Ормандардың Өнiмдiлiгiн арттыру



Дата19.06.2020
өлшемі68,07 Kb.
#74004
Байланысты:
10. Презентация

ОРМАНДАРДЫҢ ӨНIМДIЛIГIН АРТТЫРУ

10 Дәріс

Қарастырылатын сұрақтар!

  • Минералды тыңайтқыштар
  • Ормандарды биологиялық мелиорациялау
  • Алқа ағаштарды кешендi күтiп-баптау
  • Ормандар өнiмдiлiгiн арттыру мәселелерi мына төмендегi себептер салдарынан кейiнгi уақытта пайда болды:
  • 1. халық шаруашылығының ағаш сүрегіне және басқа орман өнiмдерiне күннен-күнге артып отырған қажеттiлiгi;
  • 2. адамның шаруашылық қызметiне байланысты кейбiр аудандардағы орманды алқаптары мен сүрек қорының азаюы;
  • 3. топырағы құнарсыз, қолайсыз жерлерге (құмдар, батпақты жерлер және т. Б. ) ормандардың ығыстырылуы;
  • 4. орман шаруашылығы өндiрiсiн қарқынды дамыту, орман өсiру шараларына жаңа техниканы, химиялық заттарды енгізу;
  • 5. ормандар өнiмдiлiгiнiң су мен топырақ қорғау, агроклиматтық, санитарлық-гигиеналық функцияларымен байланысы. Осы функциялардың күшейтiлуi, көбiне, орман өнiмдiлiгiн арттырумен ұштасады.
  • И.С.Мелехов ормандар өнiмдiлiгiн арттыру мәселесiн мынандай үш топқа бiрiктiрiлген шаралар жүйесiн жүргiзу арқылы шешуге болады деп есептеген:
  • 1) ормандарды тиiмдi пайдалану және орман шаруашылығы шығындарымен күресу;
  • 2) ормандардың өсiп-өнуi табиғи жағдайларына орманшылық-техникалық әдiстермен ықпал ету арқылы олардың өсуiн жеделдету;
  • 3) ормандарды қалпына келтiрудi және қалыптастыруды жылдамдату шаралары;
  • 4) тез өсетiн және жоғары өнiмдi ағаштарды енгiзе отырып, ормандар құрамын жаңарту және жақсарту.
  • Н.М.Гаршенин мен А.И.Швиденко шараларды үш топқа бөледi:
  • 1) ұйымдастырушылық шаралар;
  • 2) сүрекдiңге ықпал етуші шаралар;
  • 3) өсiп-өну орнының жағдайларына ықпал ететiн шаралар.
  • Орман шаруашылығындағы тәжірибелік жұмыстар үшiн сүрек өнiмдiлiгiнің маңызы зор. Оны әр түрлi көрсеткiштермен: 1га қорымен, орташа өсiмімен, бонитетімен, ағымды өсiмімен, жалпы өнiмдiлiгімен анықтайды. Бұл ұғымды “жалпы өнiмдiлiк” деген термин бiршама дәл бiлдiредi.
  • Ол есепке алу мезгiлiнде сүректiң жалпы қорынан, аралық пайдалану ретiнде кесiлген сүрек салмағынан, кезең бойынша қураған ағаш шығындарынан құралады және мына формуламен көрсетiледi:
  •  
  • Ржал = Vk+Vара+Т
  • мұнда, Ржал. – жалпы өнiмдiлiк;
  • Vk– зерттеу кезiндегi сүрек қоры;
  • Vарааралық пайдалану;
  • Т – қураған ағаш шығыны (барлық көрсеткiштер 1га-ға метр куб (текше метр) ретiнде келтiрiледі).

Минералды тыңайтқыштар

  • бәрiнен бұрын орман көшеттiктерiнде, орман-тұқым учаскелерi мен плантацияларында, жетiлген және жетiлiп келе жатқан алқа ағаштарда, беткі қабаты құрғатылған және өтпелi батпақтарда, жас екпелерде пайдаланылады.
  • Бiрiншi кезекте, тыңайтқыштарды енгізуге орташа өнiмдi алқа ағаштар (II, III бонитет) жатқызылады. Қылқан жапырақты ормандар үшiн 150-200 кг/га азотты тыңайтқыштар ұсынылады. Көшеттiктерде тыңайтқышты қайталап енгiзу жыл сайын, ал алқа ағаштарда 4-5 жылдан соң жүргiзуге болады.

Ормандарды биологиялық мелиорациялау дегеніміз

  • – ормандардың биогеоценозын түбегейлi жақсарту – бұл эдатоп-, фито-, зоо-, микробоценоздарға түрлi биомелиоранттардың оң әсерiмен жүзеге асырылады.

Алқа ағаштарды кешендi күтiп-баптау

  • бұл орманның өсiп-өну орны жағдайларын жақсарту шаралары мен күтiп-баптау кесулерiн үйлестiру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет