Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.
Дескриптор: -Сабақтың оқу мақсаты және сабақта күтілетін нәтиже мақсатымен танысады;
Жаңа сабақ Тақырып бойынша түсінік беру.
1. Допты алып жүру және әріптесіне беру.
2. Көрсету,түсіндіру
1-тапсырма: - Допты жоғарыдан беру әдіс-тәсілі.
(допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрыс);
- волейбол добын төменнен қабылдау әдісі
(қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір-біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезі);
- допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру;
- допты қайтару әдісі, соғу.
(допты, екі қолды біріктіре отырып, жоғары қаратылған күйде соғу керек)
-тордың алдында біріне доп беріп көтеру арқылы тордан доп соғу,яғни шабуылдау әдістерін үйрету.
- тордың алдында доп көтеру арқылы саусақтың ұштарымен қарсыланың алаңының бос жеріне доп тастау.
- тор алдында 1-2 немесе 3 адамнан қарсыласына тосқауыл қою (блок).
- әріптесі тосқауыл қоюға секіргенде сақтандыру әдістерін жасау.
2-тапсырма. Оқушылар 2 топқа бөлінеді, дене жаттығуының сапасын жақсартуға арналған баламалы ережелер мен құрылымдық әдістер құрады.Өздерінің ойлап тапқан әдістерін флипчартқа түсіреді.
1-әрекет. Допты жоғарыдан беру (қайталау). Жұптар бір-бірлеріне қарама қарсы тұрып тапсырмаларды кезек-кезекпен орындайды:
-допты берудің орындалу үлгісін орындау (имитация) – допты өзінің үстіне жоғары лақтыру, алға қозғала ұстап алу;
-сол жаттығуды қайталау тек ұстау орнына қарсы тұрған серіктесіне жалғап жіберу;
-ешқандай тоқтатусыз серіктеске жалғау;
-жоғарыдағыларды серіктеспен тордың екі жағына орналасудан орындау;
-жоғарыдағылардың барлығын оңға және солға жанмен қозғала отырып қайталау.