін қарағайға қарағанда жылдам өсіп, ылғал мен жарықты өзіне тартып алады. Сондықтан қарағайлардың тіршілік үшін күресінде қайыңға жол беруі жиі болады.

Кейін келе қайың ақырындап өсіп, қарағай жылдам өседі; қайың қартайса қарағай ұзақ ғұмырдан жаңадан күш алып, жылына 50 см-ге дейін өседі. Қарағай 80-100 жыл өткен соң өз деңгейін көтереді. Бірақ кей жағдайда құнарлы топырақты жерлерде қайың қарағайды біржола басып озып өсуі мүмкін. Сонымен қатар ағаш бітімінің құрамында қайың, шырша, көктерек т.б. тұқымдастар қалыптасады. Ал, егерде климаттық және топырақ жағдайлары көптеген тұқымдастардың өсуі мен дамуына жақсы әсер етсе, көп жағдайда аралас өскіндер пайда болады. Егерде мұндай климаттық жағдайлар бір жақты болса онда таза бітімдер қалыптасады. Суық және құрғақ климаттық аудандарда, құнары аз немесе дымқыл топырақтарда әдеттегідей таза бітімдер қалыптасады. Мысалы: құнары аз топырақта барлық табиғи аймақтарда таза қарағайлар қалыптасып, ал сулы аймақтарда қара қанды ағаштар өседі.

Уақыт өте келе бітімдердің формасы өзгеріп, бір қатарлыдан екінші қатарлы түрге өтеді. Егер кескен ағаштардың орнында көктеректің 20-30 түбі қалса, ағаштарды кескеннен кейін алғашқы вегетациялық кезеңде көктеректің түптік тамырынан көптеп өсіп шығады. 5-10 жылдан кейін кескіндер жас көктерек болып қалыптасады. Он жылдық жас ағаштардың орташа биіктігі 5-7 м-ді құрайды. Көктеректің 10-20 жас аралығында оның астынан шыршалар өсе бастайды. Себебі бұл жерде ағаш өсуге қолайлы жағдай қалыптасады.

Бұдан кейін көктерек жылдам өсе бастап оның жанында шырша өскіндері дами бастайды. Осы кезде бір қатарлы ағаштар қалыптасады. Көктеректің жас шамасының ұлғайуына байланысты (50-60 жас) шыршалар екінші қатарды қалыптастырады.

Таза немесе аралас формасы жай немесе күрделі ағаштардың қалыптасуы кездейсоқтық емес. Жарық сүйгіш тұқымдастар аралас немесе күрделі ағаштардың түзелуіне әкеліп, маңайына бұталы тұқымдастардың өсуіне ықпал жасайды. Күрделі қатар құраушы ағаш тұқымдары түзілген уақытта әдеттегідей ағаштардың көлеңкеге төтеп беру түрлері қалыптасады. Шырша қарағайдың астынан екі қатар қалыптастыра алса, бірақ қарағай шыршаның астынан ешқандай қатар қалыптастырмайды.

Ағаштардың қалыптасу барысы олардың шығу тегіне байланысты, яғни оның жас құрлымында өзгерістер жүреді. Бір жас шамасындағы ағаштар көп жағдайда жаппай кесу немесе орман өрті болған жағдайда түзіледі. Әр түрлі жастағы ағаш бітімі көлеңкеге шыдайтын шырша, шәмшәт секілді т.б. ағаш тұқымдастары қалыптасады.

Орман шаруашылығы ғылымы мен тәжрибесінде өзіндік сипаты бар белгілі бір ормандар мен қалыптасудың жастық кезеңдерін бөледі. Ағаштардың жас кезінде иілгіштігі жоғары, биіктігі жылдам өсумен ерекшеленеді. Бұл кезеңдерде ормандардың құрамы мен белгілері қалыптаса бастайды. Сонымен қатар шөптесін өсімдіктер мен күрес және олардың өмірі саңырауқұлақ ауруларына оңай ұшырауы, жәндіктердің зақымдауы, табиғаттың қолайсыз жағдайларына ұшырауы және т.б.. Артынан жас өскіндер сырғауыл кезеңіне келіп ағаштардың бойының жылдам өсуі, жапырақтардың максимальді көбеюі, қылқандардың, бұталардың көбеюі ағаштардың арасында жарыққа, қоректік заттарға және ылғалға таласы күшейеді, ағаштардың көлемі бойынша әр түрлі немесе табиғи сығылысуы және ауруларға байланысты әлсіздердің солып, өлуі жүреді. Сырғауыл кезеңде ағаштарды жуықтағанда 80% 20 жастағы жас өскіндер болады. Жас өскіндер сырғауыл кезеңінде тоқтап, II класс жасына өтеді.

Ағаш сүрегінің орта жастағы кезеңінде ағаштар деферецациасының біртіндеп баяаулауы, жарық сүйгіш тұқымдастардың биіктікке өсуі төмендейді және көлеңкеге шыдайтын ағаштар өз өсу шегіне дейін жетеді. Ағаштардың жуандап өсуі байқалады. Тұқым шашуда жаңа маңызды сапалы физиологиялық процесс басталады. Орта жастағы сүректер ереже бойынша III классқа жатқызылады.

Жасы жетілуге жақын ағаштың диференциация процессі тоқтап, биіктігі төмендейді және жуандап өсуі аяқталады, керісінше тұқым шашуы жоғарлайды. Жетілуге жақын ағаштарға IV,V класстағы ағаштарды жатқызамыз.

Жетілген ағаштардың жастық кезеңінде диференциация тоқтайды. Бұдан басты себеп ағаш сүрегінің құрлымы. Биіктікке өсуі және жуандалуы тоқтатылады. Тұқым мен ұрық шашу максимальді деңгейіне жетеді. Бұл кезеңде ағаш сүрегінің сапасы артады. Жетілген ағаштарға V,VI кезеңдік ағаштарды жатқызамыз.

Сүректің қалыптасуы барысында оның құрлымы үздіксіз өзгереді. Бірінші кезекте жас өскіндердің саны көп болса, уақыт өте келе әлсіздері солып, күштілері арман қарай дами түседі. Алғашқы бетте ағаш сүрегінің тығыздығы артып, жетілген уақытта тығыздығы кемиді. Сүрек биіктігі үздіксіз өсе түседі. Ағаш сүрегі әр түрлі өсу кезеңдерінде әр түрлі дамиды. Ағаштардың биіктігінің жылдам көтерілуі орта жасқа сәйкес келеді. Біртіндеп сүректердің диаметрі жоғарлайды.

Таза немесе аралас, жай немесе күрделі сүректер әр түрлі шаруашылық маңызға ие болып өзінің сапалылығымен және сапасыздығымен ерекшеленеді. Таза және жай екпелер неғұрлым халық шаруашылығында шыршадан целлюлоза және қағаз өндіруге тиімді болып табылады. Бұлардың арасында жарық сүйгіш тұқымдастар жақсы өседі. Таза екпелерді құнары аз топырақтарда, қолайсыз климаттық жағдайларда өсіруге болады. Бірақ таза және жай сүректер әсіресе шырша секілді қылқанды тұқымдастар топырақтың нашарлауына әкеледі. Аралас және күрделі сүректер орман материалдардың әр түрлілігін беріп, қайыңнан фанер жасап шығаруға, арнайы сорттар алуға мүмкіндік береді. Мұндай ормандар арасы жануарға қолайлы. Көп жағдайда жетілуге жақын немесе жетілген, таза немесе жай қарағайлар мен қайыңдар өзінің әдемілігі бойынша көркем және жоғары рекреациялық маңызға ие. Адамның психиэмоционалдық жағдайына жақсы әсерін береді. Бірақ мұндай ормандар орман дайындауда, орман мәдениеттерін қалыптастыруда, ағаш түрлерін өсіруде және керексіз ағаштарды өсірмей тастауда кедергілер келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет