Ашық сабақ.
Тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Алатау»
Мақсаты: 1.Берілген өлеңді дұрыс, түсініп
Оқу арқылы оқушыларды елін, жерін сүюге, қадірлеуге, Отанымыздың бай табиғатын, байлықтарын мақтаныш ете отырып, оларды қорғауға, ысырап етпеуге ұмтылдыру.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, есте сақтауларын, сөздік қорларын молайту, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.
3. Экологиялық тәрбие беру.
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, ән-күй.
Көрнекілігі: Жамбыл, Сүйінбай суреттері, таулар, жаңылтпаштар, қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, физикалық карта.
Слайд бойынша .
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Бәйге ойыны» сұрақтар қою.
Жаңа сабақ. Жамбыл «Алатау» .
Күй: «Алатау» күйі ойналып тұрады.
Слайдтан: табиғат суреті арқылы тақырыпты ашу.
Таулар суреті: нені көріп тұрмыз ? Тау дегеніміз не? Қандай тауларды білеміз? Аулымызда қандай таулар бар?
Таулар туралы мағлұмат беру.
Слайдтан : Жамбыл Жабаев суреті.
Балалық шағы. Өмірбаяны. Шығармашылығы. Венн диограммасы бойынша оқушылар оқиды. Сүйінбай ақын туралы айту.
Оқулықпен жұмыс. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
Оқушыларға оқыту.
Өлеңді талдау.
Сөздік жұмысы: ну- мұнар- кептес-
Дәптермен жұмыс: жаңа сөздер, мақалдар,тау бөліктері
Сергіту сәті: жаңылтпаштар, мақал- мәтелдер айту, өлең оқу.
Қорытындылау:
1.Тау дегеніміз не?
2. Тау бөліктерін ата.
3. таудан су қалай ағады?
4. Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өскен?
5. Жемістің дәмі қандай?
6. Таудан аққан бұлақта не кездеседі?
7. Табиғат адамға не береді?
3 оқушыға тапсырма. *1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
*2. Тау суретін салу.
*3.» Тау» тақырыбына әңгіме.
Үйге тапсырма. Алатау өлеңін жаттау.
Бағалау. Мадақтау.
Ажар. Өлең «Алатау».
Достарыңызбен бөлісу: |