Пәннің аты:
Әдебиеттік оқу
|
Уақыты:13.03.2017ж
|
Кабинет: 2
|
Мұғалім:
А.Бисенбаева
|
Сынып:
3 - сынып
|
Қатысқандар: 7
|
Қатыспағандар:0
|
Сабақтың атауы
|
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
|
Мақсаты
|
Білімділігі: Өлеңді дұрыс мәнерлеп түсініп оқып, мазмұнын меңгеруге, негізгі идеяны анықтауға көмектесу:
Дамытушылығы: Бағыт – бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істету, ой – өрісін дамыту, ойларын ашық айтып, қорытынды жасай білуге жағдай жасау;
Тәрбиелілігі: Белсенділіктерін арттыра отырып, сұлулықты сезіне білуге және адамгершілік қасиеттерді бағалай білуге баулу.
|
Ресурстар
|
Әдістемелік құрал, ғаламтор, МАН, дәптер, интертақта, стикер, түсті маркер, ақ қағаз
|
Әдіс - тәсілдері
|
АКТ, миға шабуыл, видео ролик, постер қорғау, түсіндіру. ДЖИКСО-әдісі, СТО технологиясын пайдалану.
|
|
Мұғалім іс - әрекеті
|
Оқушы іс - әрекеті
|
Ұйымдастыру бөлімі
|
Сәлемдесу
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басты иіп бәріміз.
|
Оқушылар сәлемдеседі.
|
Топқа бөлу
|
Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлу және топтың атын шығару
І топ «Сайғақ» ІІ топ «Жайран»
|
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
|
«Миға шабуыл»
Үй тапсырмасы
|
Өткенді қайталау
Киіктің айласы
Табиғаттағы киік тұқымдас өзгеде жануарлар тіршілігі туралы материалдар дайындап келу.
Өткен сабақты қорыту
|
Оқушылар қосымша дайындап келген материалдарын оқу.
|
«Мағынаны тану»
Жаңа сабақ
|
Ерболат Құдайбергеновтің «Ақсақ киік» бинетаспасын көру.
Балалар бейнетаспа не туралы?
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
Автор туралы
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас)
(1894-1938)
Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті жазушысы,қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, қоғам қайраткері. «Ақсақ киік», «Аққудың айрылуы» шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті. «Жұбату» әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атты тарихи романында көрсетеді
|
Балалар тыңдайды. Сұраққа жауап береді.
|
Оқулықпен жұмыс
|
«Ақсақ киік» өлеңін тізбектей оқу
Сарыарқа, Бетбақдала туралы мәлімет беру.
Арқа, яғни, Сарыарқа Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан шығысына қарай 1200 км өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы Сарыарқада орналасқан. батысы сазды, шығысы тасты, құмды, шөлді жер. Бетпақдалада ағын су жоқтың қасы. Бұл күндері аң - құстар мен жануар - жәндіктердің көптеген түрлеріне жайлы мекен. Бетпақтың даласында ширек гектар жер, аң - құс қорығы ретінде қорылады.. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі.
|
Оқушылар тапсырманы орындайды.
|
Мағынаны тану
|
Ақсақ киік өлеңін мәнерлеп оқыту.
|
Оқушылар мәнерлеп оқиды..
|
Ой жинақтау
|
Мәтінмен жұмыс
Табиғат көрнісі
Киіктің сұлу мүсіні
Киіктің мүшкіл халі
Ақынның бейнелі сөздері
Өлеңдегі теңеу
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарларды тең көрмедім,
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім.
|
Оқушылар мәтіннен тауып оқиды.
|
Сергіту сәті
|
Интертақтадан қимылды сергіту көрсетеді. «Ақбұлақ» биі
|
Балалар өлеңін айтады, билейді.
|
Дәптермен жұмыс
|
Бізге беймәлім сөздер.
1.Шөл – суға тапшы аймақ
2.Бетпақдала-Арқаның шөл даласы
3.Киік, бөкен – аша тұяқты жүйрік аң.
4.Киік-аталық жануар.
5.Бөкен-аналық жануар.
Ғылыми атауы: Saiga
Төлі: Құралай.
Мүйізінен: ,,Пантокрин” дәрісі жасалады.
Еті: деликотес саналады.
Терісінен: аса бағалы былғары жасалады.
Жауы: қасқыр,түлкі,шибөрілер,бүркіт,қыран.
Адамдар - еті, мүйізі үшін аяусыз атады.
|
Оқушылар дәптерге жазады.
|
Ой қозғау
|
«Ақсақ құлан» мультфильмінен үзінді
|
Оқушылар мультфильмді тамашалайды, ішінен аңшының әрекетін көреді.
|
Шығармашылық жұмыс. Хат жазу
|
Оқушыларға (аңшыға, ақынға, киікке) хат жаздырады.
|
Оқушылар хат жазады, постер қорғайды.
|
|
«Кім жүйрік»
Тест «ИӘ» - «ЖОҚ»
1. С.Сейфуллин 1894 ж. дүниеге келді ме?
2. Киіктер орманды жерде мекен ете ме?
3. Киікті бөкен деп атауға бола ма?
4. Киіктің мүйізі пайдалы ма?
5. Өлең табиғатты аялауға тәрбиелей ме?
6. С.Сейфуллин 1938 ж. дүниеден өтті ме?
7. Бетпақдала Арқаның шөл даласы ма?
8. Бөкен аталық жануар ма?
9. Киік аналық жануар ма?
10. Киіктің лағы құралай ма?
11. Киік қызыл кітапқа енген бе?
12. Өлеңде киіктің өлгені не өлмегені туралы нақты
мәлімет айтылған ба?
|
Оқушылар жылдам жауап береді.
|
Сабақты бекіту.
Ой түю.
|
Сәкен Сейфуллин кім?
Шығарманың басты тақырыбы мен идеясы қандай?
Өлеңде қандай жерді суреттеген?
Киікті неге теңейді?
Киік мүйізінен не жасалады?
Өлең қалай аяқталған? Сен қалай аяқтар едің?
Ақын өлең арқылы нендей ой қозғайды?
«Қызыл кітапқа» енген киік жануары бүгінгі таңда қаншалықты қорғалған?
Табиғатты сен қандай істеріңмен қорғап жүрсің?
Табиғатқа жаны ашитын адам қандай қасиеттерге ие болуы керек?
|
|
Үй тапсырмасы
|
1.өлеңнің ұнаған жерін жатқа оқу;
2.бөкеннің аянышты халін суреттеу;
3. «Табиғат және адам»тақырыбында эссе жазу.
|
Балалар күнделіктеріне жазады.
|
Рефлексия
|
Екі жұлдыз, бір тілек
|
Балалар қима қағазды толтырады.
|
Қорытынды
|
Бүгінгі сабақта Қадыр Мырзалиевтің мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Аяймын мен анасыз, атасызды,
Аяймын, мен құлынсыз ,ботасызды.
Хайуанатқа жасаған қиянатың –
Бауырыңа жасаған опасыздық.
|
|
Бағалау
|
Мұғалім оқушыларды бағалайды.
|
Оқушылар бір – бірін бағалайды.
|