1-тақырып. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңнамалық база. Негiзгi ережелер.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы негiзгi нормативтiк құқықтық актiлердi зерделеу. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн лауазымды адамдардың құқықтары, мiндеттерi, жауаптылығы, өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен нормаларын бұзғаны және орындамағаны үшiн әкiмшiлiк-құқықтық әсер ету түрлерi.
2-тақырып. Заттар мен материалдардың жану және өрт шығу, жарылу қауiптiлiгi, ғимараттардың өрт қауiптiлiгi туралы жалпы ұғымдар.
Жану туралы жалпы мәлiметтер. Заттар мен материалдардың жарылыс, өрт қауiптi қасиеттерiн сипаттайтын көрсеткiштер. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық үдерiстердi өрт, жарылыс қауiптiлiгi бойынша санатқа бөлу және жiктеу. Құрылыс материалдарын жану топтары бойынша жiктеу. Отқа төзiмдiлiк шегi мен жалынның таралу шегi туралы ұғым. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзiмдiлiк дәрежесi туралы ұғым. Құрылымдарды оттан қорғау тәсiлдерi.
3-тақырып. Ұйымдағы өрт қауiптiлiгi.
Өндiрiстiң өрт қауiптiлiгiн реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерiнiң өрт қауiптiлiгi. Жылу беру және желдету жүйелерiн орнату кезiндегi өрт қауiпсiздiгi шаралары.
Өрттiң электр тоғынан шығу себептерi және олардың алдын алу шаралары. ЭҚПЕ бойынша жарылыс қауiптi және өрт қауiптi аймақтарды жiктеу. Найзағайдың тiкелей соққысы мен оның қайта көрiнiс беруiнiң өрт қауiптiлiгi. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құралдарының санаттары. Найзағайдан қорғағыштарды орнату жөнiндегi негiзгi ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауiптiлiгi. Алдын алу шаралары.
4-тақырып. Өрт қауiптi жұмыс жүргiзу, заттар мен материалдарды сақтау кезiндегi өрт қауiпсiздiгi шаралары.
Отпен байланысты жұмыстардың түрлерi және олардың өрт қауiптiлiгi. Тұрақты және уақытша отпен байланысты жұмыстар жүргiзу бекеттерi. Отпен байланысты жұмыстарды жүргiзуге адамдарды жiберу тәртiбi және олардың жүргiзiлуiн бақылау. Жарылыс, өрт қауiптi үй-жайларда электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiнде өрт қауiптiлiгiнiң ерекшелiктерi.
ТТС, ЖС, ЖГ өрт қауiптi қасиеттерi. Жалпы объектiлiк қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтiң таратушы қоймаларында ТТС, ЖС, ЖГ сақтау кезiнде өрт қауiпсiздiгi шаралары. Жұмыс орындарында, сырлау және өзге де өрт қауiптi жұмыстарды жүргiзу кезiнде ТТС, ЖС, ЖГ қолданудағы өрт қауiпсiздiгi шаралары. ТТС, ЖС, ЖГ тасымалдау кезiндегi өрт қауiпсiздiгi шаралары.
5-тақырып. Көшiру жолдарына қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары.
Көшiру жолдары. Көшiру жолдары мен көшiретiн шығу жолдарын анықтау. Көшiру жолдарына қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары. Көшiру жолдарының түтiндеуiн болдырмайтын iс-шаралар. Пайдаланудағы объектiлерде өрт шыққан жағдайда көшiру жоспары. Өрт кезiнде адамдарды көшiру туралы шұғыл хабарлау жүйесi. Адамдарды көшiру бойынша жаттығулар ұйымдастыру.
6-тақырып. Ұйымдағы өрттен қорғау жүйелерi туралы жалпы мәлiметтер.
Алғашқы өрт сөндiру құралдары. Өрт сөндiргiштердi орнату, тактикалық-техникалық сипаттамасы және пайдалану ережесi.
Сыртқы және iшкi сумен жабдықтау, мақсаты, құрылғысы. Өрт крандары, орналастыру және оларды бақылау. Өрт кезiнде қолдану ережесi.
Автоматты өрт сөндiру және дабыл жүйелерiнiң мақсаты, қолдану саласы. Өрт дабылы, өрт хабарлағыштары станцияларын жiктеу, негiзгi параметрлерi. Монтаждау және пайдалану ережелерi. Техникалық қызмет көрсету және жүйелердiң жұмыс қабiлеттiлiгiн бақылау. Сумен, көбiкпен, газбен және ұнтақпен өрт сөндiру жүйелерiнiң жұмыс iстеу қағидалары, құрылғысы.
Түтiннен қорғау қондырғыларының мақсаты, түрлерi, негiзгi элементтерi. Түтiннен қорғау жүйелерiне қойылатын нормалар мен ережелердiң талаптары. Түтiннен қорғау жүйелерiн пайдалану және тексеру.
7-тақырып. Ұйымда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұйымдастырушылық негiздерi.
Өрт-техникалық комиссия. Жұмыскерлерге өрт қауiпсiздiгi шараларын оқыту. Өртке қарсы нұсқаулық және өрт-техникалық минимум. Өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулық. Өртке қарсы iс-шараларды әзiрлеу тәртiбi. Ұйым жұмыскерлерiмен практикалық сабақтар. Өртке қарсы насихаттау. Өрт қауiпсiздiгi бұрыштары.
"Өртке қарсы режим" терминiнiң ұғымы. Объект аумағындағы, жертөле және шатыр үй-жайларындағы өртке қарсы режим, үй-жайларды ұстау.
8-тақырып. Өрт кезiнде жұмыскерлердiң iс-әрекеттерi.
Өрттiң дамуының жалпы сипаты мен ерекшелiктерi. Өрт туралы хабарлау тәртiбi. Өрт сөндiру бөлiмшелерi келгенге дейiн от қауiптi және бағалы заттар мен материалдарды сөндiрудi ұйымдастыру, адамдарды көшiру. Өрт сөндiру бөлiмшелерiн қарсы алу. Өрттiң таралуынан алдын алу шаралары. Өрт сөндiру бөлiмшелерi келгеннен кейiнгi iс-шаралар.
9-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельдi өрт ошағында өрт сөндiргiштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс iстеу. Өрт кранын қолдану бойынша жаттығу. Өрттен қорғау жүйелерiмен практикалық түрде таныстыру. Адамдарды көшiру бойынша жаттығулар.
Өрт қауiптi жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскерлерге арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгiлiк оқу бағдарламасы
№
р/с
|
Тақырыптар атауы
|
Сағат саны
|
1
|
Өрт қауiптi жұмыстарды жүргiзу кезiнде өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар
|
1
|
2
|
Өрт қауiптi жұмыстарды жүргiзу түрлерi мен тәртiбi. Заттар мен материалдардың өрт қауiптiлiгi
|
1
|
3
|
Өрттiң шығу себептерi, алдын алу шаралары
|
1
|
4
|
Жарылыс, өрт қауiптi объектiлер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiндегi өрт қауiптiлiгi ерекшелiктерi
|
2
|
5
|
Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары
|
1
|
6
|
Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман, өрт кезiнде пайдалану тәртiбi
|
1
|
7
|
Өрт кезiндегi iс-әрекеттер
|
1
|
8
|
Практикалық сабақтар
|
2
|
Жалпы сағат саны
|
10
|
1-тақырып. Өрт қауiптi жұмыстарды жүргiзу кезiнде өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы негiзгi нормативтiк құқықтық актiлердi зерделеу. Отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiндегi объектiлiк нұсқаулықтар, бұйрықтар, ұйым басшының өкiмдерi.
2-тақырып. Өрт қауiптi жұмыстарды жүргiзу түрлерi мен тәртiбi. Заттар мен материалдардың өрт қауiптiлiгi
Газбен, электрмен дәнекерлеу және қыздыру жұмыстары, металл кесу, желiммен, шайырмен, битуммен, полимермен және өзге де жанғыш материалдармен жұмыс iстеу. Оларды жүргiзу тәртiбi. Жұмыстардың өрт қауiптiлiгi және олардың өрт қауiптiлiгiнiң ерекшелiктерi.
3-тақырып. Өрттiң шығу себептерi, алдын алу шаралары
Газбен, электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiндегi өрттiң негiзгi себептерi: жұмыс iстеу ережесiн бұзу, газбен, электрмен дәнекерлеу жабдығының ақаулығы, жұмыс аяқталғаннан кейiн жұмыс орындарын бақылаудың болмауы. Отпен байланысты жұмыстарды жүргiзуге дайындау, жүргiзу, жұмыс орындарын бақылау, сондай-ақ оларды аяқтау үдерiсiнде өрттiң алдын алу шаралары.
4-тақырып. Жарылыс, өрт қауiптi объектiлер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiндегi өрт қауiптiлiгi ерекшелiктерi
ТТС, ЖС және ЖГ босатылған сыйымдылықтарда оларды алдын ала дайындамай, жұмыс iстеу кезiнде қысыммен жұмыс iстейтiн қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу. Жарылыс қауiптi және жарылу, өрт шығу қаупi бар бөлiмшелерде отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу тәртiбi.
5-тақырып. Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары
Жұмыс iстеу кезiнде қолданылатын газдардың өрт қауiптiлiгi. Сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондармен жұмыс iстеу ерекшелiктерi. Кальций карбидiн тасымалдау кезiндегi оның қасиеттерi, сақтау және қолдану ережесi. Ацетилен генераторы, аппараттарға қойылатын негiзгi талаптар. Ацетилен аппараттары мен газ баллондарының орналасу орындары, оларды ашық оттан және басқа да жылу көздерiнен қорғау. Газ өткiзу шлангiлерiн сынау және тексеру тәртiбi. Электрмен дәнекерлеу аппараттары, аппараттарға қойылатын негiзгi талаптар. Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы алдын ала жөндеу. Дәнекерлеу аппараттарын iске қосу, кабельдердi қосу. Дәнекерлеу кезiнде қолданылатын электродтар, қосқыш құрылғыларға қойылатын талаптар.
6-тақырып. Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман, өрт кезiнде пайдалану тәртiбi
Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман түрлерi және қолданылу саласы. Мақсаты мен құрылғысы. Алғашқы өрт сөндiру құралдары. Мақсаты, техникалық сипаты, жұмыс тәртiбi және олардың орналасу орны. Сумен жабдықтау көздерi. Iшкi өрт крандары.
7-тақырып. Өрт кезiндегi iс-әрекеттер
Өрт туралы хабарлау тәртiбi. Өрт сөндiру бөлiмшелерi келгенге дейiн өрт сөндiру тәсiлдерi. Өрттiң таралуынан алдын алу шаралары. Көшiру жолдары мен тәртiбi, көшiру жоспары. Өрт сөндiру бөлiмшелерi келгеннен кейiн жұмыскерлердiң iс-қимылдары (жең желiлерiн төсеуге көмектесу, материалдық құндылықтарды көшiруге қатысу және өрт сөндiру жетекшiсiнiң өкiмi бойынша өзге де жұмыстарды орындау). Тұрғын үй секторындағы өрт қауiпсiздiгi. Тұрғын үйде өрт шыққан кездегi iс-әрекеттер.
8-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельдi өрт ошағында өрт сөндiргiштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс iстеу. Түтiн, жану, өрт байқалған кезде iс-қимылдарды машықтау. Ұйымнан көшiру бойынша практикалық сабақтар.
Сынақ. Өрт-техникалық минимумы бiлiмiн тексеру
Ұйымдарды күзетудi жүзеге асыратын жұмыскерлерге арналған
өрт-техникалық минимум бойынша
тақырыптық жоспар және үлгiлiк оқу бағдарламасы
№ р/с
|
Тақырыптар атауы
|
Сағат саны
|
1
|
Ғимараттар мен үй-жайларға қойылатын талаптар
|
2
|
2
|
Техникалық өрт сөндiру құралдары, өртке қарсы құрал-сайман
|
1
|
3
|
Өрт кезiндегi iс-әрекеттер
|
1
|
4
|
Практикалық сабақтар
|
3
|
Жалпы сағат саны
|
7
|
1-тақырып. Ғимараттар мен үй-жайларға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi ережелерi. Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқаулықтар. Ғимараттардың көлемдiк-жоспарлау және құрылымдық шешiмдерi. Өртке қарсы режим. Көшiру жоспары. Көшiру жолдары мен көшiретiн шығу жолдары.
2-тақырып. Техникалық өрт сөндiру құралдары, өртке қарсы құрал-сайман
Алғашқы өрт сөндiру құралдары. Өрт сөндiргiштердi жiктеу, қолдану саласы, мақсаты, қолдану ережесi, орналасу орны. Iшкi өртке қарсы су құбырының, өрт крандарының мақсаты мен құрылғысы, орналасу орны. Автоматты өрт дабылы (АӨДҚ) және өрт сөндiру (АӨСҚ) қондырғылары; ұйымда орналастыру сызбасы. АӨДҚ мен АӨСҚ жұмыс iстеген кездегi әрекетi. Өрт жабдығы мен құрал-саймандарының түрлерi, мақсаты, құрылғысы мен орналасу орны.
3-тақырып. Өрт кезiндегi iс-әрекеттер
Өрттiң өршуiнiң жалпы сипаты мен ерекшелiктерi. Өрт туралы хабарлау тәртiбi. Өрт сөндiру бөлiмшелерi келгенге дейiн өрттi сөндiру. Өрт сөндiру бөлiмшелерi келгеннен кейiнгi iс-әрекеттер.
4-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельдi өрт ошағында өрт сөндiргiштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс iстеу. Өрт кранын қолдану бойынша жаттығу.
Сынақ. Өрт-техникалық минимумы бiлiмiн тексеру
Ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшыларына және өрт қауiпсiздiгiне жауапты тұлғаларға арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгiлiк оқу бағдарламасы
№ р/с
|
Тақырыптар атауы
|
Сағат саны
|
1
|
Кiрiспе. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар
|
1
|
2
|
Ауыл шаруашылығы өндiрiсi объектiлерi мен фермерлiк шаруашылықтарда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастырушылық iс-шаралар
|
2
|
3
|
Ауыл шаруашылығы объектiлерi мен аумақтарындағы өрт қауiпсiздiгi талаптар
|
3
|
4
|
Ауыл шаруашылығы объектiлерiндегi өрттен қорғау
|
3
|
5
|
Ауыл шаруашылығы өндiрiсi объектiлерi мен фермерлiк шаруашылықтарда жұмыскерлермен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткiзу әдiстемесi
|
2
|
6
|
Практикалық сабақтар
|
3
|
Жалпы сағат саны
|
14
|
1-тақырып. Кiрiспе. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар
Ауыл шаруашылығы объектiлерiндегi өрттердiң статистикасы. Өрттердiң себептерi. Ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң өрт қауiптiлiгi. Ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, бөлiмшелердiң, шеберханалардың, гараждардың, базалардың және өзге де объектiлердiң басшыларының мiндеттерi және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауаптылығы. Аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды ұстауға, электр желiлерiн, электр қондырғыларын, жылу беру, желдету жүйелерiн және жылу бөлу қондырғыларын монтаждау мен пайдалануға қойылатын жалпы талаптар. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы негiзгi нормативтiк құқықтық актiлердi зерделеу. Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқаулықтар.
2-тақырып. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi объектiлерi мен фермерлiк шаруашылықтарда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастырушылық iс-шаралар
Өрттiң алдын алудың негiзгi мiндеттерi. Өртке қарсы режим, анықтамасы, мақсаты мен оны белгiлеу тәртiбi. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi объектiлерiнде, шаруа қожалықтарында және елдi мекендерде жалпы ұйымдастырушылық өрттiң алдын алу iс-шаралары.
3-тақырып. Ауыл шаруашылығы объектiлерi мен аумақтарындағы өрт қауiпсiздiгi талаптар
Мал өсiру және құс өсiру фермаларында, зертханаларда, жөндеу шеберханаларында, гараждарда, техника сақтау орындарында, ағаш өңдеу шеберханаларында, ТТС, ЖС және ЖГ қоймаларында, материал қоймаларында, астық қоймаларында, астық кептiргiштерде, құрама жем қоймаларында, химиялық заттар қоймаларында, газ баллондарын сақтау орындарында өрт қауiпсiздiгi талаптары. Астық дақылдарын жинау, жемдердi дайындау кезiндегi өрт қауiпсiздiгi шаралары. Отпен байланысты және жөндеу, монтаждау жұмыстарына қойылатын өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң арнайы талаптары. Ауылдық жерлердегi тұрғын үй және әкiмшiлiк ғимараттардың өрт қауiптiлiгi ерекшелiктерi. Аумақтарды, ғимараттарды, әкiмшiлiк үй-жайларды ұстауға қойылатын негiзгi өрт қауiпсiздiгi талаптары. Отпен байланысты жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету және өрт, жарылыс қауiптi инженерлiк-техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану тәртiбi.
4-тақырып. Ауыл шаруашылығы объектiлерiндегi өрттен қорғау
Алғашқы өрт сөндiру құралдары, олардың мақсаты, құрылғысы, техникалық сипаттамалары мен пайдалану ережесi. Өртке қарсы сумен жабдықтау және оның түрлерi. Өрт сөндiретiн су айдындарын орнату ережесi. Ауыл шаруашылығы объектiлерiн байланыспен, дабылмен және өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз ету.
5-тақырып. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi объектiлерi мен фермерлiк шаруашылықтарда жұмыскерлермен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткiзу әдiстемесi
Өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимум. Өрт-техникалық минимум бағдарламасының мазмұны. Жоспар конспектiсiн, сыныпты, көрнекi оқу құралдарын және техникалық оқыту құралдарын дайындау. Бағдарламаның әр тақырыбы бойынша сабақ өткiзу әдiстемесi.
6-тақырып.
Ұйым (шаруа қожалықтарының) басшыларының, өрттi жою бойынша тұрғындар мен ауылдық жердегi жұмысшылардың өрт-техникалық жаттығуы. Өрт жеңдерiн төсеу. Су көзiнен су беру. Өрт сөндiргiшпен жұмыс iстеу. Өртке қарсы қызметтi шақырту.
Сынақ. Өрт-техникалық минимумы бiлiмiн тексеру
Жаңадан салынып және қайта құрылып жатқан объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiне жауапкершiлiк атқаратын тұлғаларға арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгiлiк оқу бағдарламасы
№ р/с
|
Тақырыптың атауы
|
Сағаттар
саны
|
1
|
Өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар
|
1
|
2
|
Жаңадан салынып және қайта құрылып жатқан объектiлерде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру iс-шаралары
|
2
|
3
|
Жаңадан салынып және қайта құрылып жатқан объектiлердiң өрт қауiпсiздiгi шаралары
|
4
|
4
|
Алғашқы өрт сөндiру құралдары. Өрт болған жағдайда жұмыскерлердiң әрекеттерi
|
2
|
5
|
Практикалық сабақтар
|
3
|
Жалпы сағат саны
|
9
|
1-тақырып. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар
Өрт қауiпсiздiгi саласында негiзгi нормативтiк құқықтық актiлердi оқып бiлу. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде жауапкершiлiк атқаратын лауазымды тұлғалардың құқықтары, мiндеттерi, жауапкершiлiгi.
2-тақырып. Жаңадан салынып және қайта құрылып жатқан объектiлерде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру iс-шаралары
Құрылыс объектiлерiндегi сипатты өрттердiң қысқаша талдауы. Өрт сөндiру профилактикасының негiзгi мiндеттерi. Өрт қауiпсiздiгiне жауапкершiлiк атқаратын тұлғалардың мiндеттерi. Жаңадан салынып және құрылып жатқан объектiлерде, құрылыс алаңдарымен қосалқы қожалықтарда өртке қарсы тәртiптi орнату және ұстау жөнiндегi негiзгi ұйымдастыру iс-шаралары.
Бөлек құрылыс учаскелерiнiң, корпус, цехтер, қоймалар, шеберханалардың өрт қауiпсiздiгiне жауапкершiлiк. Өндiрiсте және тұрмыста өрт қауiпсiздiгi шараларына жұмыскерлердi үйрету. Өрт-техникалық комиссияның жұмысын құру және ұйымдастыру.
3-тақырып. Жаңадан салынып жатқан және қайта құрылып жатқан объектiлердегi өрт қауiпсiздiгi шаралары
Ауданның, облыстың құрылыс объектiлерiнде аса кең таралған себептерден болған өрттер мен тұтануларды талдау. Электр желiлерiн, электр жабдығын, электрмен жылыту және электрлi жарық беру құралдарын пайдаланудағы өрт қауiпсiздiгi шаралары. Электрлiк асырмалы жүктемелердiң, қысқа тұйықталулардың, күрделi ауыспалы қарсылықтардың мәнi мен пайда болу себептерi. Қыздыру шамдарының өрт қауiптiлiгi. Электр құрылғыларын қысқа тұйықталу және асырмалы жүктемелерден қорғау шаралары. Автоматты және иiлмелi сақтандырғыштар. Жылыту және қыздыру құралдарын, желдеткiш құрылғыларын пайдалану кезiндегi өрт қауiпсiздiгi шаралары. Отпен жұмыстар жүргiзгенде, ашық отты қолдану кезiндегi өрт қауiпсiздiгi шаралары. Жаңа құрылыстар мен реконструкцияланып жатқан объектiлердегi өрт қауiпсiздiгi ерекшелiктерi. Құрылыс алаңдарын ұстау (орман материалдарын, ағаш қалдықтарын сақтау тәртiбi, уақытша қызметтiк, тұрмыстық, қойма, және басқа үй-жайларды орналастыру). Тұрмыстық үй-жайларда, арнайы киiм кептiргiштерiнде және үй-жайларды кептiруге арналған уақытша пештердi, электр құрылғыларын, жылу генераторларын пайдалану кезiнде өрт қауiпсiздiгi. Құрылыс ағаштарына қойылатын талаптар. Ғимараттарға, құрылыстарға, су көздерiне, өрт сөндiру гидранттары аумақтарын, жолдарын, кiреберiстерiн ұстау және қатты, сұйық және газ тәрiздi отында жұмыс iстейтiн пештердi, каминдердi, пайдаланғанда өрт сөндiру құралдарына жету, сондай-ақ ТТС жұмыс iстеу. Эвакуациялау жолдарына өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптары.
4-тақырып. Алғашқы өрт сөндiру құралдары. Өрт болғанда жұмыскерлердiң әрекеттерi.
Өрт сөндiргiштердiң мақсаты, құрылыс және әрекет ету принципi. Оларды пайдалану және оларды тұтануды немесе өрттi сөндiруде қолдану ережелерi. Iшкi өрт сөндiру шүмектерiнiң мақсаты, құрылысы, жабдықталуы; оларды пайдалану ережелерi. Өрт сөндiру қалқандары және олардың жабдықталуы. Өрт сөндiруге өрт сөндiру құрал-сайманын және қосалқы құралдарды пайдалану ережелерi. Жаңа құрылыстар мен реконструкцияланып жатқан ғимараттарды өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Өрт пайда болғанда жұмыскерлердiң әрекеттерi: өрт сөндiру көмегiн шақыру, қолда бар құралдармен сөндiру, өрт орнына келген өрт сөндiру бөлiмшесiн күтiп алу және олармен ерiп жүру. Өртенiп жатқан үй-жайлардан адамдар мен мүлiктi эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртiбi.
5-тақырып. Практикалық сабақтар
Өрт сөндiргiшпен жұмыс iстеу.
Сынақ. Өрт-техникалық минимум бiлiмдерiн тексеру
Мектепке дейiнгi мекемелерде және жалпы бiлiм беру мектептерiнде өрт қауiпсiздiгiне жауапкершiлiк атқаратын тұлғалар мен басшыларға арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгiлiк оқу бағдарламасы
№ р/с
|
Тақырыптың атауы
|
Сағаттар
саны
|
1
|
Өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар
|
1
|
2
|
Мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беру мектептерiндегi өрт қауiпсiздiгi шаралары
|
2
|
3
|
Өрт сөндiру құралдары және оларды өрт сөндiру үшiн қолдану ережелерi, өрт кезiндегi әрекеттер мен өрт сөндiру күзетiн шақырту
|
1
|
4
|
Практикалық сабақтар
|
3
|
Жалпы сағат саны
|
7
|
Достарыңызбен бөлісу: |