Мақсаты: Білімділік



Дата13.01.2020
өлшемі26,87 Kb.
#55768
Байланысты:
Жаратылыстану ғылымдарына саяхат
Қауіпсіздік журналы-18-19о.ж, Өрт нұсқаулығы 2019ж
Мақсаты:

Білімділік: жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін және ораторлық шеберлігін ойын арқылы дамыту;

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру, жауапкершілікті сезіну және өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қатысушылар: 5-9 сынып оқушылары.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, әр топқа даярланған үстел, интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Түрі: Интеллектуалды сайыс

Типі: Сайыс түрінде

Барысы: Оқушыларды 3 топқа бөлу, сайыс шартымен таныстыру, әділ қазылар алқасын сайлау.

Барысы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар өздеріңіз білесіздер, 11-25 қараша аралығында мектебімізде жаратылыстану ғылымдары апталығы өтіп жатыр, міне бүгін сол апталықтың «Жаратылыстану ғылымдарына саяхат» тақырыбындағы қорытынды кешіне қош келдіңіздер.

Бұл қорытынды кеш сайыс түрінде өтеді. Сайысқа 5-9 сынып оқушыларынан құралған 3топ қатысады. Мен бүгінгі «Жаратылыстану ғылымдарына саяхат» атты сайысымызды ұлы орыс физигі К.Э. Циолковскийдің «Мен адамға өзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді!...» деген сөзімен бастағым келеді. Құрметті «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер, бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Солармен танысып өтейік.



Сайыс шарты:

1.Таныстыру

2. Кім тапқыр?

3. Дода

4. Ыммен сөйлесу

5. Адасқан әріптер

6. Эстафеталық сайыс

Қазақ халқының ғұлама жазушысы М,Әуезов «халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деген екен. Қазіргі таңда жас Қазақстан Республикасына білімді де, білікті, жан жақты жастар қажет. Бүгінгі сайысымызға нағыз дүлдүлдер өз білімдерін сынға салуға келіп отыр. Ендеше оларға сәт сапар тілейміз. Біздің сайысымызда әділ қазылар төрелік ететінін ескерте отырып, таныстырып өтелік.
Олар: 1. Жалын тобы

2. Тұлпар тобы

3. Достық тобы
Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда.

Білімдінің ырысы

Жарқырап жатар жолында, - дей келе І бөлім бойынша әрбір топ өздерін таныстырып өтеді.



Келді  кезек  жұмбақты  шешуге 

Жауаптарын  беруге  үш  тілдерде

Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз

Жақсы баға шәкірт  саған несібе

Жасырылған  жұмбақтардың  жауабын  қазақ,  орыс, ағылшын  тілдеріне  аудару керек. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.
химия

1.Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың (тұз, соль, solt)

2. Сабыр түбі сары… (алтын, золото, gold)

3. Иісі, түсі, өңі жоқ


Табиғатта онсыз өмір жоқ
Өсімдіктен аламын
Өміріме нәр қыламын.
Жауабы: Оттек, кислород, oxygen
Биология

1.Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызыл дәу жатыр (қызылша, свекла, beetroot)


2.Күбір-күбір қарағым,                       

 Қартайғанша жарадың.                    

Осы айтқан жұмбақты,

 Дұрыс тапсаң жарадың. (құлақ, ухо, ear)


3.Далада жүр шапқылап Керемет бір саққұлақ. (қоян – заяц - Hare)
География

  1. Бар ма, жоқ па

Оны анық білмеймін.

Көлігі жоқ көшеді,

Өзін кезбе деседі. (бұлт – облако -clouds )


  1. Сатамын десем, ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем. (жер – земля -earth)

  1. Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейміз. (ауа – воздух - air)


Физика


  1. Көкке қараған, жұлдыз санаған.

(телескоп, telescope [телискоуп])


  1. Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды

( сағат,часы, cloсk [клок])

 


  1. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді.

(күш,сила, strength [стрензсі])
Математика

1. Он бір түйе, бес жылқы.
Екі сиыр, бес ешкі
Екі қоян үш түлкі
Таба алмайсың бос күлкі (барлығы: 28 - twenty eight)

2. Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма (барлығы: 24)

3. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
Ұзындығы жазулы бір бойында (Сызғыш, линейка, ruler)
Информатика


  1. Биологияда бұл паразит, 
    Көзге зорға көрінер.
    Информатикада өлшем бірлік,
    Ақпараттарды өлшер                     (бит-бит-bit)

2. Жануарға ұқсас атым бар,


Бағдар  көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын                   (тышқан – мышка – mouse)

3. Қанша тетік тізілген


Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген                   (пернетақта – клавиатура –  keyboard)
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі – демекші сайысымыздың ІІІ бөлімі «Дода» деп аталады. Ойыннын шарты мынадай: өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Ұяшыққа назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы ала аласыз, 30 балл орташа деңгейдегі сұрақтар. Ал, ең күрделі сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады. Ұпайы аз топ бастасын.
Химия

(20) Универсалды тұрақты - идеал газдың 1 мольндегі молекула санын ашқан итальяндық ғалым (А. Авогадро)
(30) «Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик ғалымы? (Д. И. Менделеев).
(40) Бұл миллиондаған жыл бұрын мұхиттардың түбінде қалған бақалшақтардың нығыздалуынан түзілген. Біз оны әр түрлі мақсатта пайдалана аламыз - оның және оның қосылыстары үй салуда, қаптауда, ескерткіштер мен әшекейлер жасауда. Кейде оны жейді. Онымен асфальтта сурет салға болады. (Бор)
Биология

(20) Ежелгі Римде, оның капут деп атаған, ол "басы" дегенді білдіреді, ал гректер оны "брассо", яғни "шықырлату, қытырлату" деген сөз. Ал бізде ол өсімдік қалай аталады? (Қырыққабат)
(30) Бұл өсімдік ғылым мен өнер құдайына Аполлонға арналған. Онымен суретшілерді, әртістер мен ғалымдарды шығармашылық жетістіктері үшін марапаттаған. Осы өсімдіктің атынан "лауреат"сөзі шыққан. Бұл қай өсімдік, қазір қайда қолданылады (лавр)
(40) «XVI ғасырдың бас кезінде Педро Де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда жергілікті адамдардың осымен тамақтанатынын байқайды. Перуліктер оны папа деп атайды екен. Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды. Ал француздар оны жер алмасы деп, итальяндықтар әуелі тартуфоль деп атапты. Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады. Оның мұнда таруына III Петрдің еңбегі зор (картоп)
География

(20) Географияның атасы (Эротосфен)
(30) Ең биік ағаш (секвоя, биіктігі 100 м)
(40) климат қалыптастырушы факторлар (күн радиациясы, атмосфералық циркуляция, жердің төсеніш беті)
Физика
(20) Көрнекті неміс физигі. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын, тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңдылықты ашты. Кедергінің өлшем бірлігі ғалым есімімен аталады. (Ом)
(30) Өз өмірінде 40т тамақ жейді.
Дүние жүзіндегі ең ақылды жыртқыш.
Қуаты орта есеппен 2,2 Вт. (Адам)
(40) қоянның жылдамдығы 15 м\с, ал дельфиннің жылдамдығы 72 км\сағ. Олардың қайсы үлкен жылдамдыққа ие? (тең)
Математика
(20) Ешқандай ямал қолданбай 666 санин жарты есе арттырғанда қандай сан шығады? (999)

(30) Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді.Ал математика мұғалімі 5-ші сыныптан бастап қолынан тастамайды. Ол өзі бір ерекше зат. Өлшеп-өлшеп алып түр-түрге бөліп тастайды. Бетіндегі белгілерді ауырып қызуың  қатты көтерілгенде мамаң да , дәрігер де, қайта-қайта айтып қоймайды. Бұл не?   (транспортир)
(40) Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)
Информатика
(20) Кең тараған операциялық жүйе? (Виндовс)
(30) Компьютер экранындағы суреттің ең кіші элементі? (пиксель)
(40) Бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft компаниясының негізін қалаушысы, АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткерін ата: (Билл Гейтс)
3 бөлім – ыммен сөйлесу. Бұл бөлімде сіздерге сөздер жасырылады, 1 минутта топ басшыларыңыз сөздерді сіздерге ыммен жасырады, сіздер табасыздар.
1 топ: параллель, пернетақта, микроскоп, темір, күміс, аю, алтын, гүл, маймыл, лупа, бұрыш, компас, карта, үйкеліс,

2 топ: тоғай, тышқан, ауыз, көмір, қант, мысық, шаш, сиыр, таразы, қозғалыс, табиғат, аспан, күш

3 топ: Ауа, таразы, термометр, микроскоп, жүрек, алюминий, жапырақ, инерция, телескоп, монитор, глобус, шеңбер
5 бөлім – «Адасқан әріптер». Алдарыңызға әріптер беріледі, сөл әріптерден жаратылыстану ғылымдарына байланысты сөздер құрап шығасыздар. 1 минут уақыт берледі.

1 топ: Генетика, креминий, полюс, азимут, кинематика, үдеу, тышқан, монитор, түзу, квадрат

2 топ: Микробиология, термохимия, меридиан, план, жол, күш, сызғыш, пернетақта, алгортим, теңдеу

3 топ: компас, карта, ампер, ток, айнымалы, натурал, микроскоп, реакция, информатика, интернет
6 бөлім – эстафеталық сайыс.

Қорытынды: Тапқыр достар көп екен арамызда ,

Солардын нәтижесін көрініздер .

Қара қылды жарар алдыңызда,

Қазылар әділ баға беріңіздер , - деп сөз кезегін әділ қазылар

алкасына береміз.


Марапаттау.


Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз
Білім мен тәрбиені егіз неге дейміз
Әдемі мен тәлімі үндесетін
Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын


Өмір күрес, жеткіземе мұратың
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Жүргізуші: Қош демейміз әлі талай сайыстар бар


Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар. Дей келе бүгінгі сайысымызды

аяқтаймыз. Жеңісті күндерде



кездескенше достар!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет