Ұлттықтәрбие аясында жаңа оқу жылында білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында цифрлық дәуір ерекшеліктерімен байланыстыра отырып «Дәстүрменғұрып» жобасы іске асырылатын болады.
Әрбір халық өзінің төл мәдениетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын салт- дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауы тиіс. Дәстүр жастарды тәрбиелеуде, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтау қажет. Бұл жағдайда қазақ халқының мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, сондай-ақ ұлттық тағамдарын т.б. зерделеу – өзекті міндеттердің бірі.
Оқушылар мемлекеттік тіл – қазақ тілін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары: мемлекеттік рәміздерін білуі тиіс. Осы негізде конкурстар мен олимпиадаларды тұрақты түрде өткізу; әрбір мектепте мұражай ашу; көрнекті тұлғалармен, даңқты спортшылармен, ғалымдармен,
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының білім алушылармен кездесулерін өткізу; сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерінде мектеп оқушылары үшін өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу өзектілігін жоғалтпайды.
Аталған бағыт шеңберінде: «Менің Отаным – Қазақстан» (балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту, экспедициялар, саяхат, экскурсиялар ұйымдастыру), «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық білімі мен мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты жандандыру, туған өлкенің тарихын, мәдениетін, дәстүрін терең зерттеу) «Табиғатым – тал бесігім» (туған жерге жауапкершілікпен, аялап қарау) жобаларын жүзеге асыруды жалғастыру маңызды.
«Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру үшін академия әзірлеген
«Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының модельдері» әдістемелік ұсынымдары әдістемелік нұсқаулық болады (https://www.nao.kz). Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтардықалыптастыру:отбасы мүшелері арасындағы сыйласымдылық, үлкенді құрметтеу, ананы сыйлау, әкені қадір тұту, отбасы берекесі, отбасылық дәстүрлер, бауырмалдық, туысқандық, денсаулыққа қамқорлық, салт-дәстүр сабақтастығы, сүйіспеншілік.
Отбасында, мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеу – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі. Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері мектептердің тәрбие жұмысында, балалардың бос уақытын ұйымдастыру аясында қосымша білім беруде, мәдени-бұқаралық іс- шараларда, конкурстар мен сынып сағаттарында, ата-аналар жиналыстарында, үйірме жұмыстарында, сондай-ақ еңбек тәрбиесінде, бірлесіп еңбек етуде көрініс табуы тиіс.
Ата-аналар жиналыстарын дәстүрлі емес форматта өткізу: «Кәсіби мамандарды шақыра отырып баспасөз конференциялары», «Ата-аналар сенбіліктері», «Психологиялық тренинг», «Отбасын таныстыру», «Тәжірибе алмасу» және т.б. ұсынылады.
Оқушылар «Ауылдағы 2 апта», «Ата-анамыздың жұмыс орнындағы он күн» жобалары аясында өздерінің жан-жақты дамуы мен шығармашылық әлеуетін жүзеге асыра алады (НЗМ тәжірибесі бойынша).
«Отбасы –мектеп» жобасы отбасының тәрбиелік әлеуетін, білім беру ұйымдарында білім алушылардың ата-аналарымен қарым-қатынасын үйлестіру
және отбасылық тәрбиені жақсарту үшін педагогтердің әлеуетін арттыруға бағытталған.
Ата-аналарға арналған лекториялар, ата-аналар кештерін, Ашық есік күндерін, тренингтер өткізу, «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі»,
«Ана мектебін» құру ұсынылады. Бұл мектептерді құрудың мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру.
Ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен