Орта білім беру деңгейінің 9 – сыныпқа арналған «География» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына
түсінік хат
9-сыныпта Қазақстан географиясы оқытылады, бағдарламада Географиялық зерттеу әдістері. Зерттеу және зерттеушілер. Қазақстандық географтардың зерттеулері, Картография және географиялық деректер базасы, Физикалық география. Литосфера. Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы. Қазақстанның басты орографиялық нысандары. Қазақ оронимдері, Әлеуметтік география. Халық географиясы. Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы, Экономикалық география. Табиғи ресурстар. Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуеті, Елтану және саяси география негіздері. Дүниежүзі елдері. Елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы. Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары. Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси- географиялық жағдайы. Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдер оқытылады.
Білім алушыларды әртүрлі географиялық ақпарат көздерімен, олардың ішінен қажетті ақпаратты табу, оны талдау және түсіндіру, бағалау және қойылған мақсатқа жету үшін қолдану тәрізді жұмыс түрлерін істеуге үйрету маңызды болып табылады.
Негізгі оқу материалы сабақта меңгерілуі тиіс екеніне көңіл аударамыз. Оқылмаған материалды, сонымен қатар географиялық номенклатура нысандарын үйде оқуға тапсыру мүмкін емес.
Үй тапсырмасының басты қызметі – сабақта меңгерілген білім мен біліктерді бекіту болып табылады.
2019-2020 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10-сыныптарда жүзеге асырылады. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.
Критериалды бағалау білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастырудағы оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мақсаты: оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған физикалық, экономикалық, саяси, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
1.функционалдық білім мен білік, жоспарлау дағдылары, талдау мен өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс істеудің қалыптасуы; зерттеушілік, тәжірибе-эксперименттік дағдыларды жетілдіру;
2.бағалау мен қорытынды жасауды тиянақтау; әлемнің заманауи ғылыми- жаратылыстану бейнесінің негізін қалаушы түсініктерді, заңдылықтарды, теориялар мен принциптерді, табиғатты танудың ғылыми әдістері, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерделеу негізінде адамзаттың жаһандық және жергілікті проблемаларын түсін
3.экологиялық мәдениеттің, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлаудың дамуы;
4.патриоттық сезімді, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу;
5.білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану бағыттары бойынша кәсіптік бағдарын жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |