Орта білім беру



бет1/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

Нұр-Сұлтан 2021


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми- әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды (2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 5 хаттама).


«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2021. – 378 б.
Жинақта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектепалды және 1-11-сыныптарында 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.
Жинақ орта білім беру ұйымдарының басшыларына, педагогтеріне, әдіскерлерге, білім басқармалары мен бөлімдерінің, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен мамандарына арналған.

2
© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2021





Құрметті әріптестер!


Жаңа 2021-2022 оқу жылы қарсаңында Сіздерге Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» дәстүрлі Әдістемелік нұсқау хатты ұсынып отырмыз.
Әдістемелік нұсқау хаттың мазмұны еліміздің педагогикалық сарапшылар қауымдастығымен талқыланды.
Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі екінші жыл пандемия жағдайында өтуде. Шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру өзекті міндетке айналды. Әрбір педагогке шәкірттерінің білімін толықтыру бойынша арнайы жұмысты ойластыру және тиімді жүргізу қажет болып отыр.
Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы. Бұл идея былтырғы тамыз конференциясында айтылған болатын. Бірінші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары табыс етіледі.
Мұғалімнің жүктемесі 18-ден 16 сағатқа азайтылды. Сабақ ұзақтығы 45 минутқа қайтарылды. Білім алушылардың оқу жүктемесі төмендетілді. Білім беру ұйымдарына қысқартылған оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарларын таңдау мүмкіндігі артты. Өткен оқу жылында оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспарларымен жеті жүз мектеп жұмыс жүргізіп, тәжірибе жинақтады. Осылайша мектептердің академиялық таңдау еркіндігі артты.
«Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсын енгізу оқушыларымыздың бойында қазіргі қоғамның талаптарына сай білім мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Биылғы оқу жылында еліміздің мектептері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, ағартушы-ұстазымыз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтеді. Көрнекті педагогтің мұралары мен өсиеттері бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпады.
Күнде таңертеңгісін сабақ басталар алдында мектеп директорының оқушыларды қарсы алатын жақсы дәстүрі ұсынылып отыр.
Ең басты міндеттеріміздің бірі оқушының білім алуы мен дамып- өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау.
Құрметті ұстаздар! Бұл Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 оқу жылында Сіздердің сенімді де ең қажетті көмекші құралдарыңыз болады деп сенеміз.
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



  • Білім алушылардың оқу жүктемесін азайту.

  • 1-сыныптарға «Әліппе», «Ана тілі», «Букварь», «Обучение грамоте»,

«Цифрлық сауаттылық» пәндерін енгізу.

  • Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру.

  • Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру.

  • Жазғы мектеп есебінен оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарту.

  • Міндетті формативті бағалау.

  • Сабақ ұзақтығы – 45 минут.

  • 5-сыныптан 11-сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттіліктер»

таңдау курсын немесе басқа курстарды енгізу.

  • Мектептердің таңдауы бойынша «Музыка» оқу бағдарламасының

шеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 6-сыныпта домбыра тартуды үйрету.

  • Оқытудың әртүрлі форматтарына (дәстүрлі, аралас, қашықтан)

мектептердің дайындығын қамтамасыз ету.

  • Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау.

  • Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу

бағдарламаларын бейімдеу.

психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

  • Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру.

  • «Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп

театры» жобаларын іске асыру.

  • Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын

қалыптастыру (қарым-қатынас, мектеп қоңырауы).

  • Мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқуды ұйымдастыру.

  • Ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.

  • Білім алушылардың дене дамуының мониторингі.

  • Педагогтерді тарифтеу тәртібі бойынша ұсыныстар.

  • Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жетілдіру.

  • Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу.

Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту.

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы


№ 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.
2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:

  • білім алушылардың білімін толықтыру;

  • оқу жүктемесі төмендетілген ҮОЖ-ын жүзеге асыру;

  • қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;

  • цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау.

Әрбір білім беру ұйымының міндеті – білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру.


1. ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІ


2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669;
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424;

  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);

  • «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы;

–«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы;

  • «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы;

  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы (өзгерістермен 2018 жылғы

21 қыркүйектегі № 477 бұйрық);

  • «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығы (өзгерістер мен толықтыруларымен 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №662 бұйрық);

  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы

№ 83 бұйрығы;

  • «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы;

  • «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы

№ 345 бұйрығы;

  • «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы

№ 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 28 тамыздағы
№ 374 бұйрығы;

  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі №125 бұйрығы;

  • «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы;

  • «Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы;

  • «Педагогтік қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығы;

  • «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығы (өзгерістерімен және толықтыруларымен ҚР БҒМ 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрығы);

  • «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 204 қаулысы;

  • «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығы;

  • «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы (өзгерістерімен және толықтыруларымен ҚР БҒМ 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы);

  • «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» (өзгерістерімен және толықтыруларымен ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы);

  • «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығы;


  • МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының www.nao.kz сайтында орналастырылған.

  • Орта білім беру ұйымдарының әкімшілігінде МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының бір данада шығарылған қағаз нұсқасы болуы керек.

  • Педагогтер МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламаларының электронды нұсқасымен жұмыс жүргізе алады.

2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім беру ұйымдарында меншік нысаны мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 27 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген:



  1. 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек;

  2. оқу жылының ұзақтығы: 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы;

  3. оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) сыныптарда:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет