Тригонометриялық тепе теңдіктер мен олардан шығатын қосымша тепе-теңдіктер туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Тригонометриялық функциялардың анықтамалары мен қасиеттерін, өрнектерді ықшамдау, есептерді және негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану дағдыларын дамыту. Оқушыларды алғырлыққа, дәлдікке, зеректілікке, шапшандыққа тәрбиелеу.
Жауап: Екі бұрыштың қосындысы мен айырымының тригонометриялық функцияларын сол бұрыштардың тригонометриялық функциялары арқылы өрнектейтін формулаларды қосу формулалары деп атайды.