Өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту қағидасы мен өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды бекiту туралы


-тақырып. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар



бет3/3
Дата19.05.2017
өлшемі387,55 Kb.
#16497
1   2   3

1-тақырып. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар

      Өрт қауiпсiздiгi саласында негiзгi нормативтiк құқықтық актiлердi оқып бiлу. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң сақталуына ұйымдардың жетекшiлерiнiң құқықтары, мiндеттерi, жауапкершiлiктерi.



2-тақырып. Мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беру мектептерiндегi өрт қауiпсiздiгi шаралары

      Өрттер мен тұтанулардың негiзгi себептерiнiң қысқаша талдауы. Электр желiлерiн, электрлiк жабдықты және электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезiндегi өрт қауiпсiздiгi шаралары. Қысқа тұйықталу, асқын жүктеме, ауыспалы қарсылық, ұшқындау, олардың мәнi, пайда болу себептерi мен жол бермеу тәсiлдерi. Өрт қауiптi сұйықтықтарды сақтау және олармен жұмыс iстеу тәртiбi. ТТС мен ЖС өрт қауiптiлiгiн анықтайтын негiзгi факторлар: жарқ ету температурасы, өздiгiнен тұтану және тұтану. Жарылыс жайлы түсiнiк. ТТС мен ЖС сақтау орындарына қойылатын талаптар. Өрт қауiптi сұйықтықтарды қабылдау, беру және қолдану кезiндегi өртке қарсы тәртiп. Химиялық реактивтер мен сiлтi металлдарын пайдаланғанда оларды сақтау және өрт қауiпсiздiгi шаралары. Ғимараттардағы өртке қарсы тәртiп. Эвакуациялау жолдарын ұстау. Сыныптарда парталардың, үстелдердiң және орындықтардың орналасуы. Кiру орындарын, шығу орындарын, холлдарды, коридорларды, саты алаңын, сондай-ақ шатырдағы бөлмелердi, жер төле үй-жайларының, оқу-өндiрiстiк шеберханаларын, химия және физика кабинеттерiн ұстау. Эвакуациялау жоспарларын әзiрлеу. Қызмет көрсету персоналына нұсқамалық беру. Сауықтыру кезеңiнде балаларды жоғары қабатты ғимараттар мен көп қабатты үйлерге орналастыру тәртiбi.


      Балалар мекемелерiнде, мектеп-интернаттарындағы кезекшiлер мен күзетшiлер. Оларға нұсқамалық беру. Өрт пайда болған жағдайда өрт қауiпсiздiгiн сақтау жөнiнде мiндеттер. Жаңа жылғы шырша орнатқанда, кино көрудi, кештер мен спектакльдердi ұйымдастыру кезiнде қойылатын талаптар. Шыршаларды орнату және бекiту ережелерi. Адамдардың жаппай болатын үй-жайларға қойылатын талаптар.
      Жаппай iс-шараларды өткiзу жауапкершiлiгi, кезекшiлердiң мақсаты мен мiндеттерi.

3-тақырып. Өрттердi сөндiру құралдары. Оларды қолдану ережелерi. Өрт кезiндегi әрекеттер және өрт сөндiру күзетiн шақырту.

      Өрт сөндiргiштердiң мақсаты. Көмiр қышқылды, ұнтақты және аэрозоль өрт сөндiргiштердiң құрылысы мен жұмыс iстеу принципi туралы түсiнiк. Оларды пайдалану және өрт сөндiруде қолдану ережелерi.


      Алғашқы өрт сөндiру құралдарының (құм, түрлi жабындар, суы бар бөшкелер мен шелектер, өрт сөндiру құрал-сайманы) және iшкi өрт сөндiру шүмектерiнiң мақсаты. Оларды пайдалану ережелерi.
      Өртте қызмет көрсету персоналының әрекеттерi. Өрттерде үй-жайлардың iшiнен балаларды және мүлiктi эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртiбi.

4-тақырып. Практикалық сабақтар

      Эвакуацияны өткiзудi жаттықтыру. Өрт сөндiргiшпен жұмыс iстеу.



Сынақ. Өрт-техникалық минимум бiлiмдерiн тексеру

Адамдар жаппай жиналатын объектiлердiң басшылары мен өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты адамдарға арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгiлiк оқу бағдарламасы

№ р/с

Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

1

Өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар

1

2

Сауда және қоғамдық тамақтану, базаларда, қоймаларда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру

4

3

Сауда және қоғамдық тамақтану, базалар мен қоймалары бар ұйымдардың ғимараттары мен құрылыстарын пайдалануда өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптары

4

4

Алғашқы өрт сөндiру құралдары, өрт кезiндегi әрекеттер

2

5

Практикалық сабақтар

3

Жалпы сағат саны

14

1-тақырып. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар

      Өрт қауiпсiздiгi саласында негiзгi нормативтiк құқықтық актiлердi оқып бiлу. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапкершiлiк атқаратын лауазымды тұлғалардың құқықтары, мiндеттерi, жауапкершiлiгi.



2-тақырып. Сауда және қоғамдық тамақтану, базаларда, қоймаларда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру

      Сауда және қоғамдық тамақтану ұйымдарында, базаларда, қоймаларда өрттер мен тұтанулардың негiзгi себептерiнiң қысқаша талдауы. Өндiрiстiк, әкiмшiлiк, қойма және қосалқы үй-жайларында қатаң өртке қарсы режимдi орнату және ұстау жөнiнде негiзгi ұйымдастырушылық iс-шаралар. Ведомстволық бағыныстағы объектiлердiң (учаскелердiң) өртке қарсы жағдайына жауапкершiлiк атқаратын лауазымды тұлғалардың мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi. Өрт-техникалық комиссияның жұмысын құру және ұйымдастыру. Қызметкерлерге өндiрiсте және тұрмыста өрт қауiпсiздiгi шараларын үйрету. Адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарын, өрттерде қызмет көрсету персоналының әрекеттерi жоспарын, объектiдегi (учаскедегi) өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулық.



3-тақырып. Сауда, қоғамдық тамақтану ұйымдарында, базалар мен қоймаларда ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануда өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарын

      Өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң жалпы талаптары: аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды, жылыту, желдеткiш, түтiн жою, сигнализация және өрт сөндiру жүйелерiн ұстау. Электр қондырғыларының өрт қауiптiлiгi. Жөндеу және от жұмыстарын жүргiзуде өртке қарсы тәртiп.


      Азық-түлiк тауарларын сату ұйымдарында, азық-түлiк қоймалары мен базаларында өрт қауiпсiздiгi шаралары. Өрт қауiптiлiгi бар азық-түлiк тауарларының қысқаша өрт сипаттамасы: өсiмдiк, мал және синтетикалық майлар, спирт арақ өнiмдерi, шөп, сiрiңке және т.б. Сақтау мен сату кезiнде өрт қауiпсiздiгi шаралары. Мұздату қондырғылары мен электр қозғалтқыштары бар механизмдердi пайдаланғанда өрт қауiпсiздiгi шаралары.
      Базаларда, қоймаларда, дүкендерде және басқа да өнеркәсiптiк тауарларды сату ұйымдарында өрт қауiпсiздiгi шаралары. ТТС, ЖС және ЖГ сақтау мен сату кезiнде өрт қауiпсiздiгi шаралары және қысқаша сипаттама. Еденге арналған мастика, тұрмыстық химия тауарлары, парфюмерлiк өнiмдерiнiң, оқ-дәрiлердiң, пистондардың және т.б. өрт қауiптiлiгi. Сауда залдары мен қосалқы үй-жайларда, қоймалар мен базаларда өртке қарсы тәртiп.
      Қоғамдық тамақтану ұйымдарында өрт қауiпсiздiгi шаралары. Түскi ас залдарында, цехтерде, қоймаларда, қойма, тұрмыстық және қосалқы үй-жайларда өрт қауiпсiздiгi шаралары. Дәнекерлеу пештерiн, қайнатқыштарды, мұздатқыш қондырғыларды, ас үй плиталары мен жабдықтарын пайдалануда өртке қарсы iс-шаралар. Жаппай iс-шараларды жүргiзу кезiндегi өрт қауiпсiздiгi шаралары. Аумақтарды, ғимараттарды, гараждарды, шаруашылық құрылыстар мен эвакуациялау жолдарын ұстауға өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптары. Жылыту және қыздыру құралдарын, электр қондырғыларын, радио және теледидарларды, сондай-ақ ТТС, ЖС мен ЖГ ұсатуда және сақтауда өрт қауiпсiздiгi ережелерi. Өрттердi табу, хабарландыру және сөндiру құралдары.

4-тақырып. Алғашқы өрт сөндiру құралдары, өрттегi әрекеттер

      Өрт сөндiргiштердiң мақсаты, құрылысы және қолдану ережелерi. Ұйымдарды, базаларды, қоймаларды алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Автоматты жүйелер: өрт туралы хабарлау, түтiн жою және өрт сөндiру. Iшкi өрт сөндiру шүмектерiнiң құрылысы мен пайдалану ережелерi. Өрт (тұтану) пайда болған жағдайда қызметкерлердiң қолда бар өрт сөндiру құралдарымен жасайтын әрекеттерi. Өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң күтiп алу және оларға ерiп жүру. Адамдар мен мүлiктi эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртiбi.



5-тақырып. Практикалық сабақтар

      Персоналды эвакуациялауды ұйымдастыру. Өрт сөндiргiшпен жұмыс iстеу.



Сынақ. Өрт-техникалық минимумы бiлiмдерiн тексеру

Кәсiпорын иелерi кооперативтерiнiң басшылары мен өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты адамдарға арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгiлiк оқу бағдарламасы

р/с №

Тақырыптың атауы

Сағаттар
саны

1

Өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар

1

2

Тұрғын үйдегi ұйымдастырушылық өртке қарсы iс-шаралар

2

3

Алғашқы өрт сөндiру құралдары, өрттен қорғау жүйелерi мен өрт кезiндегi персоналдың әрекеттерi

3

4

Практикалық сабақтар

3

Жалпы сағат саны

9

1-тақырып. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар

      Өрт қауiпсiздiгi саласында негiзгi нормативтiк құқықтық актiлердi оқып бiлу. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде жауапкершiлiк атқаратын лауазымды тұлғалардың құқықтары, мiндеттерi, жауапкершiлiгi.



2-тақырып. Тұрғын үйдегi ұйымдастырушылық өртке қарсы iс-шаралар

      Қоғамдық ғимараттарда болған өрттердi қысқаша шолу. Офистерде болған аса сипатты өрттердiң үлгiлерi. Олардың талдауы мен себептерi. Өрт қауiпсiздiгi шараларын жүзеге асыру жөнiндегi мекеме басшыларының мiндеттерi. Өртке қарсы тәртiптi орнату жөнiндегi негiзгi ұйымдастыру iс-шаралар. Қызметкерлердi жұмыс орындарында өрт қауiпсiздiгi шараларына үйрету және өрт пайда болған жағдайда олардың әрекеттерi. Мекемелерде өрт-техникалық комиссияларын құру, олардың мiндеттерi мен тәжiрибелiк қызметi.



3-тақырып. Алғашқы өрт сөндiру құралдары, автоматты өрт сигнализациясы мен өрт сөндiру қондырғылары. Өрт кезiндегi әрекеттер және өртке қарсы қызметiн шақырту.

      Алғашқы өрт сөндiру құралдары және тұтану кезiнде оларды пайдалану. Автоматты өрт сигнализациясы мен өрт сөндiру қондырғылары. Көмiр қышқылды, ұнтақты және аэрозоль өрт сөндiргiштердiң мақсаты мен жұмыс iстеу принципi. Iшкi өрт сөндiру шүмектерiнiң мақсаты мен пайдалану ережелерi. Өрт сөндiруде алғашқы өрт сөндiру құралдары мен өрт сөндiру құрал-саймандарын қолдану. Мекемелердi өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Өрт кезiнде жұмыскерлердiң әрекеттерi. Өрт сөндiру бөлiмшелерiн шақырту және өрт орнына оларға iлесiп бару. Қабаттылығы жоғары және адамдар жаппай болатын үй-жайларда эвакуациялауды жүргiзу тәртiбi. Қалың түтiн басқан жағдайдағы әрекеттер. Үрей жағдайдың алдын алу жөнiндегi әрекеттер. Өртте зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.



4-тақырып. Практикалық сабақ

      Персоналды эвакуациялау жөнiндегi жаттығуларды ұйымдастыру. Өрт сөндiргiшпен жұмыс iстеу.



      Сынақ. Өрт-техникалық минимум бiлiмдерiн тексеру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет