Қоршаған орта мен еңбекті қорғау түсініктер, міндеттерімен негізгі құжаттар


Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары



бет4/5
Дата09.12.2021
өлшемі353,69 Kb.
#78621
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қоршаған орта және оны қорғау Сартай Ерхан 9-1ТОРА19

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары:

  • Адам құқығының қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға басымдылығы қағидасы. Адамдардың табиғатпен үйлесімді, салауатты өмір сүруге құқығы бар;
  • Табиғи ресурстарды пайдалануға мемлекеттің егемендік кағидасы. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекет тиімді заңдық актілер қабылдайды;
  • Қоршаған ортаны қорғау ісіне әрбір адамның қатысу қағидасы. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
  • Қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидасы. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда бастапқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықшалар мен қорықтар бар.
  • Табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидасы. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты және ұтымды пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктері мен жануарлары тіркелген Қызыл Кітабы бар. Мысалы, сексеуіл – шөлді жерде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны отынға жағу үшін кесуге және пайдалануға тыйым салынған;
  • Қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидасы;
  • Коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидасы;
  • Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халыққа ақпараттардың жеткілікті болу кағидасы. Экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін әрбір адам білуі керек. Мысалы, ормандарда от жағуға, тұрғын аймаққа жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет