Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы


Объектілерді бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары



бет5/10
Дата08.02.2022
өлшемі70,43 Kb.
#121571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Өрт нұсқаулығы 2019ж

Объектілерді бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары

1. Объектіде (ғимаратта, құрылыста) өрт сөндіргіштердің типін таңдау және қажетті санын анықтау олардың өрт сөндіру қабілетіне, жанғыш материалдың түрі бойынша өрт сыныбына, қорғалатын үй-жайдың немесе технологиялық жабдықтың ерекшеліктеріне және басқа да параметрлерге (оның ішінде қорғалатын үй-жайдағы ортаның температурасына, өрт сөндіргіштен өрт сөндіргіш заттың ағынының ұзындығына, оның жұмыс істеу уақытына және өрт сөндіргіштің сыйымдылығына) байланысты жүзеге асырылады.


2. Өрт сөндіргіштің типі (тасымалданатын немесе жылжымалы) ықтимал өрт ошағының ауданына байланысты анықталады. Қорғалатын үй-жайда құрама өрт ошақтарының шығуы ықтимал болған жағдайда өрт сөндіргіштің типін таңдаған кезде қолданылу саласы бойынша барынша әмбебап өрт сөндіргіштерге мән беріледі.


3. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша әртүрлі санаттағы ғимараттардың, құрылыстардың және құрылымдардың үй-жайларын қорғауға арналған өрт сөндіргіштер саны бір өрт сөндіргішпен қорғалатын шекті ауданға және осы қосымшаның 1 және 2-кестелеріне сәйкес үй-жайдың жалпы ауданына байланысты анықталады.


4. Өрттің ықтимал ошағынан бастап өрт сөндіргіш орналасқан жерге дейінгі қашықтық:


1) қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар үшін – 20 м;


2) А, Б және В1-В4 санаттарындағы үй-жайлар үшін – 30 м;


3) Г санатындағы үй-жайлар үшін – 40 м;


4) Д санатындағы үй-жайлар үшін – 70 м аспайтындай етіп көзделеді.


5. Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда әр қабатта кемінде екі қол өрт сөндіргіші орналастырылады.


6. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша Д санатты, ауданы 100 м2 кіші үй-жайларды қол өрт сөндіргіштермен жарақтамауға болады.


7. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша бір санаттағы бірнеше шағын үй-жайлар болған кезде қажетті өрт сөндіргіштер саны осы қосымшаның 1 және 2-кестелері бойынша осы үй-жайлардың жиынтық ауданын есепке алып анықталады.


8. Кәсіпорыннан қайта зарядтауға жөнелтілген өрт сөндіргіштер зарядталған өрт сөндіргіштердің тиісті санымен алмастырылады.


9. Қымбат электронды жабдығы бар, сондай-ақ тарихи құндылыққа ие заттарды сақтауға арналған үй-жайларды (оның ішінде телефон станцияларының, музейлердің, архивтердің үй-жайларын) қорғау үшін өрт сөндіру кезінде жоғарыда аталған заттардың өрт сөндіргіш затпен зақымдану қаупін болдырмау үшін ауа-эмульсиялық және көмірқышқыл өрт сөндіргіштерді қолдануға жол беріледі.


10. Автоматты стационарлық өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған үй-жайлар нормативтік тиістіліктің 50 % есебінің негізінде қол өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етіледі.


11. Объектіде орналастырылған барлық өрт сөндіргіштер белгіленген нысандағы паспорттармен қамтамасыз етіледі.


12. Өрт сөндіргіштер өрт кезінде адамдарды ғимараттан қауіпсіз эвакуациялауға кедергі келтірмей, көрінетін жерлерде және үй-жайдан эвакуациялық шығу жолдарының жанында еденнен 1,5 м аспайтын биіктікте орналастырылады.


Толық массасы 15 кг кем өрт сөндіргіштер олардың үсті еденнен 1,5 м аспайтын биіктікте орналасатындай етіп орнатылады.


Толық массасы 15 кг және одан астам тасымалданатын өрт сөндіргіштер өрт сөндіргіштің үсті 1,0 м аспайтын биіктікте орналасатындай етіп орнатылады. Абайсызда әсер етуден құлап қалмауы үшін оларды еденге міндетті бекітіп орнатуға болады.


13. Өртке қарсы жайма, өрт сөндіруге арналған қылшық жүнді мата немесе киіз (төсеніш, жанбайтын материалдан жасалған жамылғы) қақпақты металл футлярларда сақталады және үш айда кемінде бір рет кептіріліп, тозаңнан тазартылады.


14. Бастапқы өрт сөндіру құралдарын, механикаландырылмаған құрал-саймандар мен өрт керек-жарағын ішкі өрт сөндіру су құбырымен және автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталмаған өндірістік және қойма үй-жайларында, сондай-ақ сыртқы өртке қарсы су құбыры жоқ кәсіпорындардың (ұйымдардың) аумағында орналастыру үшін немесе осы кәсіпорындардың ғимараттары, құрылыстары және сыртқы технологиялық қондырғылары сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінен 100 м астам қашықтықта шалғай орналасқан кезде өрт қалқандары жабдықталады.


Өрт қалқандарының қажетті саны мен олардың типі осы қосымшаның 3-кестесіне сәйкес үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың және сыртқы технологиялық қондырғылардың жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша санатына, бір өрт қалқанының қорғайтын шекті ауданына және өрттің сыныбына байланысты анықталады.


15. Өрт қалқандары осы қосымшаның 4-кестесіне сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, механикаландырылмаған өрт құрал-саймандарымен және өрт мүлкімен жинақталады.


16. Өрт қалқанының жанына орнатылатын су сақтауға арналған бөшкелердің көлемі кемінде 0,2 м етіп көзделеді және олардың жиынтығында шелек болады. Жәшіктер 0,5 м3, 1,0 м3 немесе 3,0 м3 көлемде көзделеді және қалақ күрекпен жабдықталады. Құм салуға арналған жәшіктердің конструкциясы құм алып шығуға қолайлы, жауын-шашынның түсуін болдырмайтындай етіп жасалады.


17. Құм салынған жәшіктер қалқандармен бірге үй-жайларда немесе тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтардың төгілуі ықтимал ашық алаңқайларда орнатылады.



1-кесте


Үй-жайларды тасымалданатын өрт сөндіргіштермен жарақтау нормалары



Үй-жайлардың функционалдық мақсатының атауы және жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндірістік немесе қойма үй-жайының (ғимараттың, құрылыстың) санаты



Өрт сөндіргіштердің тиісті типімен қорғалатын үй-жайдың ең үлкен ауданы, м2



Өрт сыныбы



Өрт сөндіргіштердің типіне және корпусының көлеміне қарай өрт сөндіргіштердің қажетті саны



Көлемі 10 л көбікпен және сумен өрт сөндіргіштер



Көлемі л ұнтақпен өрт сөндіргіштер, (өрт сөндіргіш заттың массасы, кг)



Көлемі 3 л ауа- эмульсиялық өрт сөндіргіштер



Көлемі л көмірқышқыл мен өрт сөндіргіштер, (өрт сөндіргіш заттың массасы, кг)



2(2)



5(4)



10(9)



2(2)



3(5), 5(8)



А, Б, В1-В4 (жанғыш газдар мен сұйықтықтар)



200



A



2++



-



2+



1++



1++



-



-



B



4+



-



2+



1++



1+



-



-



C



-



-



2+



1++



-



-



-



D



-



-



2+



1++



1+



-



-



(E)



-



-



2+



1++



-



-



2++



В1-В4 (қатты жанғыш заттар мен материалдар)



400



A



2++



4+



2++



1+



1++



-



2+



D



-



-



2+



1++



1+



-



-



(E)



-



-



2++



1+



-



4+



2++



C



-



4+



2++



1+



-



-



-



Г және Д



1800



A



2++



4+



2++



1+



1++



-



-



D



-



-



2+



1++



1+



-



-



(E)



-



2+



2++



1+



-



4+



2++



Қоғамдық ғимараттар



800



A



4++



8+



4++



2+



2++



-



4+



(E)



-



-



4++



-



4+



4+



2++



Ескертпелер:


1. "++" белгісімен қорғау объектілерін жарақтауға ұсынылатын өрт сөндіргіштер, "+" белгісімен ұсынылатын өрт сөндіргіштер болмаған кезде және тиісінше негізделген кезде қолдануға рұқсат етілетін өрт сөндіргіштер, "-" белгісімен осы қорғау объектілерін жарақтау үшін рұқсат етілмейтін өрт сөндіргіштер белгіленген.


2. Әртүрлі сыныптағы өрттерді сөндіру үшін ұнтақпен өрт сөндіргіштер тиісті зарядтармен қамтамасыз етіледі: А сыныбы үшін - АВС (Е) ұнтағы; В,С және (Е) кластары үшін - ВС(Е) немесе АВС (Е) және D - D.


3. D сыныпты өрттерді сөндіру үшін ауа-эмульсиямен өрт сөндіргіштердің тиісті өрт сөндіргіш заттарының зарядтарымен және тиісті таңбаланумен қамтамасыз етіледі.



2-кесте


Үй-жайларды жылжымалы өрт сөндіргіштермен жарақтау нормалары



Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндірістік немесе қойма үй-жайының (ғимараттың, құрылыстың) санаты



Өрт сөндіргіштер дің тиісті типімен қорғалатын үй-жайдың ең үлкен ауданы, м2



Өрт сыныбы



Өрт сөндіргіштердің типіне және корпусының көлеміне қарай өрт сөндіргіштердің қажетті саны



Көлемі 100 л ауа-көбікпен өрт сөндіргіштер



Көлемі 50 л ауа-эмульсиялық өрт сөндір гіштер



Көлемі 100 л ұнтақпен өрт сөндіргіштер



Көлемі л көмірқышқыл мен өрт сөндіргіштер



25



80



А, Б, В1-В4 (жанғыш газдар мен сұйықтықтар)



500



A



1++



1++



1++



-



3+



B



2+



1++



1++



-



3+



C



-



-



1++



-



3+



D



-



-



1++



-



-



(E)



-



-



1+



2+



1++



В1-В4 (қатты жанғыш заттар мен материалдар), Г



800



A



1++



1++



1++



4+



2+



B



2+



1++



1++



-



3+



C



-



-



1++



-



3+



D



-



-



1++



-



-



(E)



-



-



1+



1++



1+



Ескертпелер:


1. "++" белгісімен қорғау объектілерін жарақтауға ұсынылатын өрт сөндіргіштер, "+" белгісімен ұсынылатын өрт сөндіргіштер болмаған кезде және тиісінше негізделген кезде қолдануға рұқсат етілетін өрт сөндіргіштер, "-" белгісімен осы қорғау объектілерін жарақтау үшін рұқсат етілмейтін өрт сөндіргіштер белгіленген.


2. Әртүрлі сыныптағы өрттерді сөндіру үшін ұнтақпен өрт сөндіргіштер тиісті зарядтармен қамтамасыз етіледі: А сыныбы үшін - АВС (Е) ұнтағы; В,С және (Е) сыныптары үшін - ВС(Е) немесе АВС (Е) және D - D.



3-кесте


Ғимараттарды, құрылыстарды және аумақтарды өрт қалқандарымен жарақтау нормалары



Үй-жайлардың функционалдық мақсатының атауы және жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың немесе сыртқы технологиялық қондырғылардың санаты



Бір өрт қалқанының қорғайтын шекті ауданы, м2



Өрт сыныбы



Өрт қалқанының типі



А, Б және В1-В4 (жанғыш газдар мен сұйықтықтар)



200



А


В


(Е)



ЩП-А


ЩП-В


ЩП-Е



В1-В4 (қатты жанғыш заттар мен материалдар)



400



А


Е



ЩП-А


ЩП-Е



Г және Д



1800



А


В


Е



ЩП-А


ЩП-В


ЩП-Е



Ауыл шаруашылығы дақылдарын бастапқы өңдеу бойынша кәсіпорындардың (ұйымдардың) үй-жайлары мен ашық алаңдары



1000



-



ЩП-СХ



Дәнекерлеу немесе өзге от қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезіндегі әртүрлі мақсаттағы үй-жайлар



-



A



ЩПП



Ескертпе: 3-кестеде мынадай белгілемелер пайдаланылған:


ЩП-А – А сыныбындағы өрт ошақтары үшін өрт қалқаны;


ЩП-В – В сыныбындағы өрт ошақтары үшін өрт қалқаны;


ЩП-Е – Е сыныбындағы өрт ошақтары үшін өрт қалқаны;


ЩП-СХ – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (ұйымдары) үшін өрт қалқаны;


ЩПП - жылжымалы өрт қалқаны.



18. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша АН, БН және ВН санаттарындағы үй-жайлар мен сыртқы технологиялық қондырғылар үшін жәшіктердегі құм қоры әрбір 500 м2 қорғалатын аумаққа кемінде 0,5 м3 , ал ГН және ДН санаттарындағы үй-жайлар мен сыртқы технологиялық қондырғылар үшін әр қорғалатын 1 мың м2 аумаққа кемінде 0,5 м3 етіп көзделеді.


19. Өртке қарсы жаймалар, қылшық жүнді маталар немесе киіз ауа өтпесе жанбайтын заттар мен материалдардың өртін сөндіру үшін қолданылады.


Өртке қарсы жаймалар, қылшық жүнді маталар немесе киіз кемінде 1х1м өлшемде көзделеді және ауданы қолданылатын жайманың ауданынан 50 % аспайтын заттар мен материалдардың өрт ошақтарын сөндіруге арналған. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданатын және сақтайтын орындарда жаймалардың өлшемдерін 2х1,5 м немесе 2х2 м дейін үлкейтуге жол беріледі.



4-кесте


Өрт қалқандарын механикаландырылмаған өрт құрал-саймандарымен және өрт мүлкімен жинақтау нормалары



Бастапқы өрт сөндіру құралдарының, механикаландырылмаған құрал-саймандардың және мүліктің атауы



Өрт қалқанының типіне және өрт сыныбына байланысты жинақтау нормалары



ЩП-А


А сыныбы



ЩП-В


В сыныбы



ЩП-Е


Е сыныбы



ЩП-СХ



ЩПП



Өрт сөндіргіштер:


ауа-көбікпен (ОВП), көлемі 10 л



2



2



-



2



2



көлемі л, ұнтақпен (ОП), (өрт сөндіргіш құрамның массасы, кг):




























10 (9)



1



1



1



1



1



5 (4)



2



2



2



2



2



көлемі л көмірқышқылмен өрт сөндіргіштер (ОУ), (өрт сөндіргіш құрамның салмағы, кг) 5 (3)



-



-



2



-



-



Сүймен



1



1



-



1



1



Ілмек



1



-



-



1



-



Шелек



2



1



-



2



1



Өртке қарсы жайма, қылшық жүнді мата немесе киіз (төсеніш, жанбайтын материалдан жасалған жабын)



-



1



1



1



1



Сүйір күрек



1



1








1



1



Жалпақ күрек



1



1



1



1



-



Айырлар



-



-



-



1



-



Су сақтауға арналған сыйымдылық, көлемі:




























0,2 м3



-



-



-



1



-



0,02 м3



1



-



-



-



1



Құмы бар жәшік



-



1



1



-








Ескертпе – Әртүрлі сыныптағы өрттерді сөндіру үшін ұнтақпен өрт сөндіргіштер тиісті зарядтармен қамтамасыз етіледі: А сыныбы үшін - АВС (Е) ұнтағы; В және (Е) сыныбы үшін - ВС(Е) немесе АВС (Е) ұнтақтар.



5-кесте


Қызмет көрсету объектілерін бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтау нормалары



Объектілер мен құрылыстардың атауы



Ауданы (м2)



Бастапқы өрт сөндіру құралдарының атауы және қажетті саны



Ұнтақпен өрт сөндіргіштер (дана)



Көмірқышқылмен (дана)



ЩП-В типті өрт қалқаны (жинақ)



Техникалық қызмет көрсету станциясы



әрбір 100



2 – "ОП-5" не 1 – "ОП-10"



1- "ОУ-2"



-



Көлік тұрақтары мен гараждар: ашық тұрақтар



әрбір 100



2 – "ОП-5" не 1 – "ОП-10"



-



1



гараждар



1 гаражға деген есеппен



1 – "ОП-2"



-



-



әкімшілік ғимарат немесе күзет үй-жайы;



100-ге дейін



2 – "ОП-5" не 1 – "ОП-10"



-



-



гараж аумағы



әрбір 100



2 – "ОП-5" не 1 – "ОП-10"



1-"ОУ-2"



1



өнімділігі тәулігіне 500 және одан астам жанармай құятын АЖҚС ("қарбалас" сағатта 135 және одан астам жанармай құю орындары)



-



4 – "ОП-5"


2 – "ОП-10"


1 – "ОП-100"



2-"ОУ-2"








өнімділігі тәулігіне 500-ден кем жанармай құятын АЖҚС ("қарбалас" сағатта 135-тен кем жанармай құю орындары)



-



2 – "ОП-5"


1 – "ОП-10"


1 – "ОП-100"



1-"ОУ-2"








оператор бөлмесі, дүкен, тамақтану пункті (АЖҚС жанындағы)



әрбір 100



1 – ОП-5



1-"ОУ-2"








жеке тұрған сауда павильондары, дүңгіршектер, қабылдау пункттері, жөндеу шеберханалары, валюта айырбастау пункттері, халық тұтынатын тауарлар сатылатын, оның ішінде көтерме базарлар мен базарлар аумағында орналасқан контейнерлер



100-ге дейін қоса


әрбір 100



1 – "ОП-5"


1 – "ОП-5"



-


-



-


-



қоғамдық, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарға кірістірілген-жапсарлас құрылыстар: сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтану кәсіпорындары, дене шынықтыру- сауықтыру кешендері, кітапханалар, дәріханалар, медициналық кабинеттер, кассалық есеп айырысу кәсіпорындары, көркем шеберханалары, сүт асүйлері, мұражайлар мен көрмелер



100-ге дейін



2 – "ОП-5" не 1 – "ОП-10"



-



-



әрбір 100



2 – "ОП-5" не 1 – "ОП-10"



-



-



офистер, залдар, дискотекалар, ойын мекемелері, валюта айырбастау пункттері, байланыс бөлімшелері, фотосалондар, жерлеу (рәсімдер) бюросы, кеңселер, жөндеу шеберханалары, шағын өндірістер, тир, бильярд бөлмесі, көшірме жасау-көбейту, туристік, көлік агенттіктері.



100-ге дейін қоса


әрбір 100



2 – "ОП-5" не 1 – "ОП-10"


2 – "ОП-5" не 1 – "ОП-10"



-


-



-


-



Ескертпелер:


1. 5-кестенің тізбесіне кірмеген объектілерге, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны осы Қағидаларға 1-6-қосымша талаптарының негізінде анықталады.


2. Автокөлік құралдарына арналған өрт сөндіргіштер саны "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) сәйкес анықталады.


3. Теміржол, су, теңіз және әуе көлігі үшін бастапқы өрт сөндіру құралдарының саны белгіленген тәртіппен бекітілген нормалардың талаптарына сәйкес анықталады.


4. Ұнтақты өрт сөндіргіштерді ауа-эмульсиялық өрт сөндіргіштермен ауыстыруға болады.



Қазақстан Республикасы


Үкіметінің


2019 жылғы 13 желтоқсандағы


921 қаулысына


7-қосымша


Өрт қауіпсіздігі қағидаларына


8-қосымша


Нысан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет