Орта білім беру



бет178/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)

Білім беру жүйесіндегі педагог

Күн сайын білім беру үдерісіндегі заманауи педагог рөлі сан қырлы және түрлі образға ие болуда әртүрлі жағдайға сай ол – білім беруші, психолог, тәлімгер, қорғаушы және ұйымдастырушы бола білуі қажет.
Осылайша, оқушыларымыздың дербес өмірге қалай енетіндігі мұғалімге тікелей байланысты. Заманауи педагог бала бойында жан-жақты жүйелі білім, білік пен дағды ғана емес, қазіргі заманға сай білім берудің сапасын анықтайтын басты құзыреттіліктерді – оқушылардың дербес іс-әрекеті мен жеке жауапкершілігін де қалыптастыруы қажет.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі тұлғалық жеке қабілеттерінің үйлесімділігінен, түрлі нысандар мен құралдарға, педагогикалық еңбекке лайық сезімталдық және оқушы тұлғасындағы сапалы бастауларды дамытатын өнімді модельдерді құрастырудан тұрады.
Сыни ойлай алатын мұғалім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығарады.
Білім беру бағдарламаларын құрастыруда және бейімдеуде, сабақтарды өткізу, білімді бағалау мен оқыту үдерісінің басқа да кезеңдерінде және оқушылармен сабақтан тыс қарым-қатынас жасауда әр оқушының денсаулығы, мінез-құлқы мен жас ерекшелігі есепке алынуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі заман оқушыларының барлығына тән ерекшеліктерін де жадыда ұстаған жөн. Ақпараттандыру заманы бала бойында «клиптік ойлау» - заттар мен құбылыстардың мағынасын үстіртін тануды қалыптастырды. Жақсы педагог тәлім
алушыларына оқу материалын терең меңгертумен бірге қоршаған орта шындығын танытып, олардың дүниетанымын кеңейтуді де жүзеге асырады.
Білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қашықтан білім беру формалары да үлкен рөл атқаруда. Педагогтер компьютерлік технологияларды жақсы меңгеріп, бала ықыласын қашықтан, тікелей қарым- қатынассыз өзіне аударта алуы тиіс.



  1. 2021-2022 оқу жылында мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін ұйымдастыру

Мамандандырылған білім беру ұйымының бүгінгі маңызды функциясы – шығармашылық, жобалық, зерттеушілікке бейім, талпынысы мен уәжі өте жоғары балаларды анықтау және қолдау. Жетекші ретінде көпаспектілі білім беру қызметін төмендегідей санаттар айқындайды:

  • қосымша білім беру пәндері бойынша берілетін білім;

  • кәсіптік білім берудің пропедевтикасы;

  • кәсіби өзін-өзі анықтау;

  • баланың танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын оқыту;

  • әлеуметтену.

Мамандандырылған ұйым бірқатар жүйелі міндеттерді шешуді көздейді. Олардың ең бастапқысы – білім алушыға заманауи сапалы білім алуға мүмкіндік жасау. Бұл оның ел дамуының заманауи өмірлік қажеттіліктеріне лайықтылығын білдіреді. Педагогикалық тұрғыда – білімнің межелі қорын ғана меңгеріп қоймай, оның тұлғалық өсуі, танымдық және жасампаздық қабілеттерінің дамуына да бағытталуы.
Білім беру мазмұнын жаңарту мәдениет саласында, шығармашылықта, инновациялық әрекетте мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның қажеттіліктерін өтеуге бағытталған. Бірақ барлық педагогикалық талпыныстардың негізінде білім алушы тұруы қажет, ол білім алу процесінде бейім, сыни көзқарасы қалыптасқан, кеңінен ойлайтын; өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын; өзгермелі өмір жағдайларына бейім; ұжымда жұмыс істей алатын; қиын жағдайлардың алдын алу және туындаған жағдайда шешу қабілеттерін меңгеруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет