Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы



бет2/10
Дата08.02.2022
өлшемі70,43 Kb.
#121571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Өрт нұсқаулығы 2019ж
Жаратылыстану ғылымдарына саяхат, Қауіпсіздік журналы-18-19о.ж
Премьер-Министрі




А. Мамин




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 921 қаулысына
1-қосымша


Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
1-1-қосымша

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтарға қойылатын талаптар

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар осы Қағидалардың талаптары негізінде ғимараттардың, құрылыстардың, технологиялық процестердің, технологиялық және өндірістік жабдықтың өрт қауіптілігі ерекшелігін негізге ала отырып, әзірленеді.


Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтарда мынадай мәселелер көрсетіледі:


1) аумақтарды, ғимараттарды, құрылыстар мен үй-жайларды, оның ішінде эвакуациялау жолдарын күтіп-ұстау тәртібі;


2) жабдықты пайдалану және өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезінде технологиялық процестердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;


3) жарылыс-өрт қаупі және өрт қаупі бар заттар мен материалдарды сақтау және тасымалдау тәртібі мен нормалары;


4) жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды қарап-тексеру және жабу тәртібі;


5) темекі шегуге, ашық отты қолдануға және от және өзге де өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге арналған орындарды орналастыру;


6) жанғыш заттар мен материалдарды жинау, сақтау және жою, арнайы киім-кешекті ұстау және сақтау тәртібі;


7) үй-жайларда бір мезгілде болатын шикізат, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің рұқсат етілген мөлшері;


8) ауытқуы өрттің немесе жарылыстың шығуына әкелуі мүмкін бақылау-өлшеу аспаптарының шекті көрсеткіштері (манометрлер, термометрлер).


Персоналдың өрт кезіндегі міндеттері мен іс-әрекеттері:


1) өртке қарсы қызмет бөліністерін шақыру;


2) технологиялық құрал-жабдықты авариялық тоқтату;


3) желдеткіш пен электр жабдығын ажырату;


4) өрт сөндіру құралдары мен өрт автоматикасын пайдалану;


5) адамдарды, жанғыш заттар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау;


6) кәсіпорынның барлық үй-жайларын қарап-тексеру және жарылыс-өрт қауіпсіз күйіне келтіру.



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 921 қаулысына
2-қосымша


Өрт қауіпсіздігі қағидаларына


1-2-қосымша


Нысан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет