Орман типологиясыныѕ ќўрылуы



бет15/28
Дата25.12.2021
өлшемі127,2 Kb.
#105227
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
.archivetempлесоводство дәріс

Ағашты тұтастай кесу

Ағашты тұтастай кесу, бұл ағаш кесетін жерде бір амалмен ағашты кесіп алуды, басты пайдалануға кесу мен қалпына келтіруін айтады. Кесуден кейін тұқым ағаштарын отырғызатын жер қалдырады көлемі 0,5 тен 1,5 га дейін, көлденеңі 10 - 15 метр. Ресейде ағашты тұтастай кесу тәсілі басты кесудің түрі болып табылады, себебі осының көмегі арқылы 95 % орман материалдарын дайындайды.

Тұтастай ағашты кесу көбінесе ІІІ және ІІ топ ормандарында кеңінен қолданылады және көптеген сорттардың көлем сұранысына байланысты. Олар ағаш кесетін учаскенің өлшемі жағынан өзгеше және тар жерде ағаш кесу айырмашылығы байқалады, онда ағаш кесетін жердің ұзындығы 100 м аспайтын және ауданы 50 га жерде құнарландырылған кесумен көлік жол магистралында болу керек, құнарлы ағаш кесетін жердің ұзындығы 200 м-ге дейін жетеді. ІІ топ ормандарында құнарландырылған кесу ағаш кесудің басты тәсілі болып табылады. Ағашты тұтастай кесу кейде өнімділігіне байланысты екі түрге бөлінеді: толық яғни тұтас және толық емес ағаш кесу. Соңғы жағдайда мұндай кесу шартты-тұтастай деп атайды, мұндайда тамырына борлық жапырақты тұқымды, кіші өлшемді қылқан жапырақты және ағаштың фаунасы қалдырылады. Айырықша, әрі өлшемді ағашты 40 –тан 90 % дейін кеседі. Мұндай кесу ірі жетіспеушіліктерді ескереді – толық емес және орманды қорды орынсыз пайдалану мен оларды практикада қолдануға болмайды, себебі олар басым көпшілігі орман шаруашылығына едеуір зиянын тигізеді. Осындай ағаш кесуден кейін айтарлықтай өрт қауіпі күшейіп зиянды жәндіктер мен ауру тудырғыштар көбейе түседі.

Қазіргі таңдағы жағдайда шартты тұтас кеспе ағаштар Солтүстік Европа, Сібір, Қиыр шығыстың көп орманды және жүруге қолайсыз аймақтарында орын алған. Олардың жойылуы төмен бағалы және отын ағаштарын кесуге байланысты. Бұл қатарда механикалық тұрғыдан немесе химиялық қайта өңдеуден өткен жапырақ тұқымдастары пайда болады.

Шартты - тұтастай кесудің толық қысқаруы мен бітуінің басты қиын мәселесін біртіндеп және жоспарлы түрде басқа халық шаруашылығының салаларының көлемін меңгеру арқылы шешу. Осы жағдайда ғана үлкен зиянын келтіретін орман шаруашылығына және қоршаған ортаны орынсыз кесуден құтқарады.

Тұтастай кесуде кеспе ағаштары тікбұрышты формада болып келеді. Қылқан жапырақты тұқымын осындай кесуден кейін қайта құруды жақсарту үшін Г.Ф. Морозов осындай маңызды «ұйымдастырылған техникалық элементтері» шартын ұсынды. Оған кеспе ормандардың бағытты, кесудің бағыты, кеспе орманның ені, басты тұқымдануы, топырақпен байланысуы және топырақ беті, сонымен қатар қосымша шаралар тиісті қолданылады.

Кеспе орманның бағыты – кеспе орманның ұзындық жағы жарық жаққа қатысты орналасуы. Кеспе орманның бағытынан тұқымның өсіп шығуына, ерте көктеп шығу, өсіп шыққан және жас ағаштардың тіршілікке бейімделуіне және өсуіне тәуелді. Қылқанды ормандардың климаты қатал ормандар аймағында кеспе ормандар солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасады, себебі жылудың топырақ бетіне түсуі үшін. Құрғақ және ыстық климатты аудандарда кеспе ормандар батыстан шығысқа қарай орналасады, себебі күйдіретін күн сәулесінің шығуынан қорғау үшін. Таулы аймақтарда кеспе ормандарды көлденең баурайына орналастыру топырақ эрозиясын болдырмау үшін жасалады.

Кеспенің бағыты- бұл бағыт, ондағы әрбір кейінгі кеспе ормандары туралы алдын – ала орналастыруын айтады. Кеспенің бағытында кеспе ормандарын перпендикуляр бағытта қолданады, себебі ереже бойынша үстем желге қарсы. Мысалы, Ресейдің европалық бөлігінде солтүстік және солтүстік - батыс аудандарында кеспенің бағытын шығыстан батысқа қарай қолданады, өйткені бұл аймақта батыстың желдері басым болады. Кеспе бағытының нұсқауы бойынша кесіп алуда тым табысты тұқымды және қатты жел толқыны мен дауылда кесілмеген ағаштардың тұрақтылығын сақтауды қамтамассыз етеді.

Кеспе бағыттарын таулы орманда төменнен жоғары бойынша қолдану керек, себебі орманның құрамы және топырақ сақтайды және ағаштың өсуіне зақым келуінен, құтылады. Кейбір жағдайда кеспе бағыттарын мақсатқа сәйкес жоғарыдан төменге қолданады. Кеспе ағаштың жанасуы бұл кеспе ағаштардың квартал бойынша орналасуы немесе орман учаскелерінде ол ықтырмалы және шахматты жанасуы бойынша ажыратылады. кеспе ағаштың жанасуында келесі кеспе ағаш, алдыңғының қасына орналасады. Ықтырмалы жанасуда келесі кеспе ағаш кеспе ораманда жол бойынша орналасып, жолкеспе ағаштың енін 2-3 есе үлкейтеді.

Ал шахматты жанасуда – келесі кеспе ағаш шахмат түрде орналасады. Жолақ аралық және ықтырмалы жанасуда жел сұлатпа мен сұлама үлкен мөлшерде болуы мүмкін. Басқа тәсілдерге қарағанда жел сұлатпа көбінесе шыршалы және көктерек ағаштарында байқалады, сонымен қатар дымқыл және құрғақ топырақты қарағайлар. Жолақ аралық және ықтырмалы жанасуда тұқымдардың өздігінен ұшып көбейіп, өсуіне жағдай туады. Орынсыз және шахматты жанасуда орманды тұтастай кесуде оңай болады. Кеспе ағаштың жанасуының мезгілі - уақыт арқылы сол уақытта жанасудан кейін кесуге арналып ағаштарды тағайындайды.

Орман шаруашылығындағы бұталы тұқымдастарға байланысты, орман топтары, орман түрлері, кеспе ағаштың жанасуының мезгілі 2-6 жылда тағайындалады.

Жапырақты тұқымдастарға, қайың көктерек сияқтыларға жанасу мезгілдері жылда болуы мүмкін, олар жылда көп тұқым береді және вегетативтік жолмен көбейеді. І топтағы орманда жасау мезгілі ІІ топтарға қарағанда үлкен маңызы бар, түрлердің өздігінен көбейетіндерін сақтап қалғанда, жанасу мезгілі 1 жылға қысқарады.

Кеспе орман ені –кеспе орман ұзындығымен қысқа жағы. Кеспе орман енінің көбейту орман жасау жұмыстарымен жеңілдетеді, сонымен қатар қайырымдылық шаралармен жұмыстың шоғырлануы және барлық керекті механизмдерді қолдану арқылы жүзеге асады. Бірақта кеспе орманның үлкейуі, кесу жұмыстарында үлкен экологиялық дағдарысқа әкеледі, топырақтың шымдануымен және соның әсерімен –орманды қайта құруға жағдай нашарлайды. Сонымен қатар кеспе орманның көмегін арттырудың салдарынан орман қабырғаларының кетуіне әкеледі және кесу жұмыстарында дәндер аз түседі.

Кеспе орманның көлемі орман топтарымен тығыз байланысты және кесудің басты қолданылу ережесі бойынша ол мұндай әдістермен құрылады. І топтағы орман 100 м дейін, ІІ - 250 м дейін және ІІІ - 1000 м дейін. Осы негізгі ұсталымдар кеспе ормандарының енін диференциалды өзгеруі орман шаруашылығындағы ағаш түрлеріне байланысты. Кеспе ормандар қорын бекіту орман қалыптастыру. Механизмдері және басқа фактоларды қолданылу. Жұмсақ топырақтылар ағаштарда кеспе ормандардың ені ереже бойынша ұлғайтылады және орман шикізат базасымен орман жасау бекітіледі. Тұрып қалған ағаштарды пайдалануда бір кварталда бірнеше кесулер жүргізіледі, кеспе орманның санына байланысты бір рет немесе жылдар бойы кесуге болады. Орманның топтарына байланысты кесу саны қойылады және кварталдың көлемі мен кеспе орманның ені қарастырылады. Кеспе орманның енінің көбейуіне байланысты кесудің саны азаяды.

Тұқымдардың қайнар бұлағы- тұқым қызметін орындайтын ағаш топтары немесе қалың ормандар. Қалың ормандар үлкен мөлшерде қарағай, шырша, балқарағай тұқымдары мен басқа да бағалы түрлерді береді. Олардың қайсысы болмасын қанаттармен жабдықталып, едәуір мөлшерде арақашықтығы 150 м дейін ұшады. Тұқымдандырудың табысы орман өсірушіліктегі қасиеті ағаштардың тұқымдарымен орманның ені мен мезгілі және әдістің жалғасын табуымен, орман түрлері мен шабындыққа байланысты. Мезгіл жалғасының ұлғайуымен, орман енінің азайуымен тәртіп бойынша жаратылысының барысында қылқан тұқымының жаңаруы жақсарады. Орман қабырғасында ірі және ауыр тұқымдары бар емен жаңғағы, бук жаңғағы және самырсынның маңызы жоғалып бара жатыр.

Кесу жұмыстарында жеке тұрған ағаштар, топтар мен біртекті ағаштарды сондай ақ тұқым себетіндерді қалдырады. Жеке тұрған ағаштарды тұқым немесе тұқымдық деп атайды. Ереже бойынша оларды кескенде бір қалыпты жинайды. Сапалы тұқымдар алу үшін мықты, желге төзімді, жақсы өсімді, сапалы ағаштарды қалдырады. Жиі 30 дан 40 экз/га –ға мөлшерінде І Т класс өсіміндегі қарағайды тозаңдандырудың тасымалдауын жақсарту үшін қалдырады. Тұқым топтарының көлемін 0,05 га-ға дейін және алқаптарын 0,05 тен 0,5 га дейін таңдап алынады, сол кезде қалған ағаштардың төзімділігін арттыратын, крестеп тозаңдануды қолдану. Шырша топтары және оның қайыңмен араласқаны желге едәуір жақсы қарсы тұрады. Ал балқарағайдың топтасып орналасуы крестеп тозаңдануға мүмкіншілік туғызады және жоғары сапалы тұқым құрылуын жақсартады.

Топыраққа және топырақ бетінің қабатына әсер етуі, яғни механикалық, химиялық және биологиялық мүмкіншілігі жаңа орман туғызады. Жер қыртысын сындыру, төсеніштерді топыраққа орналастыру, оның қопсытылуы және жыртуы орман кесу жұмыстарында тұқымдардың жылдам өсуіне әкеледі. Топыраққа гербицид және арборицидтерді енгізу топырақ бетіндегі тіршіліктің өсуін тоқтатады және салған тұқымның көктеп өсуіне мүмкіншілік туғызады.
Шаруашылық үшін маңызы бар тұқымдардың жаңа өнімдерін сақтап қалу – шырша, майқарағай т.б. тұқымдарға жүргізіледі. Мал жаю кезінде топырақ қопсытылады. Бірақта тоқтаусыз мал жаюмен, шаруашылыққа маңызы бар түрлерді жойып жіберуге болады. Жаңа жыртылған топыраққа, сұлы, картоп отырғызу және сазды топырақты әктеу, топырақ құрылымын жақсартады және орманды қайта құруға жағдай туғызады. Кесу кезінде құмды және құмдауыт топырақты қопсытады және құмның өсуін жақсартады.

Орманды тұтастай кесу, яғни көбінесе Ресей ормандарында қолданады, оның жақсы және жаман жақтары болады. Мұның жақсы жағы көп түпті алу болып табылады. Орманды кесу қарапайым механизацияланған жұмыспен жүреді және орман учаскілерін кесуге бұру, біржасты ағаштарды қалыптастыру жарық сүйгіш ағаш түрлерінен бір жағдаймен т.б.

Шоғырланып кесуден кең, үлкендерін алады, 100 м дейін кеспе ағаштың жанасу уақыты 1...3 жыл. Сонымен қатар техникалық нәрселерді ағаш үйінділерінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен тамырдан кесу бағыттан ағашты араластыру немесе тасымалдау жұмыстарына дейін барлығы механикаландырылады.

Құлату жеріндегі сортименттерді, орман тиеу пунктіне дейін және ағаш тасымалдауы. Осы жағдайлардан кейін қоршаған орта күрт өзгереді, өйткені ашық жерлерге айнала бастайды және жаңа ландшафтар құралады, топырақ бетіндегі өзгерістерді зерттеген М.Д. Дашелов шоғырландырып кесу идеясын ұсынды. Содан кейін И.С. Мелехов кесу типтерін шығарды.

Кесу түрі - орман учаскесінің аймағында болатын кесілген ағаштар, ал ормандағы жас ағаштар әлі бірікпеген. Кесу түрі – орман құру классификациясының категориясы, ағаш өсірудің бір жағдайымен сипатталатын кешені. Топырақ жамылғысы және орман құру үрдісінің біркелкі бағыты. Кесу түрі өсіп шығатын орманның түрімен тығыз байланысты. Тірі топырақ жамылғысының беті кесу түрінде, эдификаторлық немесе экологияны құру болып табылады. Ол ағаш бітімдерінің маңызын кесуге дейін анықтайды және кесу түрінің аты топырақ жамылғысына қарай беріледі. Сондай ақ сүректі және бұталы тұқымдастарын сирек анықтайды. Кесу түрі өрттің әсеріне байланысты, әсіресе ағаш дайындау кезінде және орман шаруашылығының практикасында үлкен маңызды мағынаға ие болады. Кесу типіне байланысты орман құру іс- шаралары өтеді, орманның жерін жақсарту, ауыл шаруашылық қолдану, орманды өрттен қорғау және оған қарсы күрес.

Шоғырландырып кесуден кейін ағаштардың өсуі бірнеше жылдармен жүреді. Соның бір түрі табиғи жаңару, бірақта ол нашар дамиды, басқа кесу тәсілдеріне қарағанда.

Орман қабырғасының маңызы ол тұқымның қайнар көзі және кесуді созуды күшті шығындайды. Кесу кезінде температураның тәулікті ауытқуы, топырақ жамылғысының бетімен салыстырғанда, жазда екі есе және одан да жоғары, ағаш бітімінің жамылғысына қарағанда. Қарсыз кезеңде топырақтың катты үсуі болады, соның әсерінен тұқым қысылады. Топырақтың сыдырылуы аса қарқынмен жүреді, қылқан жапырақты тұқымдастарының табиғи даму жағдайы нашарлайды. Кесуден кейін көбінесе жапырақты түрлермен жаңарады, соның ішінде қайың және көктерекпен. Қылқан жапырақты тұқымдастардың табиғи қайта жаңаруы жақсарту үшін керек, ол үшін іс-шараларды қолдану керек, соның ішінде қалған тұқымдарды, тұқым топтарын және біртекті ағаштарды, жас өскіндерді сақтау. Механикалық және оттың топыраққа әсерін азайту, кесудің басты пайдасын қатал тәртіппен жүргізу керек т.б.

Ең бастысы орман кесу жұмысында жас ағаштарды сақтап қалу.

Сонымен қатар орманның қайта құрылуы ол табиғи немесе оларға байланысты іс-шараларды орынды қолдану.

Осы жағдайларда орман құру үшін тұқым салу немесе көшеттерді отырғызу керек.

Сібірдің әр түрлі жастарындағы шыршалы ормандарына А.В. Побединский біртіндеп біркелкі кесуді ұсынған. Бұл кесуде екі тәсіл қолданылады, екіншісіне жетілгендік жасқа жетпеген ағаштардың кесілуі қалдырылып отырған. Бұл ағаштар, эксплуатациялық өлшемге жеткенде кесіледі, демек әрбір 30...40 жылда біртіндеп біркелкі кесулермен ағаш кесу жұмыстарындағы еңбек өнімін арттырады.

Біртіндеп - топталған кесулер кезінде топтап өскен жас шыбықтар бар жердегі ағаштар кесіледі. Егер кесілетін ағаштардың топтары үлкен болмаса (50...300м2), бұл кесулер топталған –таңдаулы деп аталады. Мұндай кесу жұмыстарында тәсілдер саны тегіс топтауға қарағанда көбірек болады. Және оларды өткізу уақыты да екі класс жасқа созылады. Өскін үстінен піскен және қурап кеткен ағаштарды кесіп, орнына әдетте 1 га жерге шымылдыңқ астына 5..6 «терезеден» таңдайды. Кейін 6...10 жыл өткен соң «терезе» қоршауындағы ағаштарды жою мен толық тұтастыруға дейін кеңейту тәсілдері қолданылады.

Түрлі жастағы топталған Сібірдің қарағайлы және жапырақты ормандарында А.В. Побединский тегіс біртекті ағаш тілімді кесу жұмыстарын ұсынды, яғни орташа ауданы 0,05...0,5 га кейде 1...1,5га ағаш топтары кесіледі. Орта жылғы және пісе бастаған ағаштар біртекті ағаш тілімімен бірге уақыты келгенде кесіледі. Тегіс біртекті ағаш тілімін кесу жұмыстары орманды кесу қорын тиімді пайдаланады және суды сақтау – қорғауды төмендеуін азайтады.

Қазіргі кезде орман шаруашылығы сұрақтары туындап, мақсаттары кеңеюде, өндірістік және тығыз орналасқан аудандарда екпелердің құрамы өзгеруде, біртіндеп кесу алдында орманнның маңызын, экологиясын көтеру мәселелері тұр. Табиғи жолмен жаңартуды алу жұмыстары сақталуда. Орман құрамы құндылығының жоғарылауында, өнімділігі, табиғи жолмен жапырақты – қылқанды және қылқанды – жапырақты ағаштардың қолданылуы үлкен рөл атқарады.

Сондықтан жапырақты – шыршалы және шыршалы – жапырақты отырғыларда біртіндеп кесуді жүргізу орынды болады, шыршалардың өскіндері бірқалыпты болған немесе екінші қатардағы 50...60 жастан үлкен емес өсімдіктер өскен кәріздендірілген топырақтарда болса.

Біртіндеп ағаш кесу жұмыстарын ағаш мол өсетін аудандарда, жақсы жол салынған аймақтарда жүргізген жөн. Ормандар негізінен таза қолайлы қоршаған орта қалыптастырушы, су қорғаушы, санитарлы-гигиеналық және сауықтыру функцияларын, сонымен бірге І және ІІ топ ормандарындағы тағы сондай функциялық қызметтерін жүргізеді. Сондықтан кесу жұмыстарын орман жақсы қалыптасқан жерлерде, яғни таулы аймақта жүргізген жөн. Себебі мұндағы ағаштарда балқарағай 30% кем емес және шамшаттар, майқарағай, балқарағай ағаш бітімдері көп шоғырланған. Біртіндеп ағаш кесу жұмыстарының пайдалы және кері әсер ететін жақтары бар. Бұл жүйенің пайдалы көрсеткіші – ормандар белгілі бір терретория құрайды, мұнда әр түрлі функциялар атқарылады. Бұл кесу жұмыстары табиғи жолмен орманды жаңартуды, ағаш өсіру уақытын қысқартуды, қылқан жапырақтылардың жойылып кетпеуін, топырақ құнарлығын жойылмауын қамтамассыз етеді, орманның эстетикалық қымбаттылығын сақтайды және орманның, орман бақтарында ланшафттың қалыптасуына мүмкіндік береді. Дегенмен, кері әсер ететін жағы да бар. Бұл орманды кесуге арналған жерге қосымша шығындар шығару, шаруашылықта құндылығы жоғары ағаштардың өсуіне зиян келтіру үлкен ағаштарға зиян келтіру, жер сұламалардың қалыптасуы, және т.б.

Біртіндеп ағаш кесу жұмыстарына жоғары білікті инженер –техник мамандары керек. Себебі механикаландыру жұмыстарынан көптеген қиындықтар туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет