Өрт қауіпсіздігі



бет3/5
Дата14.12.2021
өлшемі22,16 Kb.
#100704
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өрт қауіпсіздігі (1)

Сіздің әрекетіңіз:

         Жанып жатқан жиһазды балконға шығармаңыз, өйткені ауа одан да қатты оны жандырып жібереді.

          Егер жиһаз қатты жанып тұрса, оны ылғал шүберекпен жаппаңыз немесе сумен төкпеңіз. Мұндай жағдайда пәтерден тез шығуыңыз керек. 

    АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ



Сіздің әрекетіңіз:

         Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз.

 




 



 



Өрт-тілсіз жау

 Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.


 Ал, орман алқабы өрт қауіпті аймақ болып есептеледі. Орман шаруашылығы алқабын өрттен қорғау үшін өртке қарсы шаралар ұйымдастырылып отырады. Орман территориясы сыртына 30 шақырым минералды жолақтар жасалған. Алайда, кей жағдайларда өртті алдын алу шараларын жергілікті тұрғындардың өзі сақтамайды. Мысалы, адамдар табиғат аясына шығып, серуен құрады, от жағып, ас әзірлейді, темекі тұқылын қалай болса солай лақтыра салады. Олардан соң күл-қоқыстар қалып, тіпті кейде сөнбеген шоқтардан өрт шығып, табиғатқа үлкен зиян тиіп жатады. Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі де мүмкін. Сондықтанда табиғатты қорғау ең алдымен өзімізден басталады.
Міне, осы тақырып төңірегінде өткен аптада тілсіз жауды ауыздықтау үшін оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу жұмыстарында Новомир және Железинка селолық округінің азаматтары, төтенше жағдайлар бөлімінің және жануарлар әлемі мен орманды қорғау бойынша Үрлітүб мекемесінің қызметкерлері белсенділік танытты. Бұл шараның басты мақсаты – өрт шыққандығын анықтаған жағдайдағы іс-әрекеті, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт сөндіруге ерікті жеке құрам қызметкерлерінің төтенше жағдайға дайындығын және өртті өшіру тәжиребесін анықтау болып табылды. Оқу-жаттығудың өту барысына аудан әкімінің орынбасары Б.Аужанов,аудан әкімі аппаратының бас маманы Е.Қадіров және жануарлар әлемі мен орманды қорғау бойынша Үрлітүб мекемесінің орман бойынша инженері А.Әбілбаев басшылық етті. 
Өткен жылы Орманның ең қатерлі жауы-өрт. Осыдан да орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басты міндеттерінің бірі- орманды өрттен қорғау болып табылады. Өткен жылдары бірнеше өрт фактілері орын алған болатын. Сондықтанда осы жылы орманды алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт қауіпі мен өрт фактілері болған жағдайда оны өшіруді ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің қаулысы қабылданып, аудан мекеме, кәсіпорын, село, поселке округ әкімдерінің біріккен іс-шаралар жоспары құрылып, осындай игі шараларды ұйымдастырып отыр.

.
Оқу-жаттығу жұмыстары орташа деңгейде өткенін және іс барысында өрескел қате жануарлар әлемі мен орманды қорғау бойынша Үрлітүб мекемесінің қызметкерлерінен кеткенін айтқан ұйымдастырушылар, алдағы уақыттада осындай игі шара жалғасын табатынын жеткізді.

 Тұрмысқа қажетті заттарды пайдалану, ережесімен таныстыру
Газ – плитасын пайдалану
Ас үйге сән беретін газ плитасы. Көгілдір от тұрмыс - тіршілігімізді көп орын атқарады.
Десек те, оны ұқыпты ұстап, жаға білуіміз керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса ата - анаңа айтып ескерт. Өйткені ата - анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – Электр. Электр - жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін
1. Электр приборларын уақтылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау
2. Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу
Өрттің алдын - алу, қауіпсіздікті сақта
Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Оларға құм, су, күрек, киіз, т. б.
- Өрт жаңадан басталғанда, сумен, құм сеуіп өшіреді.
- Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себуіміз керек. Я болмаса адамды қалың матамен орап өшіреді,
Газ плитасы тұрған бөлмені жиі - жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иесін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды.
Тек үйдің есік - терезелерін ашып, желдету керек.

Өрт шыққан кезде әркім білуге тиісті қауіпсіздік ережелері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет